Ұлы адамдар жайлы үздік 10 фильм
Тарихты адамдар өздері жасайды. Аты аңызға айналған ұлт көшбасшылары, физиканы қарапайым оқырманға қолжетімді еткен ғалымдар немесе дарынды музыканттар жайлы түсірілген фильмдер осының тағы бір айғағы. Ұсынылған топтамада Марти МакФлай («Келешекке оралу») секілді уақыт көлігіне отырып, тарихтың ажырамас бөлшегіне айналған қайталанбас тұлғалармен бірге саяхат жасауды ұсынамыз.
«Күңгірт кезеңдер» (2017)
Нақыл сөз:«Қайта ойланбаған адам ешқашан да ешнәрсені өзгерте алмайды»
Марапаттары: «Оскардың» 2 мүсіншесі
Бұл - тіпті, күңгірт кезеңдерде де өз елімен бірге болған ұлт көшбасшысы жайлы оқиға. Өзіне және саясатына ешкім сенбеген тұста, Черчилль халық берілмейінше, өз Отаны үшін соңына дейін күресетінін дәлелдеді.
Кеңес: фильмнің түпнұсқасын көру, себебі Черчилль данышпан шешен болған және мұны Гарри Олдман жақсы жеткізе білген.
«Агора» (2009)
Нақыл сөз: «Сенген кезде күмәнданбайсың, сен күмәнданбауың керек, ал мен күмәнданамын!»
Б.з. 391 жылы Александриядағы христиандықтардың қалыптасу кезеңі философ, астроном, математик Гипатия Александрийский үшін кедергіге айналады. Христиандықтар бейбіт жолды таңдамады, бірақ фильмде бастысы бұл емес, маңыздысы мыңдаған жыл өткен соң да адамдар өзгерген жоқ және бұл картинадағы Гипатияның оқиғасы осының дәлелі.
Қызықты дерек: Гипатия ареометрді ойлап тапты, ол сұйықтық тығыздығын өлшейтін құрылғы.
«Стивен Хокингтің әлемі» (2014)
Нақыл сөздер: «Біз әрқайсысымыз әртүрліміз, өмірдің қаншалықты қатал болғанына қарамастан, әрқашан сіз жасай алатын және сіз үлгеретін нәрсе табылады. Өмір бар жерде үміт бар».
Марапаттары: «Оскар» мүсіншесі
Бұл фильм 20 жасында Лу Гериг ауруына ұшырап, күрделі диагноз қойылған аты аңызға айналған физик Стивен Хокинг туралы әңгімелейді. Бірақ Стивен жұмыс істеуді, жақсы көруді, өмір сүруді жалғастыра берді, нәтижесінде барлығына үлгі болар тұлғаға айналды. Оның өмірі мен тәжірибесі қандай ауыртпалық келсе де өз мақсатыңнан таймау керектігін көрсетті.
Қызықты дерек: фильм Джен Хокингтің «Мәңгілікке саяхат: Менің Стивенмен бірге өткен өмірім», 2007 кітабының желісімен түсірілді.
«Сельма» (2014)
Нақыл сөз: «Менің арманым бар».
Марапаттары: «Оскар» мүсіншесі
Фильмде 60-шы жылдардың оқиғасының дәл берілгені соншалық, сіз, тіпті, Мартин Лютер Кингтің тыңдаушысына қалай айналғаныңызды да байқамай қаласыз. Миллиондарды шабыттандырған сөздер қазір де өз маңызын жойған жоқ.
«Әміре» (2018)
Нақыл сөз: «Әлемге біздің музыканы сенің дауысыңмен таныту керек».
Парижде өткен 1925 жылғы «ЭКСПО» көрмесінде Әміре Қашаубаевтың ғажап орындауын көрген әлем халқы таңдай қақты. Ерекше дауыс иесінің тағдыры жеңіл болмады, оның Мұстафа Шоқаймен байланысынан күдіктеніп, үнемі оларды аңдып отырды. Дегенмен, барлық қиындыққа қарамастан, қазақстандық музыкантты және оның талантын әлем таныды.
Қызықты дерек: Бүгінде «Балқадиша» әнін Димаш Құдайбергенов шебер орындайды.
«Мандела» (1996)
Нақыл сөз: «Әрқайсымыз өзімізге мен әлемді толыққанды ету үшін және елімді, туған қаламды гүлдендіру үшін не істедім деген сұрақтарды жиі қоюымыз керек».
2010 жылы Нельсон Мандела халықаралық күнін тойлаудан бірнеше күн бұрын Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде көрсетілген деректі фильм. Бұл кинотаспа назар аударуға тұрарлық жоба.
«Ганди» (1982)
Нақыл сөз: «Әлемнің өзгергенін қаласаң, алдымен өзіңді өзгерт».
Марапаттары: «Оскардың» 8 мүсіншесі
Гандидің өмірі – шындық үшін бейбіт жолмен күресу керектігін көрсететін адамның сүйіспеншілігі туралы философия, себебі зорлық зорлықты тудырады емес пе? Ганди туылған кезде Үндістан Британ империясының қарамағында болды, бірақ ол дүниеден өткен кезде Үндістан азат елге айналды. Ол бүкіл өмірін өз армандарын іске асыруға арнады және осы жолда қолынан келгеннің бәрін жасады.
«Жасырын» (2011)
Нақыл сөз: «Болу ма, әлде болмау ма?»
Әлем әліге дейін өшпес жолдардың авторына күдікпен қарайды, себебі Шекспирдің өмірінде қара жолақтар көп болды. Бұл фильм оның кім болғанын және бұл құпияға кімнің қатысы бар екендігінің бір нұсқасын ғана көрсетеді. Фильмдегі актерлардың киімдері мен безендірулері эстетикалық ләззат сыйлайды.
Қызық дерек: фильмді Англияда көрсетуге тыйым салынған.
«Көшірме ойын» (2014)
Нақыл сөз:«Сағаттың күніне екі рет сынғаны да дұрыс – бұл қозғалыс емес, соқыр сәттілік».
Марапаттары: «Оскардың» бір мүсіншесі
Математик Алан Тьюрингтің сөзжұмбақтары біздің басымызды әліге дейін қатырып келеді және ол алғашқы компьютер прототипін жасаушы ғана емес, сондай-ақ Энигм кодын ашқан адам. Адам ақылын машинаның көмегімен жеңгеннен кейін, Тьюрингті әлем сол қалпында қабылдауға дайын болмады және ол өлгеннен кейін ғана ақталды.
Қызықты дерек: Блетчли-Паркте қолданылған 1942 жылғы түпнұсқа сөзжұмбақ TheNewYorkTimes қаріпімен басылды
«Құрманжан Датка. Тау патшайымы» (2014)
Нақыл: «Біреудің тағдырын бұзбай-ақ, жеңіске жету мүмкін емес пе?»
Қырғызстанның дана әрі қайсар билеушісінің оқиғасы шексіз даланың бейнесінде сипатталады. Фильмнің әр бөлігі шындыққа картинаның соңында көз жеткізетін атмосфераны береді. Аты аңызға айналған Құрманжанның тағдыры – оқиғаны тез ауыстыратын калейдоскоп іспетті: 18 жасында күйеуінен кетті, 21 жасында билеушінің әйелі болды, 50 жасында тақты иеленді, ал 80 жасында Ресей патшалық әскерінің қолбасшысы болды, 96 жасында Құрманжан қорықпастан ер-тоқымға отырды.
Дина Чутенева
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін