È

2017 жылғы ең сәтсіз 10 фильм

2017 жылғы ең сәтсіз 10 фильм

Жыл сайын айналымға түрлі фильмдер шығып отырады. Кейбіреуін ұзақ жылдар бойы есте сақтап, қайталап көретін болса, енді бірі классикаға айналып, қуаныш сыйлап жатады. Дегенмен, кинематографтың басқа да қыры бар, сондықтан 2017 жылы сәтсіз шыққан, көрермендер мен сыншылардың төмен бағасына ие болған туындыларға тоқтала кетейік.


10. «Валериан және мың ғаламшар шаһары»

Әйгілі «Кәсіби маман» және «Бесінші элемент» фильмдерін жарыққа шығарған Люк Бессонның сезімі мен талғамы бұл жолы алдағандай болды. Режиссер DC мен Marvel баяғыда-ақ жырлап қойған жерде 137 минут бойы тұрақтап қалады. Комикстер негізінде ғылыми-фантастикалық қиялды ойлап табу – жүріп бара жатқан пойызды қуып жетуге тырысқан шебердің құрметке лайықты идеясы. Бессон уақытты сезінуді қойды, тек әнші Рианнаның әні ғана ұзақ уақытқа есте қалады.

 

9. «Әділдік одағы»

Жылдың ең сәтсіз жобасы. Джосс Уидон режиссерлік орында қалған кезде басқаша болар ма еді деп те ойлайсың. «Әділдік одағы» туралы жаңалықтар бірнеше ай бойы поп-мәдениет жаңалықтарында талқыланды. Ақыры аяқталған фильм үлкен келісімге айналды, оған Warner Bros. продюсерлері үнемі араласып, Зак Снайдер франшизасына ерекше көзқарас және Уидонның танымдық зерттеуі ретінде қарастырды.

 

8. «Біз Сандықтаудан боламыз»

Лариса Шестакованың комедиялық таспасын отандық жобалардың ішінде өзіндік бағытқа ие фильмдердің бірі деп атауға болады. Барлығы дәстүр бойынша түсірілген сияқты, бірақ қала мен ауыл өміріне және күйеу жігіттерге қатысты әзілдерге қашанға дейін күле беруге болады? Жедім, жеп отырмын және жей беремін – осы таспаның ресми емес ұраны ретінде жарайтын секілді. Сондықтан, көрермен мұндай комедияларды көре отырып, демалмайды, әзілдерге күле қоймайды, керісінше жүйкесіне кері әсерін тигізеді.

 

7. «Мумия»

Том Круз осындай төмен деңгейлі рөлдерді сомдай отырып, мансабын құртып жатыр-ау. Universal-дың Түнек Әлемі «Мумияның» арқасында басталмай жатып тоқтап қалды ғой, сондықтан оның болашағы сұраққа толы. Режиссер Алекс Куртцман көрермендерге экранға шықпай жатып өліп қалған, айналымда сәтсіз болған блокбастерді ұсынды. Бірақ, 3000 жылдан соң өлілер әлемінен оралған алжирлік актриса София Бутелланың есімі көрермен есінде ұзаққа сақталып қалатыны анық.

 

6. «Малибу құтқарушылары»

Дуэйн «Жартас» Джонсонның тартымдылығы сағыныш басқан көрермендерді 90-жылдарға апара алмады. Ешқандай фирмалық күш пен жігер фильмді көрерменнің сынынан құтқармады. Былтырғы жылы «Малибу құтқарушылары» мағынасыз, арзан әзілдің қандай жағдайда өтпейтінін мысал ретінде көрсеткен еді. Әңгіме негізгі хикаяның қызықты болғандығында емес. Фильм трейлерде көрсетілгендей керемет емес, ал Джонсонның дене бітімі – адамзатты құтқарудың үлгісі емес.

 

5. «Соңғы қалыңдық»

Берік Ошақбаевтың таспасы триллер болып есептеледі, бірақ кинода бұл жанрдың ізі де жоқ. Кейіпкерлерді уайымға салатын қысым да, ырғақ та, жылдамдық та, монтаж да жоқ. Алайда, кадрда көптеген ірі пландар бар, олардың мазмұны алғашқы 10 минуттан-ақ белгілі. Басты кейіпкерді қылмысқа итермелеген психологиялық сарын кәсіби еместерге де түсінікті, бірақ соны көрермендерге дәлелдеу үшін бір сағат уақыт кетті.

4. «Геодауыл»

Джерард Батлер түсірілімге жиіркенішті материалдарды табу дарынын тағы да көрсетті. Бұл жолы Батлер бірнеше жыл бойы сөреде шаң басып жатқан апаттық фильмді тауып алды. Адамдарды жаһандық метеорлық апттан қалай құтқару керектігін өзі ғана біледі. Ал сценарист ретінде «Тәуелсіздік күнімен» айналысқан Дин Девлин климаттың өзгеруі мен цунами жасауды жақсы біледі.

 

3. «Қара мұнара»

Көрермендер ұзақ жылдар бойы Стивен Кингтің бірнеше кітабынан осы аңыздың экрандауын күткен еді. Нәтижесінде, фильмге ештеңе көрсетіп үлгермеген 95 минуттық уақыт жұмсалды. Әдеби туынды жеке атыс-шабыс фильмі сияқты көрінді. Бірақ, Идрис Эльба мен Мэттью МакКонахи кейіпкерлері осындай нашар кинода да қызықты. Бастапқыда үлкен үміт күттірген туынды продюсерлердің сынынан кейін сәтсіз болды.

 

2. «Трансформерлер: Соңғы жауынгер»

Майкл Бэйдің режиссерлік мансабы құрдымға кетіп барады. Еркектерге арналған ойыншықтар эпопеясының бесінші бөлімі роботтар туралы франшизаны сөзсіз үздік қылды. Дегенмен, «Соңғы жауынгерді» адамдар емес, картинаның өзі режиссерлік еткен сыңайлы. Шығармашылық шарасыздықтың, сюжеттегі шалағайлықтың және ақылсыздықтың чемпионы айналымда сәтсіз болатынынан хабар берді. Марк Уолберг бұл фильмнің жалғасына енді ешқашан оралмайтынын айтты.

 

1. «Елу реңкке қошқылдау»

Мінеки, дәмсіз торттың шиесі. Ұрсуға да, мақтануға да болмайтын туынды. Анастейша Стил мен оған ғашық миллиардер Кристиан Грейдің эротикалық қарым-қатынасының екінші бөлімі. Армандарды орындайтын фильм 25+ әйелдер аудиториясына арналған. Эротикаға тоқталып, гендерлік тұрақсыздықты қосып көріңіздер, бірақ артық кетпеңіздер.

 

Сергей Бутаков

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса