È

Көрермендердің жүрегін жаулап алған Қазақстанның кішкентай 10 актері

Көрермендердің жүрегін жаулап алған Қазақстанның кішкентай 10 актері

Әдемі бейнелерімен ғана емес, талайды таланттарымен таң қалдырған бұл балалар Қазақстан кинематографының биік шыңына жеткісі келеді. Олардың кейбіреуі бірнеше фильмдерге түсіп, көрермендерге танылып үлгерсе, енді бірі кинодағы жолын енді ғана бастап келе жатыр. «Бродвей» кинопорталы еліміздің жас актерлары туралы біраз айтып беруді жөн көрді. Назарларыңызға отандық киноөндірістің болашағына айналар балалардың тізімін ұсынамыз.

 

Мағжан Орда

Отандық театр және кино актері Бауыржан Орданың ұлы. Әкесінің жолын қуған Мағжан Нұртас Адамбайдың «Тараз» драмасының түсіріліміне қатысқан. Актер Асанның (Асан Мәжит) інісінің рөлін шынайы сомдады. Адамбайдың өзі бұл баланың «керемет» ойнағанын растады.

 

Лина Сұлтанова

«Kazakhstan Kids fashion show» қатысушысы, жас сәнбике жақында ғана Нұрлан Батыровтың «ПроЯвление» триллеріне түсті. Кино авторларының айтуынша, Линаның басқа үміткерлерден айырмашылығы, көңіл-күйін тез арада өзгерте алатындығында. Яғни, тез қуанып, тез ашулана алады да, бірден көз жасына ерік береді. Сондықтан, олар Линаны таңдаған. Нұрлан Батыров көрермендердің кішкентай қыздың ерекше ойыны мен оның жұмбақ келбетіне таң қалатынын айтып өтті. Линаның дарынын осы күзде бағалайтын боламыз.

 

Елжас Әлпиев

Кинодағы дебюті «Елбасы жолы. Балалық шағымның аспаны» киноэпопеясында президент рөлін сомдаудан басталды. Ол кезде Елжас 5 жаста еді. Бірақ, елбасының рөлін керемет ойнап шыққанын көпшілігі мойындайтын шығар. Өкінішке қарай, осы картинадан кейін Елжас киноэкраннан көріне қоймады. Оның көрермендерге әлі де дарынын дәлелдейтініне сенеміз.

 

Арай Әділ

Арай алғаш рет киноэкраннан он жасында төбе көрсетті. Ол «Тағдыр ойыны» («Игра судьбы») толықметражды фильмінің кастингіне қатысып, өтіп кетеді. Одан кейін, жас актрисаны былтырғы жылдың желтоқсан айында тұсаукесері болған «Жанұя» отбасылық драмасының түсіріліміне шақырады. Бүгінде Арай уақытының көп бөлігін оқуға арнап жүр.

 

Әділ Болатаев

Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» картинасы арқылы киноға дебютті қадам жасады. Әділ фильмде кішкентай Ілиясты (Әділ Ахметов) сомдады. Кинодағы тәжірибесінен кейін Әділ актерлік қырын шыңдап келеді. Ол бүгінде түрлі кастингтерге қатысып, музыкалық бейнебаяндарға түсіп жүр.

Анастасия Вострова

Кішкентай қыз Ақан Сатаевтың әлі айналымға шыға қоймаған «Она» фильмінде дебют жасады. Режиссердің айтуы бойынша, картинаның триллер жанрында түсірілгеніне қарамастан, Анастасия өз рөлін өте жақсы ойнап шықты. Настя актерлік саламен шындап айналысуды жоспарлап жүр.

 

Амангелді Құсайынов

Оның жұлдызы «Бір күні балалар үйінде» отандық драмасымен бірге жанды. Амангелді картинадағы рөлі үшін «КиноМалышок-2016» ресейлік кинофестивалінің бас жүлдесіне ие болды. Жас актер түсірілімге қатысып болған соң, генерал болу арманына жетуді көздеп, Бауыржан Момышұлы атындағы Респуликалық «Жас Ұлан» әскери мектебіне оқуға түседі.

Диана Холловей

Диана кинодағы жолын «Baby Star of Kazakhstan» байқауына қатысудан бастады. Соның арқасында көптеген продюсерлердің назарына ілікті. Оның дебютті қадамы телеэкрандардан 2012 жылы көрсетілген «Қара шаңырақ» хикаясымен басталды. Қазір актриса 13 жаста, ол түскен фильмдердің арасында «Ұстаз», «Армандаушы», «Үй», «Тоқал» және т.б. картиналары бар. Диана да музыкалық бейнебаяндар мен жарнамалық роликтерге белсенді түрде қатысып жүр.

 

Мерей Мақажан

Еліміздегі белсенді жас актрисалардың бірі. Барлығы «Санжар мен Қайсар» балалар хикаясынан басталды. Одан кейін, «Анаға апарар жол» кинотаспасы мен «Әміре» қазақ-америкалық фильміндегі рөлдерімен жалғасты. Мерей актерліктен бөлек, фортепианода ойнай алады. «Дарынды адам барлық жағынан да дарынды» деп бекер айтпаса керек.

Әмина мен Әдия Малғаждар

Бұл көңілді қыздарды еліміздегі барлық адам білетін шығар. Олар жас вайнерлер атауын иеленген соң, кино әлемін бағындыруға кірісті. Олар «Үйленгендер» телехикаясында басты кейіпкерлердің бірінің қыздарының рөлін сомдады. Кейіннен Әминаны Әсел Садуақасова мен Асқар Ұзабаевтың «Келін де адам баласы» толықметражды жобасына шақырады. Бүгінде екі бүлдіршін де қызу жұмысқа кіріскен: күнде фильмдердің, жарнамалардың немесе вайнерлердің түсірілімінде жүреді.

Әйгерім Қасқыр

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

13 наурыз 2018, 00:02

Да звезды начнут сиять, успехов им.

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер