È

Әсел Сағатова

Фильмография рейтингі :

6.08 (11 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Сағатова Әсел Ермекқызы - актриса, тележүргізуші, сәнбике.

    1985 жылы 5 мамырда Семейде дүниеге келген.

    әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне тегін оқуға түседі. Халықаралық қатынастар факультетін қызыл дипломмен бітірген. Магистратурада оқып жүріп, отандық телеарналардың бірінде музыкалық бағдарламаның жүргізушісі болып жұмыс істейді. Сонымен қатар, бір продюсерлік орталықта концерт ұйымдастырумен айналысқан.

    Қазіргі таңда түрлі киноларға түсіп жүр және демалыс күндері эфирге шығатын «Халықтық лотерея» бағдарламасының жүргізушісі. Сондай-ақ, «Қазақстан» АҚ РТРК менеджері болып қызмет атқарады.

    Кинодағы мансабын танымал қырғыз жазушы Шыңғыс Айтматовтың аттас кітабының желісімен түсірілген «Мәңгүрт» фильмінен бастаған. Сонымен қатар, бірнеше қазақстандық және қазақстан-ресей фильмдеріне түскен. «Махаббат тәлкегі», «Рэкетир» фильмдерінде басты рөлді сомдаған. Әсіресе, «Махаббат тәлкегі» фильмінен соң Әсел үлкен танымалдылыққа ие болды.

    2000 жылы «Мисс 31 арна» атауын алған және «Мисс фотомодель» байқауларына қатысқан.

    2012 жылдың аяғында Әнуар Нүрпейісовпен бірге Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерінің» аудионұсқасын орыс тілінде дыбыстаған. Абайдың «Қара сөздерінің» ұялы телефондағы қосымшасы Қазақстандағы ғаламторлық жүктеуде 3-орынға ие болды. Әсел Камалтин Мұхамеджановтың (Қарағанды облысының бұрынғы әкімі, Қазақстан Республикасы экологиясының экс-министрі) ортаншы ұлы, кәсіпкер Радий Мұхамеджановқа күйеуге шықты.  

    Радий бұрын мемлекеттік қызметте істеген (Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті). Қазіргі таңда Алматыда тұрады, жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

    2014 жылдың 29 мамырында Әсел алғаш рет ана атанды. Тұңғышының есімі – Алдияр, БАӘ-де дүниеге келген. 

     

    Кинодағы рөлдері:

     

    • 2013 Атпен жүру / Ход конём (Армения, Қазақстан) - Әйгерім – басты рөл
    • 2013 Бауыржан Момышұлы (кіші көлемді хикая, Беларусь, Қазақстан) - Жамал, Бауыржан Момышұлының жары
    • 2006 Қызыл жусан / Красная полынь (Қазақстан)
    • 2004 Мәңгүрт / Плач матери о манкурте (Қырғызстан)
  • Жыл Фильмнің атауы
    Көбелек Актриса
    2007 Рэкетир Актриса
    2008 Махамбет Актриса
    2009 Афалинаның секірісі Актриса
    2010 Махаббат тәлкегі Актриса
    2012 Құрбылар Актриса
    2012 Студент Актриса
    2013 Атты жүріс Актриса
    2014 Елес аңшылары Актриса
    2015 Рэкетир 2: Жаза Актриса
    2016 Аудандар Актриса

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Gulzhan Kaya

10 маусым 2014, 20:57

Супер красавица!

Даник

3 наурыз 2018, 01:02

Красивая, талантливая

Қазір талқыланып жатқандар
Пролетая над ласточкиным гнездом

Nestled in the heart of the city, Adessobistro is a charming coffee shop that offers a warm and inviting...

adessobistro Coffee

30 Маусым 12:40

Едоки картофеля

Cупер!

ivan.dalmatov.88

09 Февраля 12:10

КарЛАГ в Бильбао: начало съемок казахстано-испанского фильма для Netflix

Liga788 serves as a specializing in comprehensive coverage of sports events.

songakare

26 Января 21:03