È

Экология туралы Қазақстан киносы

Экология туралы Қазақстан киносы

16 жыл бұрын Астанада «Невада-Семей» қозғалысының белсенді қатысуымен Глобальды Антиядерлік Альянстың үшінші конгрессі ұйымдастырылған еді. Делегаттар сол кезде барлық ядерлік сынаққа тыйым салу ұсынысы жөнінде БҰҰ-ның бас хатшысына хат жолдады.

Қазақстандықтар сынақтың сынық салдарын және экологияға кері әсерін өте жақсы біледі. Семейдегі жабық полигонның айналасы – еліміздегі жалғыз экологиялық мәселе емес. Сондықтан, осы тақырыпқа көптеген деректі фильмдер түсірілген.

«Невада-Семей» (1989) деректі фильмінен көрініс

Белгілі болғандай, Қазақстандағы экологиялық мәселеге қатысты деректі фильмдердің көптігі ғаламторда ақпараттың жоқтығынан. Сондықтан, картиналардың көптігі де аса білінбейді.

Ең алдымен ең белгілі антиядерлік қозғалысқа арналған фильмнен бастайық. «Невада-Казахстан» (1989) деректі картинасы «Қазақфильм» киностудиясының фильм қоржынында тұр, фильм танымал жазушы Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен құрылған антиядерлік қозғалыс туралы. Қозғалыс қатысушыларының Семей ядерлік полигонына қарсы күресі режиссер Тұрсын Бейсеновтың «Эхо первого крика» картинасында да көрсетіледі. Кинематограф көрермен назарын полигоннан кейінгі жердің қазіргі жағдайына аударады.

«Невада-Семей» (1989) деректі фильмінен көрініс

Семей полигоны секілді маңызды мәселелердің бірі Арал теңізінің тартылуы. Сергей Азимовтың «Жоқтау» және «20 жылдан кейінгі жоқтау» картиналары –суалып бара жатқан теңіз тағдыры туралы, әрбір қазақстандықтардың жан жарасына айналған Арал теңізінің трагедиясы көрсетіледі. Қазірдің өзінде, барлық әрекеттерге қарамастан, теңіздің бұрынғы әсем қалпын қайтару мүмкін болмай отыр. Сондықтан, түйткілді мәселенің әр адамның санасына, жүрегіне қатты әсер ететіні хақ. Режиссерлер Арал теңізі туралы фильм түсіре отырып, оның қайғысын ғана көрсетіп қоймай, көрермендерге үміт сыйлауды да мақсат тұтты. Виктор Завидовскийдің 1998 жылы түсірілген «Такая долгая жизнь» картинасы Арал теңізі маңындағы үйін тастап, бақыт іздеп Алматыға аттанған қазақ отбасының оқиғасын баяндайды. Режиссер теңізді мол балығымен, қайнап жатқан өмірімен, мол суымен бірге әдемі көрсетеді. Бірақ, аталмыш әдемі картина жанұядағы ең үлкен мүшесінің жадында ғана сақталған, яғни, сол арқылы ол туған жеріне деген адалдығын білдіреді. Фильм орыс тіліндегі субтитрлармен қазақ тілінде көрсетіледі, режиссер эмоциялы бояумен әрленген сөздер арқылы қарапайым адамдардың шынайылығын, адалдығын, қарапайымдылығын бейнелеген.

Арал теңізінің қазіргі жағдайы

Қазақстандық деректі филмьдерде цивилизациядан алыс ауыл-аймақтағы адамдардың өмір үшін күресі туралы да көптеп түсіріледі. Арал теңізінің жанында, Сырдария маңында Қаратерен ауылы бар. Бұл ауыл құмды жерде орналасқан, жан-жағының барлығы ашық алаңқай, бұл жақта тұрғанша, тұрмаған дұрыс шығар деп те ойлайсың. Алайда, жас белсенді жергілікті тұрғын Мырзаш Исаев ауыл өмірін жақсартуға тырыстып бақты. Бұл туралы режиссер Нұрдулла Балмановтың «В течение жизни» деректі туындысында айтылады.

Алыстағы ауылдағы өмір үшін күреске Жанар Құсаинованың «Нан, от, су, күн… өмір» (1997) және Мұрат Мусиннің «Песчаный зверь» (1998) фильмдері арналған. Бұл тізімге адам өмірінің мағынасы туралы Мадина Иманалиеваның «Источник жизни» туындысын қосып қояйық.

«Пассажиры забытых полустанков» (2003) фильмінен көрініс

Тағы бір айта кетерлігі, заң бұзу арқылы экологияға зиянын тигізіп жүрген адамдарды мысалға келтіретін тележурналистер түсірген деректі фильмдер де бар. Сюжетте Өскемен тұрғыны Владимир Дубровскийдің «Семипалатинский ленточный бор. Механика уничтожения» (2002) туындысында заңсыз кесілген ағаштар мен алып-сатарларға сатқан көріністер кездеседі. Қостанай журналисті Александр Журавлев «Вагон N 68263452» (2002) сюжетінде вагондағы радиоактивті металл туралы көрсетсе, «Промысел» (2003) фильмінің авторлары заңсыз балық аулағандарды сынаған.

Кейде осындай зерттеулер деректі кино түсірушілерді басқа да тақырыптарды қозғауға итермелейді. Мысалы, Сергей Куратов пен Денис Копейкиннің «Табиғат байлығы кімнің қолында?» фильміндегідей мемлекеттік саясат туралы немесе табиғатты қорғау жайындағы «Зеленое спасение» және «Эремурус» экологиялық топтардың «Пассажиры забытых полустанков» (2003) фильмдері секілді.

«Пассажиры забытых полустанков» (2003) фильмінен көрініс

Жалпы, режиссерлер тек Қазақстан экологиясының мәселелерін ғана емес, туған жердің әдемілігін де түсіре біледі. Өскемен журналистері «Махаббат пен үміт көлі: Марқакөл» (2003) фильмінде цивилизация ауылынан алыс су құбыры туралы айтқан.

Табиғат пен экология тақырыбын танымал орнитолог, Ғылым академиясының қызметкері Алтай Жатқанбаев та қозғаған. Оның «Джек – дрофа-красотка» (1998), «На зов поющего бархана» (1998) туындыларында табиғат әсемдігі ғана емес, көркем тілде бағалы ғылыми фактілер айтылады. Владимир Дубровский осындай бағытта «Возвращение на остров пеликанов» картинасын түсірген. Алайда, анималистік экологиялық киноның үздік үлгілері ретінде қазақстандық ғылыми-танымал киноның классиктері Вячеслав Белялов пен Лариса Мухамедгалиеваның еңбектерін атауға болады. Олардың «Алтын-Емел» (1997) мен «Весенние плесы» (1997) фильмдері Қазақстан тұрғындарына өркениет алдында жануарлардың әлсіздігін, қазақстан табиғатының құрып кету қаупін баяндайды.

«Невада-Семипалатинск» (1989) деректі фильмінен көрініс

Мұнайды пайдалану, көбейіп жатқан автокөліктер, атмосфераны ластайтын зиянды заттардың көптігі – осылардың барлығы Алматыда байқалады. Қазірден бастап қоршаған ортаны қорғамасақ, кейін ұрпақтарымызға қиын болатыны анық. Экология туралы деректі фильм авторларының айтары осы ғана. Сондықтан, режиссерлардың айтарына құлақ асып, бүгіннен бастап болашағымызды қорғаушы үйренейікші!

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер