È

«Іңкәр жүрек 2» сериалының трейлері

 «Іңкәр жүрек 2» сериалының трейлері

Желіде «Іңкәр жүрек 2» сериалының трейлері пайда болды. Телефильмнің екінші маусымында көрерменді жаңа кейіпкерлер, шытырман оқиға, күтпеген жағдайлар күтіп тұр.

«Іңкәр жүрек» сериалы - бұл өте нәзік, өзіне өзі сенімсіз кәсіпкер әйелдің оқиғасы. Сәуленің өз кәсібі дөңгелеп жүре бастағанан кейін ол өз отбасынан, жолдасы мен қызынан алыстай бастағанын өзі де байқамай қалды. екінші баланың дүниеге келуі оның өміріне өзгеріс әкелді. Кейіпкердің ендігі мақсаты - отбасының беріктігін нығайту, бірақ оның бұрынғы жаулары да қарап қалмайды. Сәуле өзінің отбасында тыныш, бақытты өмір сүре ала ма әле оған әйел бақытынан бас тартуға тура келе ме, мұны жақында «Қазақстан» арнасынан көре аласыздар.

Басты кейіпкерді актриса Гүлшарат Жұбаева ойнайды, ол Ермек Тұрсыновтың «Келін» және Еркін Рақышевтің «М-Агент» фильмдері арқылы белгілі. Жаңа маусымда көрермен Байғали Есеналиевті, Томирис Жанғазинованы, Марат Сәрсенбаевты, Жанат Тыныбаевтыа және басқаларды көре алады.

Жалғасын түсірген режиссер Валерий Задарновский кіші. Екінші режиссер Гүлбаршын Әбуева, оператор - Данияр Бахтияров, дыбыс режиссеры - Андрей Власов.

«Іңкәр жүрек 2» түсірілімі Алматыда 2016 жылдың маусым айының басында өтті.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер