È

10 қысқы фильм

10 қысқы фильм

Қыс жалықтырып жіберді, бірақ жақсы жаңалық - қыстың соңғы айы басталды және әр жаңа күн көктемге қарай жақындатуда. Оған дейін кешкі уақытта теледидардың алдына жайғасып, сүйікті кейіпкерлерімізбен қыс туралы фильмдерді қарап үлгересіз. Өзіңізге ішетін ыстық сусын дайындап, жылы киіміңізді киіп, оранып кешкі уақытта хюгге стилінде рахатаныңыз.


«Алмасқан демалыс» (2006)

Тұрғын үйлерімен ауысу бұл тәуекелге бел буу, бірақ бас кейіпкерлер өз өмірлерін өзгерту үшін бәріне де дайын. Сұлулығы көз тартар Джуду Лоу, жарқын жүзді Камерон Диас және үнемі жап-жас болып жүретін Кейт Уинслет сізге тамаша кеш сыйлайды.

«Мистер Поппердің пингвиндері» (2011)

Ештеңеге қарамастан, Джим Керри керемет комедиялық актер. Бұл отбасылық комедия пингвиндер мен «мансап-бастысы емес, отбасы-тізімнің басында тұруы керек» деген маңызды сабақтардың арқасында сәтті шықты. Сондай-ақ, оны түсіну үшін белгілі бір жағдайдың орын алуы міндетті емес.

 

«Миллиардерге қалай тұрмысқа шығуға болады?» (2010)

Альпы, Эд Вествик («Өсекші» фильмінің барлық жанкүйерлеріне арналады) және Фелисити Джонс бейнесіндегі Күлше қыз. Біз ертегінің соңы «Олар бақытты әрі ұзақ өмір сүріпті» деп аяқталатынын білеміз, дегенмен заманауи нұсқасының соңғы хикаясы тосын жағдайларға толы.

 

«Ақылдың мәңгілік сәулесі» (2004)

Сүйікті адамыңыз туралы естеліктеріңізді өшіріп тастағыңыз келе ме? Жылдам шешім қабылдау сізді осы қадамды жасауға итермелейді, бірақ сізге өзіңіз үшін қымбат адамды жоғалтып аламын деп ойлаудың өзі қорқынышты. Естеліктердің баға жетпес байлық екенін және оны сақтау керек екенін түсінесіз. Сол сияқты Джим Керридің кейіпкері өзінің Кейт Уинслет ойнаған ғашығы туралы естеліктерді ұмытылып кетпес үшін үнемі есіне алып отырады.

 

«Аппақ тұтқын» (2005)

Фильм көрермендерге Пол Уолкер мен батыл иттердің метеоритті табу үшін жасаған экспедициясынан керемет әсер қалдырады. Жануарларды жақсы көретіндер міндетті түрде көруі керек. Біз өзіміздің ең жақсы достарымыз болмаса не істер едік, бір-бірімізге көрсететін мейірімділік пен адалдық шынымен де бағалы және адамдарға құнды сабақ береді.

 

«Суыр күні» (1993)

Әр күн - барлығын өзгертуге жаңа мүмкіндік береді, ал егер 2-ші ақпан қайта-қайта қайталана берсе, бас кейіпкер ертеңгі күннен күдерін үзеді. Күнделікті өмір жалықтырып жіберді. Билл Мюррейдің кейіпкері бұл тығырықтан шыға ала ма?

 

«Нарнияның хроникасы: арыстан, сиқыршы және киім сөресі» (2005)

Дж.Р.Толкиеннің «Сақиналар иесін» жақсы көресіз бе? Онда Нарнияның бастан кешкен оқиғалары сізге міндетті түрде ұнайды. Батыр қыз Люси киім сөресіне жасырынып, ешкім білмейтін әлем туралы құпияны ашады. Ол ағасы мен әпкесін өзімен бірге баруға көндіру арқылы өзінің оқиғасының бір бөлшегіне айналдырады. Киім сөресін ретке келтірмегеніңізге көп болды ма? Мүмкін, оның артында мүлдем басқа әлем жасырынып жатқан шығар?

 

«Киттерді барлығы жақсы көреді» (2012)

Фильм 1988 жылы болған шынайы оқиғаға негізделген. Су - тіршілік көзі және қауіпті күш. Су бақылаудан шыққан кезде, өміріңе де қауіп төнуі мүмкін. Киттер мұзды тұзаққа түсіп қалады, оларды бірлесіп әрекет еткен адамдар ғана құтқара алады.

 

«Диканька маңындағы қыстақтағы кештер» (1962)

Гоголь - бұл 50 жыл, мейлі 100 жыл өтсе де, тамаша тылсымды суреттеген маңызын жоймаған классика. Оның Оксананың махаббатына қол жеткізу үшін Вакуланың темір ұстасымен бірге Украинаның бір ауылына тап болатын атмосферасы адамды өзіне еріксіз баурап алады.

 

«Майямиден шыққан тоңғақ» (2008)

Бас кейіпкерге күн шуақты Майямиден суық Миннесотаға іс-сапарға баруға тура келеді. Рени Зельвегердің кейіпкері кездескен қиындықтарды жеңе ала ма? Қаланың мансапқұмарына ауыл тұрғындарының тіршілігі мүлдем түсініксіз емес пе?

 

Дина Чутенева

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер