È

Жанрдың ең жарқын картиналары

Жанрдың ең жарқын картиналары

Бүкіл әлем бойынша кино жанрының қай жерден аяқталып, қай жақтан басталатыны туралы дау жүргізілуде. Әрине, комедияны детективтен жанр ережелерін білмей-ақ ажыратуға болады. Дегенмен, заманауи кинодағы қылмыскерлер мен тыңшылар оқиғаларының арасында көрермендерді күлкіге қарық қылатын бірнеше сөздер де кездесіп жатады. Тіпті, негізгі театр жанрлары (комедия, трагедия, драма) бір-бірімен байланысып, жаңа форманы қалыптастырады. Осылайша, мысалы трагикомедия пайда болған.

Негізінен, заманауи кино бірнеше жанрдан немесе кішкентай жанр түрлерінен құралады. Қазақстан кинематографында әсіресе, романтикалық комедиялар мен тарихи драмалар танымалдылыққа ие болуда.

Авторлық кино – бұл үнемі жаңа бағытты іздену және қалыптасқан қағидалардан бас тарту. Дегенмен, қазақстандық режиссерлар бір нәрсені ойлап тапқаннан гөрі, қалыптасқан ереже бойынша сапалы фильм жасап шығарады.

Қазақстан киносына саяхат жасамас бұрын, отандық кинематографияда кейбір жанрлардың мүлдем таныстырылмайтынын атап өтейік, немесе картиналардың саны біріккен бір жобамен (роуд-муви, немесе фильм-саяхат секілді) шектеліп жатады. Сондықтан, қай фильмнің қандай жанрларға жататынын анықтап алайық.

«Келінка Сәбина» фильмінен көрініс

Комедия

Отандық кинематографиядағы соңғы кезде танымал болып жүрген драматургиялық жанрлардың бірі. Көрермендердің күлкісін шақыратын өмірлік кедергілердің суреттері қазақстандықтарға ұнай бастады. Өйткені, айтуға болмайтын дүниелерді әзіл арқылы жеткізуге болады. Негізінен, «романтикалық» немесе «лирикалық» бағытсыз, яғни еш қоспасыз таза комедия деп Нұртас Адамбайдың «Келінка, Сәбина» туындысын айта аламыз. Режиссер кейіпкерлердің диалогын ғана әзілге құрмай, жанрға аса сақтықпен қарап, өзі сомдаған Сәбинаның классикалық образын жасады. Бұрынғы КТК ойыншысы әзілді жақсы түсінеді, сондықтан, оның туындысы жанрдың барлық шарттарын орындап, айналымда табысқа жетті.

«Амангелді» фильмінен көрініс

Тарихи фильм

Қазақстанда өткен жылдардағы шынайы оқиғаларды түсіруді жақсы көреді. Тарихқа бізде қаржыны аямай жұмсайды, негізгі жүкті мемлекеттік бюджет арқалайды. Біз «Көшпенділер», «Монғол», «Мұстафа Шоқай» мен «Жаужүрек Мың Бала» тарихи фильмдерін үлгі ретінде алғымыз келген еді. Бірақ, бұл кинотаспалардың құрамында басқа да жанрлардың бар екенін түсіндік. Сондықтан, Болат Мансуровтың 1989 жылғы «Сұлтан Бейбарыс» картинасына тоқталайық. Фильм – «Қазақфильм» күшімен түсірілген КСРО мен Египеттің біріккен туындысы. Картина шынайы тұлғалар мен шынайы оқиғаларды баяндайды. Кинотаспа Сұлтан Бейбарыстың өмірлік жолына арналған және біздің саяхатымыздың басты көрікті жеріне айналды.

1938 жылы режиссер Моисей Левинмен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Амангелді» атты алғашқы дыбыстық қазақ кинофильмін атап өтпеуге болмас. Кинотаспаны тарихи киноның классикалық жанрына ойланбай-ақ жатқызуға болады. Картина кейіпкері - 1916 жылғы көтерілістің жетекшісі Амангелді Иманов.

«Ближний бой» фильмінен көрініс

Атыс-шабыс жанрындағы фильм

Атыс-шабыс, соғыс элементтері бар отандық фильмдер бізде аса көп емес. Біз үлгі ретінде режиссері Еркен Ялгашев болып табылатын «Ближний бой» атты қазақ-американдық жобасын алдық. Дегенмен, америкалықтар жанрды өте жақсы біледі, өздерінің актер және түсірілім тобы мүшелері ретіндегі қатысуымен фильмді жарқын жанрлар қатарына қосты. Алайда, дәл осындай табыспен атыс-шабыс жанрындағы фильмге үлгі ретінде «Решала 2» картинасын атауға болады. Режиссері Роман Асхаев болып табылатын картина - қылмыстық әлем туралы баяндайтын классикалық сюжеті бар туынды.

Детектив

Тыңшылар, бұзақылар, қарақшылар туралы фильмдер қазақстандық кинематографияда аз. Детективаке тән бір істі зерттеу, анықтау, нағыз кінәліні табу элементтері «Уақыт күтпейді» картинасында кездеседі. Режиссер Санжар Сұлтановтың Қазақстан мен Канаданың біріккен жобасы америка жазушысы Джек Лондонның шығармашылығына негізделген.

«Уақыт күтпейді» фильмінен көрініс

Драма

Драматургиядағы негізгі жанрлардың бірі отандық кинода кеңінен қолданылып келеді. жеке тұлға мен қоғамның драмалық қарым-қатынасын көрсету авторлық киноларға тән. Драма кейіпкерлер жолындағы жақсы жаққа қарай бағытталған өзгерістерді көрсетуге тырысады. Дегенмен, ережелерге сәйкес, кейбір қақтығыстар трагедиядағы сияқты емес, қабылдауға жеңілдеу келеді. Драманың үлгісі ретінде режиссер Жасұлан Пошановтың «Шлагбаум» фильмін алайық. Картина отандық кинода нағыз сенсацияға айналып, халықаралық кинофестивальдерде жүлделерге ие болған. Осы тұста Эмир Байғазиннің «Гармония сабақтары» фильмін де драманың классикалық үлгісі деуге болады.

«Шлагбаум» фильмінен көрініс

Біз сондай-ақ, Ақан Сатаевтың атышулы «Рэкетир» фильмін еске түсіргіміз келеді. Бұл драмаға қылмыстық бояу қосылған, жанрдың негізі талабы – қоғам мен тұлғаға қатысты драмалық қарым-қатынас бар. «Рэкетир» коммерциялық жағынна табысты болған қазақстандық фильм, оны үлгі ретінде атап өтпеуге болмайды.

Мелодрама

Идеалды кейіпкер, қайғырып жүрген кейіпкер ару, зұлым жауыз – осылардың барлығы сюжеттің дамуына анықтайтын негізгі рөлдер. Көрерменнің сезімімен ойнайтын фильмдер Қазақстанда жетерлік. Классикалық үлгі ретінде Асқар Ұзабаевтың «Коктейль для звезды» отандық кинотуындысын атауға болады. Фильм отандық эстраданың сахна сыртындағы өмірін баяндайды, оның бас продюсері Баян Есентаева болды. Фильм мен жанрдың төлқұжаты – зұлымдық пен жақсылықтың бір-біріне қарама-қайшылығы.

«Жұлдызға арналған коктейль» фильмінен көрініс

Музыкалық фильм

Отандық кинематографияда картинаның жанрлық әрі стилистикалық мінездемесін айқындайтын музыкалық элементтері бар бірнеше туындыларды таптық. Соның бірі - Рустам Хамдамовтың «Вокальные параллели» фильмі. Негізі, бұл фильм-концертке жақын, бұл жерде танымал әншілер ойын эпизодтарымен алмасады, оған ресейлік актриса Рената Литвинова қатысқан.

Роуд-муви

Роуд-муви тек кейбір кинотанушылар арқылы ғана жеке жанр ретінде өзгешеленеді. Өйткені, бұл қалыпқа басқа жанрдағы фильмдер, мысалы вестерн немесе комедия кіреді. Қазақстанда фильм-саяхат ретінде негізінен, деректі картиналар көрсетіледі.

«Ұлжан» фильмінен көрініс

Дегенмен, біз роуд-мувиға жататын фильмді таптық. Ол - қазақ-француз-неміс туындысы «Ұлжан». Оқиға Қазақстан жеріне келген француз туралы, ол біздің елімізге саяхат жасап жүріп, алыстағы бір ауылдан Ұлжан есімді бойжеткенді кездестіреді. Картинада сондай-ақ, драма да көрініс тапқан.

Триллер

Көрерменді фильм кейіпкерлерін психологиялық түрде уайымдатуға бағытталған жанр. Дегенмен, біздің кинода бұл жанр аса дамыған жоқ. Зәбір көрушінің немесе қылмыс жасаушының атынан айтылған әңгіме қарапайым атыс-шабыс фильміне айналып кетеді. Біздің ойымызша, үлгі ретінде режиссер Омар Сұңқардың «Регион 13» фильмін атауға болатын сияқты. Оқиға беделді қылмыскердің атынан баяндалады, фильм барысында олардың сезімдері мен ойлары баса назар аудартады. Осының өзі солардың әлеміне барып қайтуға жеткілікті.

«Тоғызыншы ұлдан сақтан» фильмінен көрініс

Ертегі

Отандық кинематографиядан бір ғана туындыны ертегі-фильмге жатқыздық. Ол кеңес кезеңінде түсірілген. Бұл – режиссерлер Виктор Чугунов пен Виктор Пусурмановтың қазақ фольклорының негізінде жасалған «Тоғызыншы ұлдан сақтан» атты картинасы.

Қорқынышты фильмдер

Қазақстанда құпиялы, түсініксіз оқиғалар жайлы фильм түсіреміз деп, көрермендерді бір қорқытып алған. Ренат Елубаевтың «Полигон» фильмін көбісі біле бермейді. Туынды авторлары триллерге жақын санатты таңдап, психикасы бұзылған адамдар туралы түсірді. «Полигон» киносының басты кейіпкерлері жабық әскери ортадағы әскерлерді өлтіретін қанішерлер болды.

«Жаужүрек Мың Бала» фильмінен көрініс

Біз жанрдың кішкентай түрлеріне тоқтала қоймадық, олардың арасында романтикалық комедия («Побег из аула: Операция Махаббат»), тарихи драма («Жаужүрек Мың Бала», «Келiн»), фэнтези-драма («Баксы», «Жел-адам»), шытырманға толы фильмдер («Ход конем») немесе түрлі жанрлардың бірігуі («Шу-Чу» атыс-шабыс-комедия-шытырман) бар. Өйткені, отандық киноға байланысты үлкен энциклопедия жазуға болады. Ал «Бродвей» кинопорталы осымен бірнеше жыл бойы айналысып келеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер