È

Топ-10 Қазақстан продюсерлері

Топ-10 Қазақстан продюсерлері

Киноға продюсерлік ету - казино ойыны секілді: жүздеген миллион қаржы салып, күйіп кетуің мүмкін, кейдң тіпті салқынқанды коммерциялық есеп - табыстың кілті емес. Алайда киноның дамуына үлес қосатын мамандар бар. Оларға демеушілер мен отандық көрермендер ақшаларын сеніп тапсырады. Өздеріңіз біліп отырғандай, бүгінгі үздік ондық Қазақстанның продюсерлеріне арналады. Олардың орындарын дауыс берген 650 респондент анықтады.

10-ыншы орын - Сергей Әзімов

Продюсер ретінде Сергей Әзімовтің қоржынында 9 жоба бар. «Қазақфильм» киностудиясының президенттігінен кеткен соң ол өзінің «Танарис продакшн» кинокомпаниясын ашты. Компания шығарған фильмдердің арасында «Шиза», «Бақсы» және «Нежданная любовь» фильмдері танымал. «Шиза» драмасы «Кинотавр» фестивалінде «Золотая роза» жүлдесін алды.

9-ыншы орын - Марина Кунарова

Жұбайы танымал продюсер Ернар Маликовпен бірге Марина MG Production компаниясын құрды. Қазір ол «Құрдастар», «Учителя» және «Пилоты» сериалдарына продюсерлік етеді. Бір қарағанда өте нәзік Марина продюсер қызметімен бірге режиссер және сценаристің міндетін атқарады.

8-інші орын - Ернар Маликов

Ернардың қоржынында 30 продюсерлік жоба бар, олардың арасында «Город А», «999» және «Обратная сторона» фильмдері жақсы танымал. Бір қызығы, «Обратноя сторона» фильмінің басты рөліне басқа актер бекітілген болатын, бірақ продюсердің қолқалауымен Санжар Мадиев ойнады.Сонымен Ернар Маликов сол сәтте енді танылып келе жатқан жас дарынды жұртқа танытты. «Охота за призраком» картинасы фильм авторларының фиольмге жұмсаған қаржылары ақталмағанымен қазақстандық кинода экшн жанрында лента түсіре алатынын көрсетті. 2014 жылы шыққан «Охота за призраком» фантастикалық атыс-шабыс фильмінің бюджеті 4 миллион доллар болды. Фильмге сіңірілген еңбек ақталды, өйткені Қазақстанда экшн жанрының жанданатынын көрсетті.

7-інші орын - Ермек Аманшаев

Елімізде танымал болған «Сказ о розовом зайце», «Возвращение в А» және «Жаужүрек мың бала» картиналарының продюсері, бұлар алғашқы демалыс күндері 147 600 000 теңге табыс тапты, осылайша отандық фильмдердің үлкен табыс түсіре алатынын көрсетті. Тарихи лента 2014 жылдың прокатында ең табысты фильм болды, түсірген пайдасы 3 миллиона доллар.

6-ыншы орын - Әлия Увальжанова

Әлия Увальжанованың продюсерлік еткен режиссері Рүстем Әбдрашевтің «Сталинге сыйлық» картинасы. Кейіннен ол «Город мечты», «Жаным» және «Мужские истории» телевизиялық фильмдеріне продюсерлік етті. Қазір Увальжанова өзінің «Новый киноформат» компаниясын басқарады.

5-інші орын - Баян Есентаева

Қазақстандық шоу-бизнестің ең танымал тұлғаларының бірі кино әлеміне «Ғашық жүрек» фильмі арқылы келді. Фильм жалпы көрерменге арналған: бұған дәлел - жұлдызды актерлық құрам. Картинаның бюджеті 500 мың долларғ кассалық табысы миллион доллар. Келесі кезекте «Хабар» арнасының тапсырысымен Esentai production студиясының «Өгей жүрек». Көпсериялы фильм көрермендерді қызықты сюжетімен, белгілі актерлерімен қуантады.

4-інші - Нұртас Адамбай

«Келинка Сабина» дебюттық картинасы 300 000 долларлық бюджетпен 610 000 доллартабыс әкелді. Екінші фильм де Нұртасқа табысты болды, 130 миллион теңге табыс тапты. Келесі жоба, «Тараз» драмасында Адамбай режиссер, продюсер, актер ретінде жұмыс істейді.

3-інші орын - Ахат Ибраев

Ахат Ибраев сотандық кинода компьютер графикасын қолданған ертегі жанрының негізін қалаушы болып саналады. «Книга легенд: Таинственный лес» картинасын жасауға 800 000 доллар жұмсалған, өкінішке орай пайда түсіре алмады. Бірақ картина Қазақстанда күрделі спецэффектілермен жоба түсіре алатын адам екенін және көрермендер де бар екенін көрсетті.

2-інші орын - Ильхам Джалилов

Ильхам Джалилов – «Көркем фильм» кинокомпаниясының бас продюсері. Ол «Сырғалым», «Достар», «Құстар әні», «Аяулы арман» фильмдеріне продюсерлік етті. Қазір кинокомпания 100 сериалы «Айман мен Шолпан» телесериалын түсіріп жатыр.

1-інші орын - Арман Асенов

Арман Асенов 2005 жылдан бастап продюсерлікпен айналысады. 11 жыл ішінде продюсер ретінде ол 17 фильм түсірді.Олардың арасында Егор Кончаловскиийдің«Возвращение в А» және Рүстем Әбдрашевтің «Көшбасшы жолы» фильмдері бар. Қазіргі кезде көптен күткен «Қазақ елі» картинасы пост-продакшн кезеңінде.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер