Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек
Крыжовниковтың айтуынша, кинолентаның сюжеті әскери құпия тапсырманы орындау кезінде екі аяғынан айырылған мүгедек пен Волга өзенінің аралына демалуға келген тинэйджерлер тобының айналасында өрбиді. Аяғы жоқ жігіт қылжақтап жүрген бұзақы жас балаларды тәртіпке салады.
«Самый лучший день» және «Горько!» секілді фильмдерді түсірген маманның айтуынша, картинананың түсірілімі кәсіби емес, телефонның камерасымен жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, сондай-ақ Бекмамбетов «Бен-Гур» тарихи фильміне продюсерлік етеді. Тимур Бекмамбетов продсерлік ететін, әлі аяқталмаған жобалардың ішінде «Особо опасен 2», «Ёлки лохматые 2», «Время первых» фильмдері бар. Желіге онлайн режимде «Базелевс» кинокомпаниясы субсидиялық ететін «На экране» атты дәстүрлі емес реалити-шоуы шығарылды.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін