È

Қысқа метрге арналған 10 кинофестиваль

Қысқа метрге арналған 10 кинофестиваль

Жыл сайын әлемде түрлі көлем мен бағыттағы көптеген кинофестивальдер өткізіледі. Алайда, Канн мен Берлинале сынды ірі халықаралық кинофестивальдердің аясында, көпшілігі тек қысқаметражды фильмдерге арналған маңызды шараларды ұмытып жатады. Ал қысқа метр жас режиссер үшін үлкен киноға арналған жолдама болуы мүмкін ғой. «Бродвей» дарындылар үшін жақсы бастама болып табылатын қысқаметражды картиналардың 10 кинофестивалін ұсынады.


Oberhausen International Short Film Festival

1954 жылы негізі Германияда қаланған әлемдегі ең маңызды әрі көне қысқаметражды кинофестиваль. 1960 жылы көрсетілім Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясының аккредитациясынан өткен. Аталмыш фестивальде Мартин Скорсезе, Джордж Лукас және Роман Полански сынды бүкіл әлемге танымал тұлғалар өздерінің алғашқы жұмыстарын таныстырған. Кинокөрсетілім жыл сайын мамыр айының басында неміс қаласы Оберхаузенде өтеді.

Байқау ерекшеліктерінің бірі – жеңімпаз автоматты түрде «Оскар» жүлдесіне үміткерлердің тізіміне енеді.

 

Busan International Short Film Festival

Фестиваль 1980 жылы Оңтүстік Кореяда пайда болды және бірінші атанды. Басында ол «Кореялық қысқаметражды кинофестивалі» деп аталған және алғашында жергілікті режиссерлардың картиналарын көрсеткен. 2010 жылы ұйымдастырушылар бүкіл әлемнен жұмыстар қабылдай бастайды. Фестиваль жыл сайын көктемде өтеді.

Кинокөрсетілімнің ерекшелігі - Guest Country бағдарламасы, оның аясында бір ел тек отандық киноөндірісімен ғана емес, өмірінің мәдени, әлеуметтік және басқа да аспектілерімен таныстырады. 2019 жылы Швейцария да осыған ұқсас мемлекет болмақ.

 

International Clermont-Ferrand Short Film Festival

International Clermont-Ferrand Short Film Festival әлмдегі ең беделді қысқаметражды кинофестивальдердің тізіміне енеді. Алғаш рет ол 1982 жылы Францияның Клермон-Ферран қалашығында өткізілді. 1989 жылдан бастап фестиваль халықаралық деңгейге жетіп, жыл сайын ақпан айының басында өткізілетін болды. Аталмыш кинокөрсетілім әлемдегі ең үлкен қысқаметражды фильмдер нарығы болып саналады.

Қатысуға өтініштер 2019 жылдың 9 қазанында басталады.

 

Tehran International Short Film Festival

Тегерандағы Халықаралық қысқаметражды кинофестивалі 1984 жылы Иран жастар киносы қоғамымен ашылды. 2005 жылы фестиваль алғашқы International Short Film Conference конференциясын өткізді. Содан бері қазіргі күнге дейін ISFC-дің бүкіл әлемнен алпыстан астам мүшесі бар.

Tehran International Short Film Festival жыл сайын күзде өткізіледі. Биылғы жылы фестиваль 9 қараша күні өз есігін айқара ашпақ.

 

Short Shorts Film Festival & Asia

Бұл - бүкіл Азиядағы қысқаметражды кинофестивальдердің ең беделділерінің бірі. Көрсетілім 1999 жылдан бері Жапонияның Токио қаласында өткізіліп келеді. 2004 жылы фестиваль Кинематографиялық өнер мен ғылым академиясының аккредитациясынан өткен. Фестиваль бағдарламасында келесі бөлімдер таныстырылады: «Халықаралық байқау», «Жапон фильмдерінің арасындағы байқау» және «Азиаттық фильмдер арасындағы халықаралық байқау». Жағымды ерекшелігі - Гран-при иегері «Оскар» үміткерлерінің тізіміне автоматты түрде енеді.

Фестиваль жыл сайын маусымның соңы – мамырдың басында өткізіледі.

 

Izmir Short Film Festival

Түркияның Измирь қаласындағы Халықаралық қысқаметражды кинофестиваль 2000 жылдың қарашасынан бері ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын ол әлемнің 60 елінен 1000-нан аса өтініштер қабылдайды, ал көрсетілімге 8000-ға жуық көрермендер қатысады. Байқау бағдарламасынан бөлек, көрсетілімде панорамды бөлімдер ұсынылған және шеберлік сағаттары мен пікір алмасулар мен түрлі воркшоптар өткізіледі.

Өтініштерді қабылдау 1 қыркүйекке дейін ашық.

 

The International Student Film and Video Festival of Beijing Film Academy

Халықаралық студенттік кино мен бейнежазба фестивалі Қытайдың Пекин қаласында 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылар студенттер мен киномектеп өкілдерін бүкіл әлемдегі студенттік жұмыстармен таныстырып, киномектептер арасындағы кәсіби тәжірибе алмасудың дамуына атсалысады.

Биылғы жылы фестиваль 21 қазанда басталып, бір аптаға созылады.

 

Бүкілресейлік авторлық «Арткино» қысқаметражды кинофестивалі

Кинофестиваль 2008 жылы «АРТкино» киноклубымен бірге «Өнер әлемі» киностудиясымен негізі қаланған. Жоба жетекшілері - кинопродюсер Сергей Тютин және режиссер, кинотанушы Дмитрий Куповых. Фестивальге Ресей киномектептерінің студенттері мен түлектері, сондай-ақ тәуелсіз отандық авторлар түсірген ойнамалы, деректі, анимациялық және тәжірибелік фильмдер қатыса алады.

Биылғы жылы фестиваль 3-9 желтоқсан аралығында Мәскеуде өтеді.

 

«Қырғызстан – қысқаметражды фильмдер елі»

«Қырғызстан – қысқаметражды фильмдер елі» - жыл сайын Қырғызстанның Бішкек қаласында өткізілетін Грузия, Балтия мен ТМД елдерінің қысқаметражды фильмдерін таныстыратын танымал кинофестиваль. Кинокөрсетілімнің негізін 2011 жылы қоғам қайраткері әрі кинорежиссер Садық Шер-Нияз қалаған. Фестиваль ұлттық және халықаралық байқау бағдарламаларын қарастырады.

Кинофестиваль дәстүр бойынша 12 желтоқсанда басталып, 15 желтоқсанға дейін созылады. Байқауға қатысуға өтініштерді қабылдау 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап ашық.

 

Baikonyr Short Film Festival

Baikonyr Short Film Festival – осы тізімдегі ең жас кинофестиваль. Көрсетілімді 2016 жылы «Бродвей» қазақстандық кинопорталы ұйымдастырған. Мақсаты – жас кинематографшыларды қолдау және отандық киноөндірісті дамытуға атсалысу. Кинофестивальдің бас демеушісі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры болып табылады.

Әзірге алаңқай жергілікті режиссерлардың жұмыстарын ұсынып жүр. Алайда, жыл өткен сайын фестиваль аумағын кеңейтуде: биылғы жылы қырғыз және өзбек фильмдерінің панорамды көрсетілімі өтеді.

Кинобайқау жыл сайын қыркүйекте өткізіледі. 2018 жылы Baikonyr Short Film Festival 20-23 қыркүйек аралығында Kinopark Theatres-та өтеді. Өтініштерді қабылдау 31 тамызға дейін ашық. Өтінішті фестивальдің Baikonyr.brod.kz ресми сайты арқылы толтыруға болады.

P.S. Иә, фестивальдер әртүрлі болады: үлкен және кіші, танымал немесе аса емес. Бірақ, барлығын біріктіретін бір ғана нәрсе бар, ол - киноға деген махаббат!

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса