«Оралман из Питера» фильмінің экранға шығатын уақыты белгілі болды
Желіде «Оралман из Питера» комедиясының трейлері жарияланды. Комедия үлкен экранға 12 сәуірден бастап шығады. Комедия – продюсер Арман Дүйсенов пен режиссер Ален Ниязбековтың («Каникулы в Таиланде») үлкен кинодағы дебюті.
«Оралман из Питера» фильмінің басты кейіпкерлері -Jingle музыкалық тобының мүшелері, олар үлкен сахнаға шығып, жанкүйерлерінің көп болуын армандайды. Алайда арманға қол жеткізу оңай емес екен: кейіпкерлерді күлкілі оқиғалар мен реніш және шынай махаббат күтіп тұр. Жаңа авантюралық комедия - бұл арман мен жігер жайлы оқиға.
Фильмде көрермен белгілі актерлер: Динара Бақтыбаева, Дәурен Айдарқұлов, Дина Тасбулатова, Асан Мәжит, Қуандық Шәкіржанов, Ерік Жолжақсыновты, сондай-ақ отандық орындаушылар: Еркеш Шәкеев, Әнел Әрінова, Айқын Төлепберген, Луина, «Жігіттер» квартетін көре алады.
Фильмнің түсірілімі Алматыда 2016 жылдың мамыр және шілде айлары аралығында өтті.
2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Askhat
14 наурыз 2017, 12:09Этот фильм вроде еще в прошлом году должен был выходить
Махаббат Ешкаева
14 наурыз 2017, 20:37Если выпускается позже, значит ожидаем качественного и достойного фильма в казахстанской киноленте