«Хабар» «Біздің «Қаламгер» хикаясын көрсетеді
«Хабар» телеарнасы танымал жазушылар мен олардың шығармашылығы жайлы баяндайтын «Біздің «Қаламгер» атты хикаяны көрсетілімге дайындауда.
Көпбөлімді драманың қоюшы-режиссерлары - Мұрат Бидосов пен Бақыттас Санитас. Сценарий авторы – Сержан Зәкерұлы.
12 бөлімді картинадағы оқиға 1970-1980 ж.ж. өрбиді. Сюжетте қазақ халқының тағдырына алаңдаған қоғам қайраткерлері көрсетіледі. Олар қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау үшін «Қаламгер» атты кішігірім дәмханада бас қосады. Бұл дәмхана – жазушылар шығармашылығы жайлы сөйлесуге мүмкіндік беретін жалғыз орын, олардың арасында кітаптарының шығуына билік тыйым салған Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев та болды.
Жоба кеңесшісі - «Әпке», «Қарғын», «Ертеңгі күту» туындыларының авторы Дулат Исабеков.
«Біздің «Қаламгер» хикаясындағы рөлдерді Ергенбай Әбуев, Досжан Жанботаев, Балтабай Сейітмамытов, Кенен Ақүрпеков, Айдар Аманбай, Бақдәулет Шаймахан сомдайды.
Превью: «Хабар»
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Akmonshak Ahmet
18 қазан 2018, 17:13Сценарий авторлары толық көрсетілмеген екен. Қызық...