È

Кеңес заманындағы белгілі 10 кинотеатр

Кеңес заманындағы белгілі 10 кинотеатр

Кеңес кезінде барлық елдерде көптеген кинотеатрлар салынған болатын. Кино адам өмірінің ең маңызды бөлшегіне айналып, қиын-қыстау кезеңдерден демалуға көмектескен-ді. Қазір көптеген кинотеатрлар бұзылып, басқа ғимараттарға айналған. Біз бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп тұрған кеңестік 10 кинозалды қарастырып көрдік.


«Октябрь» Беларусь, Минск

«Октябрьдің» тарихы 1975 жылдан бастау алады, ол күні бүгінге дейін табысты болуда. Кезінде бұл жекеленген жобамен салынған заманауи кинотеатр болатын, ол «Зорка» деп аталатын ескі, ағаш кинозалдың орнына салынған. Көне әрі кішкентай ғимарат Минск тұрғындарының сұранысына сай болмады әрі жаңа Минсктің көркін бұзып тұрғандай еді. Жаңа, биік «Октябрь» өз орнын Ленин алаңынан тапты. Кинотеатр сол кезде керемет еді: арнайы акустикалық қабырға, ерекше жабылған қабырғалар, дыбыс құрылғысына арналған алғашқы тәжірибелік аппарат. Сол кзеде де, қазір де «Октябрьдің» залы Минсктегі ең үлкен зал болып табылады – кезінде 1388 орын болған. 2012 жылдың 8 наурызында «Октябрь» жөндеуден өткізіліп, қайта ашылды. Орындықтары жаңаланып, орындар саны 1180-ге қысқарды.

 

«Манас» Қырғызстан, Бішкек

«Манас» кинотеатры қырғыз эпосының басты кейіпкері, өз елін біріктірген батырдың құрметіне аталған. 1966 жылы ашылған бұл жер КСРО-дағы ең үлкен кең форматты кинотеатр болған, көрермен залы 740 адамға арналған еді. Кеңес одағы ыдыраған соң, «Манас» бұрынғы көркінен айырылып, 15 жыл бойы жөндеуден өткізілмеді. Бірақ, 2010 жылы көне ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді. Қазір футбол алаңының жартысындай экраны бар, оған үлкен кит сыйып кететіндей. Бүгінгі «Манас» жаңа техникалық дүниелермен жабдықталған, 80 пайыз отандық киноөнімдерді көрсететін заманауи кинотеатр болып табылады.

 

«Арман» Қазақстан, Алматы

Алматылық «Арман» 1968 жылы салынған, бастапқыда екі залы ғана: 450 орыны бар «Көк» және 550 орынды «Қызыл» залы болған. Кеңес өкіметі құлаған соң, алматылықтар үшін бұл кинотеатр бірнеше рет жөндеуден өткізілген жер ретінде есте қалды. 2000 жылы «Арман» қайта өңделіп, мерекелік шараларды, би кештерін ұйымдастыруға арналды. Жөндеуден соң кинотеатрдан өсімдіктері бар ішкі алаңқай мен бойжеткеннің мүсіні жоғалып кетеді, ал шатырдан темір тор алынып тасталды. 2009 жылы екінші қабаттан қосымша екі зал: «Жасыл» мен «Сарғылт» залдары ашылды, әрқайсысында 104 орыннан бар. Сондай-ақ, «Арман» жергілікті қала құрылысы мен сәулеттің ескерткіші болып табылады. Бірақ, 2015 жылы ғимараттың жартысына Burger King дәмханасының салынуына ешкім кедергі болмады. Әрине, көптеген жылдардан соң кинотеатр өз-өзіне ұқсамайды, бірақ өз міндетін – кино көрсету қызметін жақсы атқарып келеді.

 

«Мәскеу» Армения, Ереван

«Мәскеу» кеңес кезінде салынған Армениядағы ең ескі кинотеатрлардың бірі. Ол 1936 жылы 12 желтоқсанда әулие Павел мен Петрдің бұзылған шіркеуінің орнына салынған. Ашылған күні ең алдымен «Пепо» атты алғашқы армяндық дыбыстық фильм көрсетілді. Кинотеатр бірнеше рет жөнделді, қазір 4 залы: үлкен «Қызыл», кіші «Көк», VIP зал және жазғы ашық залы бар, бірақ қазір жазғы залы жұмыс істемейді. Осы жерде 1978 жылы 11-ші Бүкілодақтық фестиваль өткен, ал 2004 жылдан бері «Алтын өрік» халықаралық кинофестивалі өткізіліп келеді. Кинотеатрдың кіре берісінде Амо Бекназаров, Сергей Параджанов, Анри Верней және Рубен Мамулян есімдері жазылған «Жұлдыздар аллеясы» бар.

 

«Ресей» Ресей, Мәскеу

«Ресей» кинотеатры бес жыл салынып, 1961 жылы шілдеде 2-ші Халықаралық Мәскеу фестивалі қарсаңында ашылды. 2500 адамға арналған көрермен залы Мәскеудегі ең ірі зал болды, сондықтан ең маңызды шаралар осы жерде өткізілетін болды. Кинокөрсетілімдерге сұраныс азайған соң, қайта құру кезеңінде ғимараттың жартысы ойынханаға айналды. 1997 жылы кинотеатр ғимаратын «Каро Фильм» компаниясы жалға алып, жөндеуден соң «Ресейді» «Пушкинский» деген жаңа атпен қайта іске қосады. Тағы 10 жылдан соң «Каро Фильм» кинотеатрды Мәскеу билігінен сатып алып, жаңа кинотаспаларды көрсетеді. 2012 жылы компания ғимаратты Stage Entertainment халықаралық компаниясына жалға береді, олар алаңқайды мюзикл қойылымдарына арнайды. Алты миллион доллар, кеңейтілген жөндеу, сахнаны қайта құру, «Ресей» тарихи есімнің қайта оралуы – 2012 жылы қазанда бұрынғы кинотеатр музыкалық театрға айналды.

 

«Достық» Ресей, Санкт-Петербург

Ең көне балалар кинотеатрының бірі - Санкт-Петербургта орналасқан «Достық» кинотеатры. Ол 1956 жылы ашылған, қазір де репертуарында ең үздік мультипликациялық және балалар фильмдері бар. 2009 жылы желтоқсанда кинозалдарға күрделі жөндеу жүргізіледі, заманауи проекциялық және жарық құрылғылары, сонымен қатар екі метрі және бес метрлі екі үлкен экран орнатылады. Бүгінгі таңда «Достық» кинотеатр ғана емес, сонымен қатар жеке және корпоративті шараларды өткізуге арналған алаңқай. Сондай-ақ, бұл жерде авторлық, ойнамалы және деректі кинофестивальдері жиі болып тұрады.

 

«Наири» Армения, Ереван

«Наири» – Еревандағы ең көне кинотеатр. Оның тарихы 1920 жылдан бастау алады, ол кезде МИД ғимаратында орналасқан еді. 1953 жылы кинотеатр Маштоц даңғылының бұрышындағы ғимаратқа ауыстырылды. «Наири» еревандықтардың ең сүйікті орындарының бірі болды. Оның жан-жағы жастарға арналған өзіндік Мекке сияқты еді. Айналасында Театр институты, Консерватория, Драма театры, «Гарун» журналының редакциясы бар болатын. 60-жылдары шығармашылық шарықтау кезеңі орын алып, «Наири» джаз-оркестрмен бірге ортақ шығармашыл жандардың орнына айналды. Қайта құру уақытында кинотеатрдан бір ғана кинозал қалып, бұрынғы атағы өшеді. Қазір бұл ойын-сауық орталығына айналды, кинозалдардан отандық өндірістегі жаңа туындылар көрсетіледі.

 

«Мәскеу» Беларусь, Минск

«Мәскеу» — Минсктегі ғана емес, бүкіл Беларусь Республикасындағы алғашқы кең форматты кинотеатр. 1980 жылы 19 қыркүйекте ашылған. Ашылған уақытында республикадағы ең ірі кинотеатр болған. «Мәскеуде» 260 және 1070 адамға арналған екі үлкен зал бар. Ол жақта кинолар ғана көрсетілмейді, концерттер мен көлемді шаралар өткізіліп тұрады. Күрделі жөндеуден соң кинотеатрды атауы арқылы ғана тани аласың. Ғимараттың ішкі құрылысы түгел өзгерген. Бүгінгі таңда кинотеатр барлық қажетті құралдармен жабдықталған заманауи кинозал болып табылады.

 

«Беларусь» Беларусь, Брест

«Беларусь» кинотеатры алғаш рет кеңес билігі келген соң, синагог орнына салынды. Ескі кинотеатр 60-жылдардың соңына дейін табысты жұмыс істеді, кейін күрделі жөндеу өткізілді. Жобамен архитектор Ростислав Шилай айналысты, ол синагог қабырғасының жартысын көрермен залы ретінде қалдырып, іргетасты түгел сақтап қалды. «Беларусьтің» соңғы жөндеуі біздің уақытымызда болып, 2001 жылы қыста аяқталған. Қазір кинотеатрда заманауи сандық құрылғылармен жабдықталған үш зал бар. Соңғы жүйелердің арқасында 3D форматындағы фильмдер мен секундына 60 кадр көрсетілетін картиналар ұсынылып келеді.

 

«Октябрь» Ресей, Мәскеу

«Октябрь» кинотеатры 1967 жылы салынған, «Ресей» кинотеатрымен қатар Мәскеудегі ең үлкен орын болып саналған. Бұл жерде кең форматты экранымен бірге, 2450 адамға арналған орын бар еді. Сондай-ақ, стереофильмдер көрсетіліміне арналған 442 орындық кіші залы болды. 1998-2005 ж.ж. аралығындағы күрделі жөндеуден соң кинотеатр 3000 орыны бар он бір залдық мультиплекспен жабдықталды. Қазіргі таңда «Октябрь» «Каро Фильм» компаниясына тиесілі. Ол жақта түрлі шығармашылық кештер мен концерттер өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, бұл жерде бірнеше рет Халықаралық Мәскеу кинофестивалі өткізілген.

 

Варвара Литвинова

Превью фотосы ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивіне тиесілі

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер