È

Болат Әбділманов

Фильмография рейтингі :

6.22 (8 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Әбділманов Болат Мәзімбайұлы - кино және театр актері.

    1960 жылы 12 қарашада Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылында дүниеге келген.  1982 жылы Алматы мемлекеттік театр және көркем сурет институтын (драма және кино актері, И. Ноғайбаева шеберханасы) бітірді.

    1985 жылдан 1992 ж. дейін - Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері. Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі (2005). 

    1992 жылдан 2006 ж. дейін - М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының «Абай» спектакліндегі Абай рөлі арқылы «Театрдың үздік актері» атанды. «Томирис» спектакліндегі рөлі арқылы «Екінші қатардағы актер» номинациясын, «Ақын... Періште... Махаббат...» спектакліндегі рөлі арқылы «Сахна тілі шебері» номинациясын иеленді. 

    2006 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Казақфильм» киностудиясының актері. 

    Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері. 

    «Тәуелсіздікке - 10 жыл» (2001) медалімен,  «Құрмет» (2009)  орденімен марапатталған. 

     

    Кинодағы рөлдері:

    • 2011 - Братья - 2 / Ағайынды-2 (Қазақстан, аяқталмады) - Айбар, жаттықтырушы Қуаныш
    • 2011 - Алдар Косе / Алдар Көсе (Қазақстан) – бас қади 
    • 2008 – Откройте дверь - я счастье! / Есік ашыңыздар – мен бақытпын! (хикая, Қазақстан) - Аманжол 
    • 2007 – Однажды в багажнике / Бір күні жүк салғышта (Қазақстан) - Ербол
    • 2007 - Застава / Бекет - шейх
    • 2001-2003 - Саранча / Шегіртке (хикая, Қазақстан) - Дастанов
    • 1997 – Ожидание / Сағыныш (Қазақстан) - Боранбай
  • Жыл Фильмнің атауы
    2008 Махамбет Актер
    2008 Қош бол, Гүлсары! Актер
    2009 Біржан сал Актер
    2009 Арман қала Актер
    2009 Лавэ Актер
    2009 Афалинаның секірісі Актер
    2009 Ағайындылар Актер
    2010 Жерұйық Актер

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Қазір талқыланып жатқандар
Пролетая над ласточкиным гнездом

Nestled in the heart of the city, Adessobistro is a charming coffee shop that offers a warm and inviting...

adessobistro Coffee

30 Маусым 12:40

Едоки картофеля

Cупер!

ivan.dalmatov.88

09 Февраля, 2025

КарЛАГ в Бильбао: начало съемок казахстано-испанского фильма для Netflix

Liga788 serves as a specializing in comprehensive coverage of sports events.

songakare

26 Января, 2025