È

Бибігүл Төлегенова

Фильмография рейтингі :

6.87 (4 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Төлегенова Бибігүл Ахметқызы - кеңестік қазақ опера әншісі (колоратурлы сопрано), актриса, педагог.

    ҚазССР кезінде 1929 жылы 16- желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. 

    ҚазССР Халық әртісі (1959).

    КСРО Халық әртісі (1967).

    1954 жылы Алматы қаласындағы консерваторияны бітірген. 

    1954-56 ж.ж. және 1971 ж. бастап - Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының солисті (Алматы қаласы)

    1956 ж. бері - Құрманғазы атындағы Қазақ филармониясының Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт-аспаптар оркестрінен құралған труппаның солисті. Оркестр труппасымен бірге бүкіл КСРО елдеріне гастрөлдік сапармен барды. 1958 жылы эстрада әртістері Бүкілкеңестік байқауының лауреаты атанды. 

    Гастрөлдермен шетелдерге шыққан (Қытай, Польша, ГДР, Вьетнам, Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Чехословакия, Канада, Швеция, Франция, Италия).

    БК Қазақ ССР-нің 7-9-жиналыстарының депутаты (1968—1982).

    1980  жылдан бастап, күні бүгінге дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында вокал сыныбында сабақ береді, профессор (1982).

    Бибігүл Төлегенованың Халықаралық вокалшылар байқауының көркемдік жетекшісі әрі қазылар алқасының төрағасы (2001, 2004, 2007, 2010, 2011, 2012, 2014). 

    Концерттерде халық әндері мен классикалық әндерді орындайды. 

    Әншінің әр түрлі репертуарының құрамына: «Гayhap тас», «Жиырма бес» халық әндері, қазақ композиторларының туындылары: Л. Хамидидің «Бұлбұлы», Е. Брусиловскийдің «Қос қарлығашы», М. Төлебаевтың «Еске алуы», Е. Рахмадиевтің «Тарантелласы», С. Мұхамеджановтың «Көктем вальсi» және П. И. Чайковскийдің, С. В. Рахманиновтың романстары, Н. Римский-Корсаков операсының арийлері, батыс композиторларының туындылары (Г. Доницетти, Э. Григ, Ф. Шуберт) және т.б. кірген. Р. Глиэр мен С. Мұхамеджанов оркестрімен бірге концерттерде ән шырқады. 

    Әнші үш рет тұрмыста болған. Қыздары — Гүзел және Мәриямгүл (2007 ж. өмірден өткен), ұлы — Төлеген.

     

     

    Кинодағы рөлдері: 

     

    • 2011 Балалық шағымның аспаны / Небо моего детства (Қазақстан) - Нұрсұлтанның апасы 

    • 2011 Алдар Көсе | Алдар Косе (хикая, Қазақстан) - Алдардың апасы 

    • 2005 Вокалды параллельдер / Вокальные параллели (Ресей, Қазақстан)

    • 1968 Тақиыл періште / Ангел в тюбетейке - эпизод

    • 1957 Біздің сүйікті дәрігер / Наш милый доктор - әнші (А. Зацепиннің «Көктем вальсін» шырқайды)

    • 1955 Бұл Шұғылада болған еді / Это было в Шугле - Майра, радиоторап қызметкері 

    • 1954 Дала қызы / Дочь степей - Қарашаш

     

    Вокал:

     

    • 1975 Жұлдызыңды сақта | Храни свою звезду (КСРО)

    • 1955 Бұл Шұғылада болған еді / Это было в Шугле - әндер орындайды 

     

    Фильмдерге қатысуы:

     

    1980 Бибігүл ән шырқайды (деректі фильм)

     

    Опералық топтамасы:

     

    • «Қыз Жібек» Е. Брусиловский — Қыз Жібек

    • «Абай» А. Жұбанов және Л. Хамиди — Ажар

    • «Еңлік-Кебек» Ғ. Жұбанова — Еңлік

    • «Алпамыс» Е. Рахмадиев — Гүлбаршын

    • «Алтыншаш» Н. Жиганов — Алтыншаш

    • «Травиата» Дж. Верди — Виолетта

    • «Риголетто» Дж. Верди — Джильда

    • «Севильский цирюльник» Дж. Россини — Розина

    • «Дон Паскуале» Г. Доницетти — Норина

    • «Дон Жуан» В. Моцарт — Церлина

    • «Ақшақар» Н. Римский-Корсаков — Ақшақар 

     

    Дискографиясы:

     

    • 2002 Cүйiктi Әндер (Beloved Songs/Любимые песни)

    • 2005 «Қазақстан мәдениетіндегі үздік вокал шеберлері» CD-і (Ермек Серкебаев, Роза Жаманова, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев), «Асыл Мұра» тобының оныншы шығарылымы. 

    • 2006 Бибігүл Төлегенова. «Special Edition», Вокалды антологиясы (10 CD)

    • 2011 «Алтын ай астында» (архивті жазбалар)

     

    Жүлделері мен марапаттары:

     

    • 2014 Гуманитарлық саладағы «Достастық Жұлдыздары» Халықаралық-мемлекеттік жүлдесі (ТМД мемлекеттері қатысушыларының гуманитарлық серіктестік жөніндегі Кеңесі )

    • 2012 Алматы қаласының құрметті азаматшасы 

    • 2011 Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматшасы 

    • 2002 Қазақстан жұлдыздар аллеясында жеке жұлдызы бар 

    • 2001 Жалпыұлттық тәуелсіз «Тарлан» жүлдесі («Музыка» бөлімі бойынша «Қосқан үлесі үшін», «Қазақстан меценаттар клубы»)

    • 2001 «Қазақстанның музыка мәдениетіне қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Жыл адамы»

    • 2000 «Отан» ордені 

    • 1999 Астана қаласының құрметті азаматшасы 

    • 1999 Қазақстан Республикасы Президентінің жеке Алтын белгісі 

    • 1991 Социалистік Еңбек Ері (21 желтоқсан)

    • 1970 КСРО Мемлекеттік сыйлығы 

    • 1966 Күләш Байсейітова атындағы ҚазССР-ның Мемлекеттік сыйлығы

  • Жыл Фильмнің атауы
    1957 Біздің сүйікті дәрігер Актриса
    1968 Тақиялы періште Актриса
    2005 Вокалды параллельдер Актриса
    2011 Балалық шағымның аспаны Актриса

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Remet

29 желтоқсан 2016, 15:14

Легенда Казахского народа!

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06