È

Арыстанбек Мұхамедиұлы

  • Кәсібі

    Экс - министр культуры и спорта Республики Казахстан

  • Туған күні

    11.02.1963

  • Туған жері

    Тұздыбастау ауылы, Талғар ауданы, Алматы облысы

  • 1963 жылы 11 ақпанда Алматы облысы, Талғар ауданы, Калинин атындағы колхозда (қазір Тұздыбастау ауылы) дүниеге келген.

    1981 жылы А. Жұбанов атындағы Республикалық мамандандырылған музыкалық мектепті бітірген.

    Еңбек жолын 1984 жылы Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Мемлекеттік симфониялық оркестрдің әртісі болып бастаған.

    1986 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының виолончель сыныбын бітріген.

    1991-1993 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің бас маманы болып қызмет атқарады.

    1993 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрінің көмекшісі болып тағайындалған.

    1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару Мектебін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдайды.

    1997-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясының Президент оркестрінің басшысы қызметін атқарған.

    2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын тәмамдаған, 2003 жылы кандидаттық диссертацияны сәтті қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алады.

    2003 жылы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы» РМҚК бас директоры, 2005 жылы - «Қазақ әуендері» АҚ президенті.

    2006 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Вице-министрі қызметін атқарған.

     2007 жылдан бері Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі, Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы.

    2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының ректоры болып тағайындалды.

    А. Мұхамедиұлы көлемді ұйымдастырушылық жұмысымен қатар, шығармашылық салаға да көңіл бөліп тұрады. Ол үрмелі оркестрге арналған марштардың, «Бақыт құсы», «Жастар вальсі» шығармаларының, «Астана», «Асыл сезім», «Достарым» және т.б. әндердің, сондай-ақ мәдениет пен өнер мәселелеріне арналған көптеген музыкалық туындылардың авторы болып табылады.

    2011 жылы «Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті ЮНЕСКО серіктестігінің аспектісінде» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

    2014 жылдың 13 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі болып тағайындалды.

    2014 жылдың 6 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.

    2018 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Kazakh Tourism ұлттық компаниясының  директорлар кеңесінің құрамына енді.

     

    Жүлделері:

    Ресей өмірбаяндық институтының нұсқасы бойынша, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ресейде «28 панфиловшылар» фильмінің құрылуына атсалысқаны үшін «Жыл адамы – 2016» атанды.

    Құрмет  ордені (2010)

    Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері

    «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы

    «Астана» естелік медалі

    «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлы медалі (2001)

    «ҚР Конституциясына 10 жыл» мерейтойлы медалі (2005)

    «Астанаға 10 жыл» мерейтойлы медалі (2008)

    Қазақстан Республикасы білімінің құрметті қызметкері

    Кореяда Қазақстан Республикасы мәдениет саласындағы «World master»

    «Жыл менеджері - 2012» жүлдесінің лауреаты

    «Ынтымақтастық» ордені (ТМД мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеясы, 2015).

  • Жыл Фильмнің атауы

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06