È

Гүлнар Әбікеева

  • Кәсібі

    Кинотанушы

  • Туған күні

    12.01.1962

  • Туған жері

    Алматы, Қазақстан

  • Гүлнар Ойратқызы Әбікеева - танымал қазақстандық кинотанушы және киносыншы, «Еуразия» кинофестивалінің директоры, Қазақстан және Орталық Азия кинематографиясы жайлы 7 әдеби басылымның авторы, сондай-ақ көптеген халықаралық және республикалық мақалалардың авторы, 6 монография мен альбомның, жинақтардың редакторы, «Тұран» университетінің «Кино өнері» кафедрасының профессоры. 1962 жылы 12 қаңтарды Алматы қаласында дүниеге келген. 1984 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография институтының кинотану факультетін бітірді. Сонда «Батыс және шығыс мәдениеттерінің әлемдік кинематографиялық процесстердегі өзара әрекеттестігі» тақырыбында диссертация қорғады (1990). 2010 жылы «Аймақтың мәдени ерекшелігін қалыптастыру контексіндегі Орталық Азия кинематографиясындағы отбасының бейнесі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

    1984 жылдан бері «Қазақфильм» киностудиясының сценарийлік-редакциялық алқасының аға редакторы.

    «Азия кино» журналының бас редакторы (1991-1994);  Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының «Кино тарихы және теориясы» кафедрасының меңгерушісі (1994-1997); «Сорос-Қазақстан» қорының «Мәдениет және өнер», «Бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау» бағдарламаларының үйлестірушісі (1997-2003). Фулбрайт стипендиаты, Боудоин колледжі (АҚШ, 2002-2003).  

     «АСТВ» телеарнасының бас продюсері (Астана қаласы, 2003-2004).

     «Орталық Азия кинематография орталығы» қоғамдың қорының директоры (2004-2009).

    «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалімен марапатталған (2006).

    «Еуразия кино» журналының бас редакторы (2006-2008).

    «Территория кино» журналының бас редакторы (2009-2010).

    Т. Жүргенов атындағы Өнер академияның кино кафедрасының доценті, диссертациялық кеңестің мүшесі (2009-2011).

    2012 жылдан бастап «Тұран» университетінің «Кино өнері» кафедрасының профессоры.

    Көптеген халықаралық конференциялар мен фестивальдерге қатысты: Халықаралық конференциядағы баяндамалары: Нью-Йорк (АҚШ, 2002), Жаңа Орлеан және Филадельфия (АҚШ, 2007, 2008), Бангалор (Үндістан, 2008), Оксфорд және Кембридж (Ұлыбритания, 2009), Мәскеу (Ресей, 2010), Дели (Үндістан, 2012).

    Халықаралық кинофестивальдердің әділқазы мүшесі: Алматы (Қазақстан, 2003), Оберхаузен (Германия, 2004), Карловы Вары (Чехия, 2006), Висбаден, Коттбус  (Германия, 2006), Дженджу (Оңтүстік Корея, 2007), Берлин (Германия, 2008, 2009), Сингапур (Сингапур, 2009), Абу Даби (БАӘ, 2011).

    1998 жылдан ҚР Кинематографистер одағының мүшесі.

    «ФИПРЕССИ» Халықаралық киносыншылары федерациясының мүшесі.

    НЕТПАК Азия киносыншылары қауымдастығының мүшесі.

     

    Кітаптар мен журналдардағы 50-ден астам, газеттер мен интернет-сайттардағы 200-ден астам мақаланың; «International Film Guide» үшін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстанның кинематографияларына шолудың; Халықаралық киносыншылары федерациясының FIPRESCI сайтындағы, британдық www.kinokultura.com сайтындағы, «Сіпетауа» үнді журналындағы, ресейлік «Кино мәдениеті» және «Кинофорум» журналдарындағы мақалалардың авторы.

    «Орталық Азия киносы» кітабына Гильдия кинотанушылары мен Ресей киносыншылары тарапынан «Ақ піл» сыйлығы берілді (2001). «Қазақстандағы және Орталық Азияның басқа елдеріндегі ұлттық құрылыс және осы үдеріс кинематографта қалай көрініс табуда» кітабы үшін - «Құлагер» сыйлығын, Қазақстанның Кинематографистер одағы - жылдың ең үздік кинематография жұмысы үшін жүлдесін иеленген (2007).

     

    Авторлық кітаптары:

    • 2013 «Кинодом Махмальбаф»
    • 2008 «Киноплакат. Қазақстан»
    • 2006 «Қазақстандағы және Орталық Азияның басқа елдеріндегі ұлттық құрылыс және осы үдеріс кинематографта қалай көрініс табуда»
    • 2003 «The Heart of the World: Films from Central Asia»
    • 2001 «Орталық Азия киносы».
    • 1998 «Жаңа қазақ киносы»

     

    Буклеттердің авторы:

    • 2008 жылы Орталық Азияның деректі киносы: «Ұлттық өзіндік сананың қалыптасуының екі дәуірі» атты Орталық Азияның деректі фильмдерінің DVD топтамасына құрастырылған.
    • 2006 жылы Орталық Азияның ойын фильмдерінің «Орталық Азия киносындағы ұлттық өзін-өзі анықтаудың екі дәуірі: 60-шы және 90-шы жылдар» DVD топтамасына құрастырылған.
  • Жыл Фильмнің атауы

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06