È

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің ажырасу себебі неде?

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің ажырасу себебі неде?

Жақында Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр Сейтмағамбеттің жанкүйерлері жұптың ажырасқаны туралы жаңалықтан есеңгіреп қалды. Некеде бір жыл ғана тұрып, балалы болған жас отбасы аяқ астынан айырылысып тынды. Олардың неліктен ажырасқанын және көптеген жұлдызды жұптардың жиі айырылысу себебін психолог Вероника Пивкина түсіндіріп берді.

Маманның айтуынша, қарым-қатынас бірнеше кезеңдерге бөлінеді: ғашықтық, жалығу, бас тарту, шыдамдылық, қызмет ету, сыйластық. Осылардың барлығынан өткен адам махаббатқа ие болады.

«Жұлдызды жұптар үнемі баспасөз өкілдерінің және жанкүйерлердің назарында жүреді. Олардың кез-келген әрекетін асыра сілтеп көрсетеді немесе бұрмаланып жазады. Мұндай жағдайларға кез-келген адам дайын бола бермейді. Жаһанданған заманауи әлемдегі адамдар шыдамсыз боп келеді, өйткені барлығы әлеуметтік желіні пайдаланады, қызмет көрсетудің жақсы мүмкіндіктері бар.

Қарым-қатынастардың көбі ғашықтық кезеңінде құрылады, сондықтан оны махаббатпен шатастырып жатады. Осылайша, ғашық жұптар үйленіп жатады. Бір немесе жарты жылдан кейін олар бір-бірінен жалыға бастайды. Ұрыс-керіс басталады, ешқайсысы шыдамдылық танытқысы келмейді. Ақыры, жұп ажырасып тынады.

Дегенмен, осындай кезде мұндай жағдайдың неліктен болып жатқанын өзіңнен сұрауың керек. Жұбыңыз екеуіңіздің араңыздағы мәселе неліктен туындады? Мен нені дұрыс істемедім? Осы сауалдарды қоя отырып, өз әрекетіңізді өзгертіңіз, шыдамдылық танытыңыз. Сонда ғана жұптар қарым-қатынастың жаңа кезеңі – қызмет етуге өтіп, одан да зор қасиеттерге: өзара сыйластық, достық пен махаббатқа ие болады»,-дейді психолог.

Ақбота-Нұр мен Дәурен 2016 жылы «Гламур для дур» фильмінің түсірілімі кезінде жүре бастады. Ол кезде Айдарқұловтың әйелі, үш баласы болатын. Кейіннен белгілі болғандай, актердің Сейтмағамбетпен бас қосуы үшінші сәтсіз некесі екен.

«Дәурен мен Ақботаға келер болсақ, екеуінің жағдайы мақсатқа жету мен сәтсіздіктерді болдырмау секілді екі түрлі мотивацияның типіне жататын сияқты. Адам баласы мақсатқа жету жолында барлығына дайын болады. Ол шыдамдылық танытып, өзін өзгертіп, өзімен-өзі жұмыс істей береді. Ал егер адам сәтсіздіктерді болдырмау мотивациясын ұстанса, бір ғана қиындықтың салдарынан барлығынан бас тартады. Бұл жұпқа екіншісі тән секілді. Дәуреннің үшінші некесінің сәтсіз болғанын ескере келе, оның қиындықтардан қашып, ұрыс-керіс орын алған кезде бірден қарым-қатынастан бас тарта салатынын түсінгендейміз»,-деп болжады маман.

Сонымен қатар, Вероника Пивкина келесі жағдайларды атап өтті. Адам орын алған бір жағдайға кінәліні өзінен емес, сырттан іздей бастайды. Ал өз әрекетін ішкі бақылауында ұстаған жан ең алдымен, сәтсіздіктерінің бастауын өзінен ғана іздейтіні анық.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер