È

Ниндзя туралы 10 фильм

Ниндзя туралы 10 фильм

Ниндзюцу – тарихы сонау Жапониядан бастау алған жауынгерлік өнер. Алғашқы ниндзялар Х ғасырда пайда болған, сол кезден бастап өздерін тамаша жауынгер ретінде көрсете бастады. Әр кезеңдердегі кино жасаушылар өз жұмыстарында құпия жауынгерлерді көрсеткенді ұнататын. «ЛЕГО Ниндзяго Фильм» кинотаспасының шығуының алдында «Бродвей» кинопорталы ниндзялар туралы үздік картиналарды еске түсіріп көрді.


«Ниндзя»

Бұл Кога ниндзясы қауымын көптеген ғасырлар бойы күзетіп келе жатқан көне артефакттар туралы хикая. Басты кейіпкер Кейси кезінде қауымнан қуылған Масазукидің құнды дүниелерін қорғауға қатысты ұлы міндетін атқарып жүреді.

 

«Ниндзя тасбақалар»

Үнемі көңілді болып, пицца жеп жүретін бұл төрт тасбақаны білмейтін адам кемде-кем. Жігіттер бала күндерінде жұмбақ мутагеннің әсерінен адам тәріздес жаратылысқа айналып кетеді. Басты кейіпкерлер ниндзюцу көне өнерін үйреніп алады. Ендігі кезекте топ мүшелері сенімді көмекшілерімен бірге Нью-Йоркты қылмыскерлерден тазартуға кіріседі.

 

«Ниндзя тасбақалар 2»

Сиквел тасбақалар хикаясын баяндауды жалғастырады. Бұл жолы кейіпкерлер ғаламшарлық Крэнгпен жолығысып қалады. Жаңа жауыз Шредермен бірігеді. Екеуі Нью-Йорктың бүкіл тұрғынын қорқынышты мутанттарға айналдыруды көздейді. Басты кейіпкерлер қайтадан қаланы қорғауға кіріседі.

 

«Американдық ниндзя»

Картинаның басты кейіпкері Джо Армстронг АҚШ әскері филиппиндік жасағының қатардағы қарапайым жауынгері. Құпиялы қару-жарақты жөнелтуге қатысты әскери тапсырманы орындап жүрген әскерлерге қара киімді адамдар шабуыл жасайды. Кейіпкер ниндзя әдістерін қолдана отырып, қарақшылармен күреседі. Бұл туралы жасақтың командиры біліп қояды да, Армстронгтың жұмбақ қауыммен байланысы бар деп ойлайды.

 

«Беверли Хиллзден келген ниндзя»

Ниндзюцу шебері кенеттен жұмбақ орманнан бір сәбиді тауып алады. Ұстаз тастанды баланы шайқасудың барлық әдіс-тәсілдеріне үйретеді. Ер жеткен бала толық әрі жалқау болғанымен, өз міндетін орындап, Голливуд аруын құтқаруы тиіс.

 

«Қанішер ниндзя»

Жапон әлемінде ниндзя ең қатігез жауынгерлер болып есептеледі. Озуну қауымының ең тәжірибелі ниндзясы - Рейзо. Жігіт өз ұйымдарының ішінен біреудің жақын адамын өлтіргеніне көндіге алмайды. Сондықтан, кейіпкер қауымнан шығып кетеді. Ал қауымның ережесіне сәйкес, шыққан адамды өлім күтеді.

 

«Басбұзар»​

Мэтт Мердок бала күнінде қауіпті химикаттардың әсерінен соқыр болып қалған. Басты кейіпкердің орнында басқа біреу болса, баяғыда салы суға кетер ме еді? Бірақ, Мэтт ондай емес. Ол күндіз - қарапайым адвокат, ал түнде Басбұзар атты суперкейіпкерге айналады. Оның мақсаты – әділеттілік орнату.

 

«Ниндзяның күші»

Террористер белді жапон отбасының АҚШ бойынша саяхаттап жүрген қызын алып қашып кетеді. Штат билігі бар жұмысын тастап, қылмыскерлерді іздеуге кіріседі, бірақ соңы нәтижесіз болады. Сол кезде ниндзюцу көне өнерін меңгерген жалғыз жауынгер бойжеткенді тауып әкелуге уәде береді.

 

«Қызыл көлеңке»

XVI ғасыр, күншығыс елінің азаматтық соғыс салдарынан әбден тозығы жеткен. Шайқасып жатқан екі жақ бір-бірін жеңе алмай келеді. Қарсыластар шайқасты бір жақты қылу үшін ниндзяның ең қауіпті жауынгерлерін жібереді. Жақтаушылар биліктің кез-келген тапсырмасын орындауға дайын болады. Бірақ, Қызыл Көлеңке есімді жас ниндзя орын алған жағдайлармен келіспейді.

 

«ЛЕГО Ниндзяго Фильм»

Анимациялық фильмдегі оқиға Ниндзяго-ситиде болған, бұл қалаға Ллойд тобымен бірге келеді. Жігіттер Ву шебердің қолдауымен жауыз Гармадонды жеңуге тырысады. Хикая балалармен қатар, ересектерге де ұнауы тиіс.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер