È

Риз Уизерспуннің қатысуындағы көруге тұрарлық 5 фильм

Риз Уизерспуннің қатысуындағы көруге тұрарлық 5 фильм

Экран арқылы және журналдардың мұқабасынан салмақты кейіпте танылған голливуд киножұлдыздары қарапайым көрерменге құпияға толы керемет болып көрінері анық. Тоқсаныншы жылдардың соңында – екі мыңыншы жылдардың басында суық түрдегі сұлулық табиғилыққа жол берді, басты кейіпкерлердің рөлдерін қарапайым адами эмоцияларға бай, табиғи бейнелі актрисалар сомдады. Көрермен киноға жәй ғана барып қоймай, достары мен өзіне ұқсайтын кейіпкерлерді, жалпы өзі туралы көре бастады.

Осындай «халықтық» актрисалардың бірі - Риз Уизерспун. Жарқын жүзді, күлкілі ақсары қыз халық махаббатына бірден ие болды, өйткені ақымақ, әлсіз және ең бастысы, қарапайым бойжеткен болып көрінуден қорықпады.

Көпшілігі оны «Заң саласындағы ақсары қыз» картинасындағы ұшқалақ, аңқау «алтын» бойжеткен Эль Вудс рөлі арқылы таниды. Мұндай дәстүрлі жаттанды образ Уизерспун мансабына кері әсер ететін еді. Дегенмен, актриса барлық ережені бұзып, барбиден салмақты кинобикешке айнала білді.

Егер сіз актрисаның қатысуындағы өзге де фильмдерді көрмеген болсаңыз, онда келесі 5 фильмге назар салуыңызды сұраймыз. Мұнда романтикалық комедиямен қатар, ауыр драма да бар.


5. «Аспан мен жер арасында», Марк Уотерс (2005)

Романтикалық, кейде көңілсіз фильм жас жігіт Дэвидтің (Марк Руффало) хикаясын баяндайды, ол жақсы пәтерге «тосый сыймен» бірге көшіп келеді. Бұл сыйлық Элизабет (Риз Уизерспун) есімді қыздың рухы еді, ол біз ойлағандай тәнсіз емес болатын. Таспа ашық әзілге, мелодрамалық көріністерге толы әрі отбасылық көрсетілімге арналған.

 

4. «Мансапқорлық жәрмеңкесі», Мира Наир (2004)

Теккерейдің аттас романының желісі бойынша түсірілген «Мансапқорлық жәрмеңкесі» фильмі «Алтын арыстан» жүлдесіне ұсынылған. Суретші мен әншінің қызы кейіннен жетім қалады, бірақ 19 ғасырдағы Англия сарайларының бірінде таңғажайып мансапқа қол жеткізеді. Осы фильм Уизерспун мансабындағы ең үзді туынды деп есептеледі. Таспаның өзі керемет шыққан, көрермен декорациялар мен костюмдер арқылы сол ғасырға сапар шегеді. Сыншылар екі тарапқа бөлінді, бірі картинаны даттаса, бірі мақтады, дегенмен бұл көруге тұрарлық картина – себебі Бекки Шарптың (Риз Уизерспун) өмірлік оқиғасы.

 

3. «Жабайы», Жан -Марк Валле (2014)

Басты кейіпкер Шерил Стрэйд сәтсіз некеден соң және анасының кенеттен қайтыс болуынан кейін Сьерра-Невада үстірті мен Каскадты тауға жалғыз өзі саяхатқа аттанады. Бастапқыда оның жаяу саяхаты шынайылықтан безгендей болып көрінсе, кейіннен өзін-өзі тануға бағытталғандығы білінеді. Картина салмақты шыққан, ал Уизерспун рөлді сендіріп орындады. Фильм «Оскар» жүлдесін екі рет алып, «Алтын глобус» марапатына ие болған.

 

2. «Плезантвиль», Гэри Росс (1998)

Плезантвиль – классикаға айналған картина. Ерекше сюжеті мен тамаша музыкалық әрлеуі көрерменге нағыз кино сыйлады, оның мазмұны терең әрі шебер жасалған бейнежазбаларға толы.

Басты кейіпкерлер – ағасы мен қарындасы үнемі теледидарға таласып қалады. Дэвид (Тоби Магуйар) 50-жылдардағы оқиғаны көрсететін «Плезантвиль» телевизиялық шоуын жақсы көреді. Бір күні жұмбақ шебердің келуінен кейін қарындасы Дженнифер (Риз Уизерспун) екеуі экранның арғы жағына өтіп кетеді, осылайша ақ-қара Плезантвильге тап болады, бірақ олар үйге қалай қайтатындарын білмейді.

Магуайр мен Уизерспун керемет дуэт болды, ал фильмнің өзі жеңіл әрі таңғажайып сюжетіне қарамастан ойландырады. Өзгеріссіз өмір жақсы ма, әлде үйреншікті өмір сүру әдебін өзгерту оңай ма? Фильмде осы сұрақтардың жауабы бар.

 

1. «Элистің үйінде қонақта», Холли Мейерс-Шайер (2017)

Жалғызбасты ана үйіне жас үш жігітті тұрғызады, осыдан бастап оның өмірі күрт өзгереді. Фильмдегі оқиға сәулелі Лос-Анджелесте болған, көрермен драма мен романтикаға толы комедияны тамашалай алады. Бұл танымал актриса Холли Мейерс-Шайердің режиссерлік дебюті, ол «Ата-аналарға құрылған тұзақ», «Келіннің әкесі» картиналары арқылы танымал. Ал Уизерспунның комедиялық жарынына сөз жоқ, тартымды ақсары қыз кез-келген картинаны оңай алып шыға алады!

 

Малика Илахунова

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер