È

ҚСРО кезіндегі 10 кассалық фильм

ҚСРО кезіндегі 10 кассалық фильм

Кеңес дәуірінде фильмдер жай уақыт өткізу үшін түсірілген жоқ. Режиссерлер өздерінің картиналарын жас ұрпақты тәрбиелеу үшін, отандастырның патриоттық сезімдерін, достық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында түсірді. Сол заманда цензура киноөндіріске қатал болса да, қоюшылар түрлі амалдармен көрерменге лентаның негізгі айтайын деген ойын жеткізе білді.

Бүгінгі ондығымызда біз кеңес діуірінде табысты болған фильмдерді ұсынамыз. Сол уақытта билеттің орташа бағасы 25 тиын болды, біз кеңес кезінгдегі «Қазақфильм» киностудиясы түсірген отандық фильмдеріміздің кассалық табсын шамалап көрдік.

10. «Земля отцов» - 4 200 000 көрермен, 1 050 000 рубль

«Земля отцов» режиссер Шәкен Аймановтың киножұмыстарының ішіндегі тоғызыншы фильмі. Картина 7 рет кинофестивальдарға және халықаралық байқауларға қатысқан. Сценарий авторы Олжас Сүлейменов.

 

9. «Көксерек» - 6 600 000 көрермен, 1 650 000 рубль

Толомуш Океевтің «Көксерек» фильмі Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» романының желісі бойынша түсірілді. кеңес азаматтарымен бірге шетелдік көрермен де бала мен қасқырдың оқиғасына қызыға тамашалады. Тұсаукесерден соң картина бірнеше халықаралық жүлделерді иеленді.

8. «Қыз-Жібек» - 7 800 000 көрермен, 1 950 000 рубль

«Қыз-Жібек» деп аталатын махаббат жайлы халық поэмасы түсірушілерге 1972 жылы ҚазКСРО Мемелкеттік сыйлығын алып берді. Фильм басты рөлдердегі Меруерт Өтекешева (Жібек) мен Қүман Тастанбековтың (Төлеген) тағдырларына әсер етті. Түсірілім алаңында танысқан олар бір-біріне ғашық болып, отбасын құрды, 46 жылдан бері бір шаңырақта өмір сүріп келеді.

7. «Мәншүк» - 13 500 000 көрермен, 3 375 000 рубль

1969 жылыс режиссер Мәжит Бегалин «Маншүк» атты фильм түсіріп, Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Мәметоваға құрмет білдірді. Картина пулеметші батыл қыздың бір күні жайлы. Мәншүктің рөлінде Наталья Аринбасарова.

 

6. «Игла» - 15 500 000 көрермен, 3 875 000 рубль

Рашид Нугмановтың басты рөлде Виктор Цой ойнаған атақты «Игла» прокаттың 11 айында 3,5 миллион рубль жинап үлгерген. 2010 жылы у режиссер «Игла Remix» фильмін ұсынды, бұл фильм арнайы графикалармен, басқа да кейіпкерлер қатысқан көріністермен толықтырылған.

5. «Транссібір экспрессі» - 23 800 000 көрермен, 5 950 000 рубль

Чекист Шадьяровқа арналған екінші фильм. «Транссібір экспрессі» «Атаманның ақыры» фильмінен соң 7 жылдан кейін түсірілді. Режиссеры Эльдор Оразбаев.Қасымханның рөлінде бірінші картинада Асанәлі Әшімов.

 

4. «Там, где цветут эдельвейсы» - 25 300 000 көрермен, 6 325 000 рубль

«Там, где цветут эдельвейсы» фильмін екі режиссер Шәріп Бейсембаев пен Ефим Арон көрерменге 1966 жылдың 31 қаңтарында ұсынды. Кеңес Одағының кассалық фильмдерінің қатарында картина 603 позицияға ие.

 

3. «Девушка - джигит» - 27 800 000 көрермен, 6 950 000 рубль

Павел Боголюбовтың музыкалық комедиясы «Девушка - джигит» актриса Лидия Ашрапова үшін дебют болды. картинаның алғашқы көрсетілім Мәскеуде өтті. Одан кейін бүкіл Кеңес одағы тамашалады. алып мемлекеттің көрермендері фильмді өте жақсы қабылдады, актерлер ерекше танымалдыққа ие болды.

2. «Тайны мадам Вонг» - 30 100 000 көрермен, 7 525 000 рубль

1986 жылы режиссер Степан Пучинянның «Тайны мадам Вонг» фильмі шықты. Прокатқа шыққан жылы картинаны кинотеатрда тамашаларған көрермендер саны бойынша фильм 5-інші орында болды. Ондағы басты рөлдердің бірі боксшы, 1980 жылы Мәскеуде өткен олимпиада ойындарының бокстан күміс жүлдегері Серік Қонақбаевқа бұйырыпты. Жалпы алғанда фильмнің актерлық құрамы есте қалардық. Атап айтқанда Александр Абдулов, Ирина Мирошниченко, Армен Джигарханян секілді азулы актерлер қатысты.

 

1. «Атаманның ақыры» - 30 600 000 көрермен, 7 650 000 рубль

Шәкен Аймановтың 1970 жылы түсрген «Атаманның ақыры» фильмі кеңес көрермендерінің ерекше ықылыасына бөленді. Өйткені басты рөлді сол кездегі ең тартымды, танымал актер Асанәлі Әшімов ойнады. Ол батыл чекист Шадьяров туралы басқа да фильмдерге түскен, бірақ «Атаманның ақыры» тетралогияның сәтті шыққан алғашқы қарлығашы және режиссердың соңғы фильмі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер