È

Ділназ Ахмадиева

Фильмография рейтингі :

6.26 (2 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Ахмадиева Ділназ Мұратқызы – әнші және актриса       

    1980 жылы 20 қарашада Алматы қаласында музыканттар отбасында дүниеге келген. Әкесі – Мұрат Ахмадиев (1950), музыкант, танымал «Яшлык» ұйғыр поп-ансамблінің негізін қалаушы (1974), Қазақстан Республикасының халық әртісі (1998), ұзақ жылдар бойы Алматыдағы Куддус Кожамьяров атындағы Мемлекеттік ұйғыр театрының директоры болды (1984—2007), 2007 жылдан бері Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты. Ділназ Ахмадиева екі әртістер отбасының дәстүрін  жалғастырушы болып табылады, 4 жасынан бастап «Сиқырлы алма» балалар фантастикалық фильміне түсіп, мансабын бастаған. Екі жылдан кейін Алматыдағы ұйғыр театрының сахнасында сол кезде танымал болған «Шатырдағы құс» әнін орындады. 10 жасында қазақ телевидениесі оның 30 минуттық жеке би көрсетілімінен бағдарлама түсірді. 1993 жылы Ділназ алғаш рет Республика сарайының сахнасына шықты. 1997 жылы лицейді аяқтап, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік халықаралық тілдер университетін «аудармашы-референт» мамандығы бойынша аяқтады. 1997 жылдан бастап Мемлекеттік ұйғыр театрының әншісі ретінде жұмыс істеді. Продюсер Руслан Тохтахуновпен, Гулвира Илахуновамен («Мені енді көрмейсің» әні), Әділ Жамбакиевпен («Бір жолы болар» әні) тығыз байланыста болды.

    2002 жылы Юрмалада өткен «Жаңа толқын» ән байқауына Қазақстан атынан қатысты.

    2004 жылы «Көшпенділер» жобасының түсірілімінен кейін Голливудта, Колифорния штатында актерлік шеберлік курсынан өтті. Қазіргі уақытта Ділназ Ахмадиева жеке шығармашылығынан бөлек, «Embassy of Art» продюсерлік орталығын басқарады. 2011 жылы 17 қыркүйекте Астана қаласының мейрамханаларының бірінде Ділназ Ахмадиева мен бизнесмен Ахмадтың тойы өтті.

    2012 жылы «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.

     

    Кинодағы рөлдері:

    • 2009  Мәскеу, сені жақсы көремін / Москва, я люблю тебя! ( «Таксист»  новелласы, Ресей)
    • 2006 Көшпенділер / Кочевник | The Warrior  (Қазақстан) - Хоча
  • Жыл Фильмнің атауы
    2005 Көшпенді Актриса
    2018 Свадьба.kz Актриса

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06