Музыка және көңіл көтеру немесе «Көңілді балақай» бізге не туралы баяндайды екен
Эдгар Райттың «Көңілді балақай» жаңа атыс-шабыс фильмінің тұсаукесері 24 тамызда болады.
Картинадағы басты рөлдерді Энсел Элгорт, Кевин Спейси, Лили Джеймс, Джон Бернтал, Эйса Гонсалес, сондай-ақ, Джон Хэмм мен Джейми Фокс сомдады.
Жанрға қарамастан фильм әуенге толы, картинада 30 музыкалық композия шырқалады.
Негізгі сюжеті бойынша Док (Кевин Спейси) атты мафияның ерекше тобы банкті тонайды. Оның құрамында барлығын жылдам жүргізетін Балақай (Энсел Элгорт), брокер Бадди (Джон Хэмм), оның заңға бағынбайтын құрбысы Дарлинг (Эйса Гонсалес) және Балақайға сенбейтін мерген (Джейми Фокс) бар. Олардың басты тапсырмасы - күндіз қылмыс жасау, олардың қолынан барлығы келеді, дегенмен Балақай дұрыс немесе бұрыс жасап жатқаны туралы ойлана бастайды.
Авторлар тонауға қатысты үш көріністі түсіру үшін 25 банк тонаушылармен сұхбаттасқан, ал басты техникалық кеңесшісі Джо Лойа болды, ол банкті қалай дұрыс тонау туралы кітап жазған еді.
Фильмнің Қазақстан аумағындағы ресми таратушысы «Меломан-Кинопрокат» компаниясы болып табылады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін