È

Ғаламшардың экологиялық мәселелеріне арналған заманауи 10 фильм

Ғаламшардың экологиялық мәселелеріне арналған заманауи 10 фильм

Біз бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты экологиялық мәселелерді көрсететін фильмдер топтамасын дайындадық. Осы картиналар арқылы әрқайсымыз үлкен ғаламшардың бір бөлігі екенімізді сезініп, маңызды мәселелер қатарында қоршаған ортаны қорғау да бар екендігін ұмытпауымызға көмектеседі.

 

«Жоғалған өзендер»

Шығу күні: 2012

Мемлекеті: Канада

Жанры: деректі фильм

Режиссері: Каролин Бакл

Режиссер Каролин Бакл «Жоғалған өзендер» («Потерянне реки») фильмінде картинадағы бүкіл уақыт бойы Монреаль, Торонто, Лондон, Нью-Йорк және Милан түбінде жасырынған өзендерді іздейді. Авторға ескі карталар, архивтер, зерттеушілер мен диггерлер көмектеседі.

Каролин дамыған әлемдегі үлкен өнеркәсіптік қалалардың бұрын жер астында жасырылған өзендерін іздейді. Бірақ, уақыт өте келе атмосфераның ластану деңгейі ұлғайған сайын, өзендер де өмірге қауіпті аурулардың таратушысына айналды. Сондықтан, көптеген ірі қалаларда оларды қалалық кәріз жүйесімен біріктіріп, жер астына жіберді.

Бұл - біз ұмыт қалдырсақ та, табиғаттың өмір сүре беретіні жайында әдемі әрі мықты фильм. Тартымды, тосынға толы және өте әдемі.

«Климаттық сценарий»

Жылы: 2013

Мемлекеті: Испания

Жанры: деректі фильм

Режиссері: Рут Чао

«Климаттық сценарий» - неліктен жиырма жыл бойы климат туралы бір келісімге келе алмағандығымыз туралы қысқаша хикая. Әлемнің 194 елінің өкілдері жылдан жылға климаттың өзгеруін тоқтататын стратегияларды, шешімдерді табуға тырысқанымен, оған әлі қол жеткізе алмай келеді. Картинада сол туралы айтылады.

Климаттық сұрақтарға қатысты келісімдердің неліктен дұрыс болмай жатқандығын білу үшін қызыққан әрі табиғатқа жаны ашыған көрермен осы фильмді көруі тиіс. Туынды арқылы жыл сайынғы экологиялық саммиттер тарихына куә болып, олардың кейіпкерлері: түрлі елдердегі экологтарды, ғалымдарды және министрлерді көре аламыз.

«Лора Белоиванның итбалықтары»

Шығу күні: 2015

Мемлекеті: Ресей

Жанры: деректі фильм

Режиссері: Андрей Сидоров

Ресейлік режиссер Андрей Сидоровтың фильмі Ресейдегі кішкентай итбалықтарды құтқаратын ең алғашқы «Итбалық» сауықтыру орталығының құрылу тарихын баяндайды.

Картина авторы Лора Белоиванның даралығының бірқалыптылығына және шаршамайтындығына сүйсінеді. Орта жастағы әйел, жазушы, блогер Владивостокқа жақын жерде орналасқан Тынық мұхиттың жағалауындағы итбалықтарды құтқаруға бар күшін салады.

«Адам»

Жылы: 2015

Мемлекеті: Франция

Жанры: деректі фильм

Режиссері: Янн Артюс-Бертран

Француз режиссері Янн Артюс-Бертранның төрт сағаттық деректі фильмі бізді адам қылатын қандай қасиеттер екендігін баяндайды. Таспаның тұсаукесері БҰҰ Бас ассамблеясында болды. Сол күні фильмді араб, ағылшын, француз, португал, испан және орыс тіліндегі субтитрларымен YouTube-тың алты арнасынан көрсетті.

«Адам» - бұл 60 елдегі 2000-ға жуық ер азаматтар мен әйелдердің 3 томдық шынайы оқиғасы. «Адам» картинасы туралы көптеген қарсы пікірлер айтылып, біршама дау-дамай туындаған. Дегенмен, аталмыш фильм ешкімді де бей-жай қалдырмайды. Тіпті, сізді жақсы жаққа қарай өзгертуі де мүмкін.

«Ертеңгі теңіз»

Сурет: Дамир Өтеген

Жылы: 2016

Мемлекеті: Қазақстан

Жанры: деректі фильм

Режиссері: Катерина Суворова

Соңғы жылдары экологиялық тақырыпқа қатысты түсірілген деректі кинолар танымал бола түсуде. Фильмдер белгілі фестивальдерге қатысып, бас жүлделерді иеленіп жатыр. Осы тізімге қазақстандық режиссер Катерина Суворованы және оның «Ертеңгі теңіз» таспасын жатқызуға болады.

Картина Арал теңізінің жағалау маңындағы бұрынғы аудандарының заманауи тұрғындарының өмірін суреттейді. Фильм төрт хикаяны көрсетеді: бағбан Жөкен, гидробиолог қыз, балықшылар әулетінен шыққан бозбала және қайықтардың қалдықтарын жинайтын металшылар тобының оқиғаларын баяндайды.

«Ертеңгі теңіз» фильмі көрермендерге апаттан кейінгі көріністерді көрсетеді. Сол жердегі шөлді тақырларда, марқұм болғандардың елесінің арасында біз адамдарды кезіктіреміз. Теңіз сарқылғанымен, адамдар әлі тұрады»,-деп жазады картина авторлары. – Олардың барлығы ең қорқынышты жағдайды бастарынан өткеріп, қазіргі таңда өздеріне лайықты іспен шұғылданып, өмір мәнін тапқандай болды».

 

«Ақырғы теңізге»

Жылы: 2016

Мемлекеті: Қазақстан

Жанры: деректі фильм

Режиссері: Жаннар Шураева

Жас қазақстандық режиссер Жаннар Шураеваның бұл қысқаметражды фильмі тартылып қалған теңіз мәселесін баяндайды. Картина қазір түсіріліп бітіп, пост-продакшн кезеңінде тұр. Жаннар «Бродвей» кинопорталына берген сұхбатында, таспаның автордың ішкі уайымын, күйзелісін жеткізгенін айтқан.

«Арал мен үшін ішкі жағдайымның көрінісі іспетті... бұрынғы теңіз менің таңбама айналды. Өзімді және мені құтқаратын нәрсені іздей жүріп, ойша сол жерге бардым. Осылайша, фильм идеясы дүниеге келді.

... Суретші ретінде, Арал – менің айнам деп айта аламын. Дегенмен, бұл жағдайды кең қарастырсақ болады. Өйткені, Арал – бәріміздің ортақ айнамыз. Біз үлкен теңіздің тартылуына жол беріп қойдық. Басқа жақта емес, біздің елімізде. Мен сол жақта тұратын адамдарды мақтан тұтамын. Олар тағдырларына налымайды. Өзгеріске ұшыраған шынайы өмірде тұрып, жұмыс істеп жүр. Мен адамға бақыт үшін көп нәрсе керек еместігіне тағы да көз жеткіздім».

«Бүркітті аңшы»

Жылы: 2016

Мемлекеттері: Ұлыбритания, Монғолия, АҚШ

Жанры: деректі фильм

Режиссері: Отто Белл

Бұл ғажайып оқиға бүкіл әлемді таң қалдырған Монғолиядан шыққан этникалық қазақ Айшолпан есімді 13-жасар қыз туралы. Айшолпан атасы мен әкесінен жеке бүркіттерін қолға үйрету әдісін үйреніп, аңшы-ер азаматтар – бүркітшілердің кәсіби жарысында жеңіске жетеді.

Айшолпан Нұрғайыпқызы шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында өзінің «Ақ қанат» есімді жеке бүркіті бар екендігін айтты. Ағасы әскерге кеткен соң, әкесі Айшолпанды бұрынғы көшпенділер мәдениетіне шындап үйрете бастайды. Деректі таспаның ұзақтығы бір сағат отыз минутты құрайды. Картинадан тау рельефтерін: қарға оранған жазықтарды, өркениет жете қоймаған тауларды, жартастарды, үстірттерді және бүркіттерді көре аламыз. Сонымен қатар, ұлттық аңшылықтың – бүркітпен бірге аңға шығудың қыр-сырына қанық боламыз.

«Леонардо ДиКаприомен бірге ғаламшарды құтқару»

Жылы: 2016

Мемлекеті: АҚШ

Жанры: деректі фильм

Режиссері: Фишер Стивенс

Әлемдік деңгейдегі жұлдыз және БҰҰ өкілі Леонардо ДиКаприо ғаламшардың түрлі жерлерін шарлай жүріп, экологиялық апаттың көлемін көрсету мақсатымен және қолдан келер шаралар туралы әңгімелесу үшін белгілі сарапшылармен кездеседі.

ДиКаприо 2015 жылы климатқа қатысты өткен Париж конференциясының маңыздылығын түсіндіреді. Сол шарада бірінші көшбасшылар климаттың ауысуы мәселелеріне тоқталып, бірауыздан ғаламшардың орташа температурасын 2 °C-тан төмен деңгейге ұлғайту қажеттілін қолдауға бағытталған тарихи келісімге қол қойған болатын. Аталмыш келісімді 190 мемлекет қолдауға міндеттелген.

Актерге фильмді түсіруге «Оскар» жүлдесінің иегері, дерекші-режиссер Фишер Стивенс көмектесті. Көрермендер ДиКаприодан бөлек, кадрдан Джон Керриді, Илон Маскты, Барак Обаманы, Рим Әкейді көре алады.

«Қанды азулар»

Шығу күні: 2016

Мемлекеттері: Кения, Ресей, Франция

Жанры: деректі фильм

Режиссері: Сергей Ястржембский

«Фильм бірнеше жыл бұрын Африканы мекендеген африкалық пілдердің бұрын-соңды болмаған жойылуын баяндайтын журналистік зерттеуге құрылған. Соңғы жылдары бір жылдың ішінде 30 000-ға жуық африкалық пілдер немесе әр 15 минут сайын 1 піл жойылып жатыр,-деді режиссер Ястржембский. Браконьерліктің өршуі піл сүйегіне және Қытайда иесінің әлеуметтік деңгейін білдіретін піл сүйегінен жасалатын бұйымға деген сұраныстың артуынан болып отыр. Жақында ғана байыған көптеген қытайлықтар осы піл сүйегінен жасалған бұйымды сатып алуға даяр. Бұл сұраныс піл сүйегінің құнын килограмм үшін $3000-ға арттырып, пілдердің жойылуына әкеп соқты».

Негізі, фильм дайындау кезінде түсірілім тобының өзі де қауіпті қылмыскерлерді қолға түсіру операциясына қатысып, үлгі боларлық әрекет жасады: операцияның арқасында азу тістерді сатушы сотталды.

«Удэхе мемлекеті»

Жылы: 2015

Мемлекеті: Ресей

Жанры: деректі фильм

Режиссері: Иван Головнев

Мемлекет ішіндегі мемлекет – «Удэхе мемлекеті» фильмі көрерменге осы туралы баяндайды. Келундзиг руынан шыққан аңшылар үшін тіршілікке толы өмір қыркүйек-қазан айларында басталады. Сол кезде олар азық-түлікке толы қайықтардың көмегімен қыстық үйлеріне, яғни, терісі бағалы аңдарды атып алу үшін үш-төрт ай тұратын өздерінің «лашықтарына», Самарганың шыңына қарай бет алады.

«Удэхе мемлекетінің» тұрғындары бұл сценарийді жүз жыл бұрын да ұстанған. Олардың орман шаруашылығының тар шеңберін мекендеп, қазіргі кезде де осы әдіспен өмір сүріп жүргендері таң қаларлық жағдай.

Әдемі жазықтар, керемет көріністер, шынайы адамдар – осының барлығы Удэхе әлемі. Олардың өмірі тылсыммен тығыз байланысты. Удэхе тұрғындарының өмір сүру салтына қарап отырып, өзіңнің шынайы өміріңмен салыстырасың.

 

 

Дайындаған Малика Дауылбай

Превью: Buro247.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса