«Қара Ілбісін» фильмінің жаңа трейлері
Желіде «Қара Ілбісін» суперкейіпкері туралы фильмнің жаңа ролигі пайда болды.
Фильмдегі оқиға шалғайдағы жұмбаққа толы Ваканд елінде болған, бұл елде вибраниум металлы көп алынған, тіпті Америка капитанының қалқаны да осы металлдан жасалған. Аталмыш ел көп уақыт бойы тәуелсіз болып келді, ғажап металлды өндіруге қатысты түрлі ғалымдармен құпия түрде серіктестік орнатты, оны медицинада, көлік жөндеуде және қару-жараққа тиімді пайдалана білді.
Бірақ, қазіргі кезде патша қайтыс болған, басқару билігі оның ұлы Т’Чалланың (Чедвик Боузман) қолына тиді, оны көпшілігі Қара Ілбісін суперкейіпкері ретінде біледі.
Жас патша қиын тапсырманы шешуі тиіс: Кек алушыларға көмектесіп, елін кенеттен келген жаудан қорғауы қажет.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
6 қараша 2017, 13:42о будет эффекты на высшем уровне