È

Жаңа жыл көретін 10 қазақстандық фильм

Жаңа жыл көретін 10 қазақстандық фильм

Жаңа ыжлдың алдында мерекеде тұрарлық фильмдер тізімін жасауға уақыт бола бермейді. Ал мейрам кезінде өте қызықты, жаңа дүние көргің келеді. Өқрметті оқырмандар, сіздер мерекеге азық-түлік сатып алып, шыршаларыңызды безендіріп жатқандарыңызда біз жаңа жылдық мерекеде көруге тұрарлық 10 отандық фильмнің тізімін жасадық.

Өкінішке орай, төмендегі картиналардвң бәрі осы мерекеге арналмаған, дегенмен біз көңілді көтеретін, ғажайыпқа сендіретін киноны іздеуге тырыстық.

«Алдар Косе в XXI веке»

Біз жасаған тізімнің іщіндегі ең үздік жаңа жылдық фильм номинациясы бойынша режиссер Азиз Өмірзақовтың «Алдар Косе в XXI веке» фильмі, сөз жоқ, алдыңғы орында. басқаша болуы мүмкін де емес! Оқиға Жаңа жыл қарсаңында болған, кадарда Аяз Ата, Санта-Клаус бар, ал оқиға Астананың тұрғыны Венераның жаңа жылдық сиқыршыларға жазған хатынан басталады. Ол әкесі Медетке қиындықтардан өтуіне көмектесуді сұрайды, өйткені жыл соңында ол небір қиындықтарға тап болған еді. Сиқыр әлемінде ешкім мұндай тапсырманы орындағысы келмейді, сондықтан істі Алдар көсеге тапсырады, оны барлығы көнерген кейіпкер санайды. Сценарий өте сапалы жазылған, бұл оқиға бәріне ұнайды, жаңа жылдық түні көруге тұрарлық.Ғажайыптар болады, картина әркімге әсер етеді, картинаны көрген адам келесі жылға қанаттанады. Фильм жеке меншік қаржыға түсірілген.

«Бизнес по-казахски»

Жаңа жыл қарсаңында «Бизнес по-казахски» комелиясы отандық прокатқа шығады. Трейлеріне қарағанда режиссер Жеңісхан Момышевтың , дебютті толықметраэжды жұмысы жаңа жылдық мерекеде көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Иә, оқиға жазда болған, сюжет бойынша оқиға ақшаң бітіп қалған жағдайда бизнесті қалай жүргізу керектігі жайлы. Бірақ қона үйдегі өмір көңілді кешке ұқсайды, егер сізге туыстарыңыз қызмет көрсетсе, онда тура жаңа жылдағыдай өте шулы, көңілді болады. Шие қосылған торттан үнді актеры Сиддхартх Шукла бас тартты, «Бизнесе по-казахски» фильмінде рөлдердің бірін орындады.

«Ер Төстік және Айдахар»

Жаңа жылда мультфильмдерсіз болмайды. Телеарналар «Мадагаскар» мультфильмінің бірнеше бөлімін айналдырып қойып жатқанда, біз сіздерге отандық кино өндірушілерді қолдауға шақырамыз. Балаларыңызбер бірге «Қазақфильм» киностудиясы түсірген алғашқы қазақстандық 3D-мультфильм «Ер Төстік және Айдахар» фильмін көріңіз. Бұл ең бірінші көлемді анимациялық жоба, аздап кемшіліктер де болды. Дегенмен сценарий жақсы жазылған, қазақ халық ертегілеріне негізделген.

«Келинка Сабина»

Нұртас Адамбайдың комедиясын ұрсуға, жек көруге, мақтауға да болады, қалай десек те «Келинка Сабина» қазақстандық кинемотографтың дамуындағы сәтті шыққан жобалар қатарынан өз орнын тапты. Бір қызығы, комедияны жалықпай қайталап көре беруге болады. Жеңіл, күлкілі, сапалы оқиғаны жаңа жылдық мереке кезінде көріп, демалып, күліп алсаңыз болады.

«Он и Она»

Тіпті ең көңілді деген кештің өзінде аздап қабақ шытатын сәттер болады. осындай жағдайда көруге тұрарлық картина «Он и Она» фильмі. Режиссер Сәкен Жолдас өте қызықтты, адамның жан дүниесіне әсер ететін фильм түсіргенін өзі де сезбейді. Басты рөлдерде Жандос Айбасов және Динара Бақтыбаева. Фильм өте нәзік, әсерлі, соңы да әдемі аяқталады.

«Ход конем»

2013 жылдың халықаралық жобасына қазақстандық актерлер қатысты. Онда ұлы билеуші Әмір Темірге тиесілі лағылды қарақшылар тобының қолға түсіргісі келетінін жайлы оқиға баяндалады. Тапсырма атақты ұры Мұрадқа тапсырылады, бірақ кездеййсоқ жолмен лағыл шахматшы Тигранның қолына тиеді, ол өзіне бұйырған асылды оңайлықпен бермейді. Жаңа жылда қызықты оқиғаларды тамашалаған жақсы-ақ, сондықтан отандық актерлер Санжар Мәдиев, Әсел Сағатова, Бақытжан Әлпеисов ойнаған каринаны көруді ұсынамыз.

 

«Тақиялы періште»

Классика қашан да өзекті, қайталап көре бергің келеді. Егер сіз «Ирония судьбы» фильмін көруге ниеттенсеңіз, онда оны «Тақиялы періште» фильмімен неге ауыстырмасқа? Бұл да жаздың оқиғасы, бірақ суық кезіде әдемі қыздар мен жігіттерді кім көргісі келмесін? Кеңес заманындағы Алма -Атаны көріп, әдемі әзілдерге езу тартасыз. Әр жаңа жылда ең жақсы сәттерімізді еске аламыз. Жаңа жылдық сыйцлықтарыңызды ақтарып отырып, «Тақиялы періштені» көріп риясыз бір күліп алыңыз.

«Тоғызыншы ұлдан қорық»

Фильм түріндегі тағы бір ертегі. Виктор Чугунов пен Виктор Пусурмановтың қазақ халқының аңыздарына негізделген фильмі. Кинолентаның кейіпкерлері - сиқыршылар, балшылар және қарапайым адамдар. Мейірімділік пен батылдық ең күшті қарғысты да жеңе алатынын жайлы оқиға. Ең бастысы өз күшіңе сену, қиындықтардан қорықпау.

«Свадьба на троих»

Асқар Бисембиннің комедиясы жаңа жылдық мереклерде көруге тұрарлық фильмдердің бірі. Керемет әзіл, жас болса да, белгілі актерлер, қызық сбюжет.... көңілді отырысқа одан артық не керек? Алаяқ Азаматтың өмірі тамаша, ақшасы көп. Бірақ бір күні оның басына да қиындық туады, оны шешу оңайға соқпайды, мәселенң шешімі досының қалыңдығына келіп тіреліп тұр. Актерлық құрам өте сәтті таңдалған; Дәурен Айдарқұлов, Нұртас Адамбай және Аружан Жазылбекова өте жақсы ойнады. Саундтрек ретінде Орда тобының «Алып кет» компазициясы қойылды. Ал бұл дегеніміз жаңа жалдық кештеріңіздің бірі көңілді өтеді деген сөз.

«Препод»

Махаббат жайлы оқиға, махаббат үшін адамдар небір ойламаған қадамдарға барады. «Қазақфильм» киностудиясының комедиясын түсірген режиссерлер ВикторВилкс және Славомир Леонтьев. Оқиға Азамат есімді жігіт жайлы. Ол өзіне Камила атты қызды ғашық еткісі келеді, бірақ ойы жүзеге аспайды. Бір күні ол ғашық қызы оқитын университетке мұғалім болып баруға мүмкіндік туып тұрғанын біледі. Бәрі жақсы боп келеді, дегенмен күндердің күнінде өтірігі ашылады. Фильмдегі картина өте әдемі. Өйткені түсірілім Астанадағы назарбаев университетінде өтті. Сюжет, актерлердің ойыны, күлкілі жайттар өте сәтті шыққан, сондықтан фильмді жаңа жылда көруге әбден болады.

 

Альберт Ахметов

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер