È

Нағыз еркектерге арналған 10 фильм

Нағыз еркектерге арналған 10 фильм

Ең алдымен, неге еркектерге арналғанын түсіндірейік – бұл тізім әйелдер, спорт, жарыс, саясат туралы емес (дегенмен олар да арасында жылт етіп тұрады). Бұл ер азаматтар ойнайтын еркектерге арналған фильм. Оның үстіне, қарапайым ғана емес, «әлем бойынша үздік күйеу атанғандар». Яғни, кинематография тарихында ер азаматқа тән мықтылықтың, ар мен абыройдың, серіліктің, мәрттіктің үлгісі ретінде ұсынылған кейіпкерлер. Кез-келген ер азамат осы мінсіз кейіпкерлерге ұқсап, елдің қай түкпірінде болмасын, мейлі ол Италияда, Қазақстанда немесе Солтүстік полюсте тұрса да, 15 жаста немесе 90 жаста болса да еркек деген атауға лайықты болуы тиіс. Бір жағынан еркектер туралы бұл фильмді әйелдерге арналған деуге болады. Нәзік жанды арулар кімнен үлгі алып, өз жарларын немесе жігіттерін кімдермен салыстыру керектігін білуге бағытталған. Қысқаша айтқанда, бізге және әйелдерге ер азаматтың қандай болу керектігін түсіндіретін картиналар жиынтығы.

Бірден мыналарды айтып кетейін: тізім нөмірленбеген, орындарға бөлінген жоқ, өйткені ол мұны қажет етпейді. Әр картинаның өзіндік ерекшелігі мен маңызы бар. Фильмдер хронология арқылы, жарыққа шыққан жылы бойынша көрсетіледі. Біз «Кіндік әке», «Жауынгерлер клубы», «Құтырған иттер» фильмдері секілді танымал үлгілерді тізімге енгізбедік. Оның орнына, нағыз ер азаматты, интеллигенттерді, қызықты әрі дарынды жеке тұлғаларды бейнелейтін кейіпкерлері бар фильмдерді алуға тырыстық.

 

 

«Касабланка»

Режиссері: Майкл Кертиц

Жылы: 1943

Мемлекеті: АҚШ

«Касабланка» әлемдік кинематографтың қайталанбас классикасы, бұл фильмнен біздің тізім ғана емес, 20-ғасырдың үздік фильмдері, үздік романтикалық фильмдер, соғыс туралы үздік фильмдер тізімдері де басталады. Фильмдегі көптеген әйелдердің жүрегін жаулап алған романтикалық-пессимист, ұстамды Хамфри Богарттың образы ұзақ уақытқа есте қалатыны анық. Басты кейіпкер Рик америкалықтар үшін Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қайсарлық пен батырлықтың символына айналып үлгерді.

 

«Жеті самурай»

Режиссері: Акира Куросава

Жылы: 1954

Мемлекеті: Жапония

Өмір мен өлім және әлемдегі басқа да құндылықтар туралы ұлы жапонның ұлы фильмі. Ол түрлі әдістермен нағыз ер азаматқа тән бейнені көрсетеді. Жеті самурай, жеті еркек, жеті түрлі мінез бен көзқарас және құндылық. Кейіпкер Тосиро Мифунэ біреулер үшін тым бұзық, шолжаң, жеңілтек болса, ал біреулерге тәуекелге бел буып қиындықтарға аттанатын қайтпас қайсар болып көрінеді.

 

 

«Шытырман оқиға»

Режиссері: Микеланджело Антониони

Жылы: 1959

Мемлекеті: Италия-Франция

Антонионидің «Шытырман оқиға» атты керемет картинадағы ерекше оқиғасы бір қарағанда нағыз ер азаматтарға арналған фильмдерге ұқсамайды. Өйткені, фильм кейіпкері Марчелло Мастроянниды қайсарлы, жігерлі деп айтуға болмайды, ол керісінше нәзік, жүрегі жұмсақ және кино соңында көзіне жас алады (неліктен екені белгісіз). Бірақ, ер азаматтар тек денелі болып, кез-келген уақытта мықтылығын дәлелдеп журу керек деген сөз емес қой, олардың да жүрегі жұмсақ, әлсіз болатын кездері болады. Бұл кейбір әйелдердің ер азаматтың жақсы қасиеті деп санайтын күмәндану, ұзақ ойлану секілді құндылықтары туралы фильм.

 

 

«Энни Холл»

Режиссері: Вуди Аллен

Жылы: 1977

Мемлекеті: АҚШ

Басты рөлді өзі сомдайтын Вуди Алленнің мансабындағы ең танымал («Манхэттенмен» қатар) картинасы нағыз еркектерге тән үлгіні көрсете алады деп ойламаймыз. Ол фильмде жылаңқы, қызғаншақ болып ойнайды. Бірақ, ол да Мастрояннидің кейіпкері секілді фильм арқылы нағыз интеллигентті көрсетеді, ол кейде көмекке келмеуі мүмкін, бірақ қиын шақтарда бар сырын ашады. Ол кез-келген әңгімеге кірісіп, керемет сұхбаттасушы бола алады. Ол әзілге жақын қызықты еркек, онымен ешқашан ішің пыспайды.

 

 

«Транссібір экспрессі»

Режиссері: Эльдор Уразбаев

Жылы: 1978

Мемлекет: КСРО

Өзіміздің кейіпкерлер туралы да ұмытпайық. Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның нағыз азаматы, жігіттіктің символы актерлік ойындардың мэтрі, КСРО Халық әртісі, өз заманындағы отандық режиссерлардың сүйіктісі, біздің әйгілі Асанәлі Әшімов ағамыздың болғаны анық. Қазірдің өзінде жасы 80-ге таяп қалса да қалыпты формасын сақтай отырып, киноларда ойнап жүр (әсіресе, ақылды ақсақалдардың рөлінде). «Транссібір экспрессі», «Атаманның ақыры», «Қыз-Жібек» – әйгілі ағамыздың қатысуындағы бұл фильмдер Қазақстан кинематографының алтын қорына енді. Аталмыш картиналар арқылы Асанәлі Әшімов нағыз ер азаматқа тән бейнені қалыптастырып кетті.

«Құтырған бұқа»

Режиссері: Мартин Скорсезе

Жылы: 1980

Мемлекеті: АҚШ

Кино тарихында барлық ауыртпашылықты, қиындықтарды, тағдыр соққысын жеңген боксердің ауыр тағдыры туралы, бокс жайлы туындылар жетерлік. Солардың кейбіреуі, мысалы «Рокки» сияқтылары айтарлықтай керемет табысқа жетті. Бірақ, шынайы, нағыз үлгі болатын бокс туралы (нағыз ер азамат жайлы) фильм – басты рөлдегі Робертом де Ниромен Мартина Скорсезенің «Құтырған бұқа» картинасы. Осы туынды арқылы кейіпкердің жеңіске деген ұмтылысын, қорқыныш пен қайсарлықты, жалпы, ер азаматқа тән мықтылықты көре аламыз.

 

 

«Өткір жүзбен жүгіруші»

Режиссері: Ридли Скотт

Жылы: 1982

Мемлекеті: АҚШ, Ұлыбритания

Ридли Скоттың «Өткір жүзбен жүгіруші» атты белгілі фильмі Харрисон Фордты мәңгілікке танытты деуге болады. Дегенмен, картина біраз уақыт бойы қуғынға ұшырап, айналымнан өтпей қалған. Бірақ, тарих барлығын реттеп, өз орнына қойды. Фордтың кейіпкері Рик Декард мықты тыңшылардың, интеллектуалды әрі ерекше дарынды батырлардың санын көбейтті. Оның образы арқылы Рефннің «Драйв» картинасындағы Райан Гослингтің батыры пайда болды. Жалпы, фильмнің әсері аз емес.

«Шиндлердің тізімі»

Режиссері: Стивен Спилберг

Жылы: 1993

Мемлекеті: АҚШ

Лиам Нисон кейіпкері Оскар Шиндлер тамаша талғамы бар, ақсүйектік тәрбиеге ие нағыз джентльмен ғана емес, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында көптеген еврейлердің өмірін сақтап қалған мықты адам. Қайсарлық пен адалдықтың, ұяттың символы.

 

 

«Өмір тамаша»

Режиссері: Роберто Бениньи

Жылы: 1997

Мемлекеті: Италия

Роберто Бениньи өзі басты рөлде ойнайтын фильмінде ұлына үлгі болатын, кез-келген қиындықтардан шығып кете алатын қайсар, мықты, көңілді нағыз Әкенің бейнесін көрсетті. Бұл трагикомедияны көріп отырып, көзіңе жас келеді. Көңілсіз көріністер мен кейіпкерді соңында өлім күтіп тұрғанын білу өте ауыр. Өмірмен, адамдармен, соғыспен ойын. Бірақ, фильм бізді бір ғана нәрсеге үйретеді – соғысқа, өлімге, қайғыға, жалпы, ештеңеге қарамастан өмір тамаша!

 

 

«Махаббат көңіл-күйі»

Режиссері: Вонг Кар-Вай

Жылы: 2000

Мемлекеті: Франция, Гонконг

Кездесу мен қоштасу, махаббат оқиғасы, мыңжылдықтың басындағы нағыз шедевр - Кар-Вайдың «Махаббат көңіл-күйі» ғасырларға арнап түсірілген. Фильмнің орта тап өкілдерінен құралған басты кейіпкерлері (шығыс мәнеріндегі джентльмен, орта жастағы интеллигент еркек, Чоу Мо Ван және Су Ли Жен сұлу) секілді, картина желдің әсерінен қимылдап тұрған кішкентай қытай гүлі сияқты көркем әрі нәзік. Көпсөзділік жоқ, әрекеттер жылдам өтіп жатады, кішкентай пәтерлер, 60-жылдардағы Гонконгтың құмарлыққа толы қайталанбас жағдайы – барлығы араласып, киноны ерекше сиқырлы етіп көрсетеді. Чоу Мо Ванның әдемі таралған шашы мен стильді костюмі – талғампаздықтың, ақыл мен терең сезімдердің көрінісі. Осымен, 20-ғасыр киносындағы нағыз ер азаматтарға тән қасиеттерді бейнелейтін фильмдер тізімі аяқталды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса