Қазақстандық блогерлер қазақ тіліндегі фильмдерді қолдау мақсатында петиция жариялады

«Қазақ тіліне дубляждалған картиналар кинотеатрлардан прайм-тайм уақытында көрсетілуі тиіс», - деп санайды отандық блогерлер және қазақ тіліндегі фильмдерді қолдау мақсатында онлайн-петиция жариялады.
«Біз тәуелсіз Қазақстанның тұрғындарымыз және фильмдерді өзіміз тамашалағымыз келетін тілде көрсеткендерін талап етуге құқығымыз бар. Мысалы, «Ральф ғаламторға қарсы» мультфильмін қазақ тілінде 17 киносеанстың арасында бір-ақ рет және адамдарға қолайсыз уақытта көрсетеді», - деді петицияны бастаған блогер Бэлла Орынбетова.

Мүмкін көрермендердің өздері картиналарды орыс тілінде көруді қалайтын шығар және кинотеатрлар солардың сұранысын қанағаттандыратын шығар деген сауалға Бэлла былай жауап берді:
«Жоқ, мен олай ойламаймын. Менің қазақ тілді достарым, әріптестерім өте көп. Жақында өзім балаларымды мультфильмге апарғым келді, бірақ ол қазақ тілінде болмай шықты, сондықтан жоспарымыз жүзеге аспады. Адамдар оған барады, бірақ кинотеатрлар оларды прайм-таймда қоймағандықтан, көпшілігі бар киноны көруге мәжбүр».
Петиция 6000-нан аса қол жинап үлгерді. Егер сіз де осы мәселеге бей-жай қарамасаңыз, сайттағы сауалнаманы толтыруыңызға болады.
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін