È

Алматыда «Бойжеткен» киножобасын қолдауға рок-концерт өткізіледі

Алматыда «Бойжеткен» киножобасын қолдауға рок-концерт өткізіледі

30 наурызда Алматыда «Бойжеткен» жобасына қолдау көрсету үшін рок-концерт өткізіледі. Абдель Фифтибаевтың жастарға арналған музыкалық мелодрамасын түсіруге қаржы жинау мақсатында ұйымдастырылады. Режиссерға қолдау білдіруге Lамры Orchestra рок-тобы, алматылық The Fridays және Mela, шымкенттік Jazz Voda және қарағандылық Steppefish тобы ниетті.

«Бойжеткен» фильмі - бұлДэн мен Анель деген екі жастың арасындағы махаббат, қателік, күмән, үміт секілді сезімдері жайлы оқиға. Дэн - дарынды музыкант, ол өзінің тобын құруды армандайды. Анель Алматы жазғы демалысқа келген. Жас қыз шетелге баруды армандайды. Екі кейіпкер бір-бірімен кездесіп, ғашық болғанда бәрі өзгереді. Кейіпкерлер бір-бірі үшін армандарынан бас тарта ала ма, олар ешқашан ажыраспай, бірге бол ма?

Фильмнің алғашқы нұсқасы өткен жылы түсірілді және Испаниядағы Festival de cortometrajes Jose Francisco Rosado, Сербиядағы FreeNetWorld International Film Festival фестиваліне қатысты, сондай-ақ Польшадағы Eurоshorts халықаралық байқауының шорт-лист тізіміне енді.

жанды дауыстағы музыкадан бөлек қонақтарға лоторея ойнап, бағалы сыйлықтар ойнау ұсынылады және «Бойжеткен» фильміне қатысу мүмкіндігі туады.

Қазақстандық киноны қолдауды қалайтындарды ұйымдастырушылар 30 наурызда Hard Rock Cafe Almaty-да 19:00-де күтеді. Билет бағасы - 1000 теңге.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса