È

Гүлнар Дусматова

Фильмография рейтингі :

5.81 (10 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Гүлнар Абдуллақызы Дусматова - киноактриса, ҚР Халық әртісі.

    Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі (1991).

    1964 жылы 5 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген.

    1989 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.

    12 жасынан бастап киноға түсіп келеді. Оның кинодағы дебюті Абдолла Қарсақбаевтың «Даладағы қуғын» фильміндегі Айгерім рөлі (1979). Фильм айтарлықтай табыс әкелді. 1982 жылы Гүлнарды телевидениеге диктор ретінде шақырды. Артынша Гүлнар көптеген телевизиялық жобаларға түсті, халықаралық музыка фестивалі «Азия дауысында» жүргізуші болды.

    1985 жылдан бастап Г. Дусматова Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында штаттағы актриса. Отыз жылдық шығармашылық тәжірибесінде 20-дан аса фильмге түсті, сондай-ақ «Тоғысқан тағдырлар» және «Шегіртке» қазақстандық хикаяларында ойнады. 1985 ж. Минскіде өткен Бүкілодақтық кинофестивальде «Адамдық фактор» фильміндегі ролімен «Ең үздік әйел бейнесі» үшін жүлдесін жеңіп алды.

    1996 жылы Стриндбергке арналған «Фрекен Жюли» спектаклін «Театрландырылған тарту» студиясы қойды, онда Гүлнар басты рөлде ойнады. Бұл Қазақстан театрындағы ерекше оқиға болды.

    Музыкалық  фестивальдер мен концерттерге қатысады. Әсіресе «Алматы - махаббатым менің», «Қарағанды - жастығымның қаласы» ретро-фестивальдерінде өнер көрсетіп, көрерменнің көңілінен шықты. 2009 жылдан бері Гүлнар Дусматова «Кино аймағы» телевизиялық бағдарламасының жүргізушісі («Қазақфильм» киностудиясы және «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша). Әлеуметтік топтар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде «Қазақстанның жыл таңдауы» байқау-фестивалінде 2000 жылы «Жыл актрисасы» атанды. Кинематография саласындағы еңбегін бағалап, Гүлнар Дусматованы 31-ші Мәскеу кинофестиваліне әділқазы ретінде шақырды. 

     

    Кинодағы рөлдері:

    • 2015 – Сағы сынбас / Несломленный (Қазақстан)
    • 2012 – Аңыздар кітабы. Жұмбақ орман / Книга Легенд. Таинственный Лес (Қазақстан) - Ұмай ана
    • 2011 – Астана - жүрегім менің / Сердце моё - Астана (Қазақстан)
    • 2011 – Жоюшы / Ликвидатор (Қазақстан) -  Мараттың әйелі
    • 2011 – Ағайындылар / Братья (Қазақстан)
    • 2010 – Серпіліс / Рывок (Қазақстан) -  Қанаттың анасы
    • 2010 – Жол сақшылары / Гаишники (Ресей, Украина) - Мэй Линг, әнші
    • 2010 – Соңғы ән / №14 фильм // Последняя песня | Фильм № 14
    • 2010   «А»-ға оралу /  Возвращение в «А» (Қазақстан, Ресей) - Сәуле, Мараттың әйелі
    • 2010 – Астана - махаббатым менің / Астана – любовь моя (хикая, Қазақстан, Түркия) - Айгүл,  Маржанның анасы
    • 2008 – Есікті ашыңдар – мен бақытпын! / Откройте дверь - я счастье! (Қазақстан) - Шолпан
    • 2007 – Шекара / Застава - Ситора, Надир-шахтың әйелі
    • 2006 – Жел адам / Человек-ветер - Ханума
    • 2001-2003 Шегіртке / Саранча (хикая, Қазақстан) - Жібек, жұмбақ әйел
    • 1996-2000 Тоғысқан тағдырлар /  Перекресток (хикая, Қазақстан) - Гаухар Сұлтанова, адвокат, өткені бұлыңғыр әйел.
    • 1995 - Кардиограмма (Қазақстан)
    • 1994 – Үнсіздік кодексі-2 / Кодекс молчания-2 (Ресей, Өзбекстан) - Гезель, хатшы  (титрда Г.Дусматова)
    • 1992 – Түстегі түс / Сон во сне (Қазақстан)
    • 1991 – Мақсатты іске қосу / Бегущая мишень
    • 1988 – Табиғат көрінісі спринтер көзімен / Пейзаж глазами спринтера - Мээрим
    • 1984 – Адамдық фактор / Человеческий фактор - Дария Қаратаева
    • 1983 – Жеңілмейтін / Непобедимый - Лайло
    • 1983 – Кінәңді өте / Искупи вину
    • 1982 – Қызыл киіз үй / Красная юрта - Бәтима
    • 1981 – Үш күндік мереке / Три дня праздника - Ақбота – басты рөл
    • 1981 – Ауылдық роман / Провинциальный роман
    • 1980 – Қағынған балалар / Невозможные дети
    • 1979 – Даладағы қуғын / Погоня в степи - Әйгерім

     

    Дыбыстауы:

    • 2008 - Мұстафа Шоқай (Ресей, Қазақстан) - Мария Горина-Шоқай
  • Жыл Фильмнің атауы
    1982 Қызыл отау Актриса
    1995 Кардиограмма Актриса
    2007 Шекара Актриса
    2007 Жел-адам Актриса
    2010 Астана – махаббатым менің Актриса
    2010 Серпіліс Актриса
    2011 Жоюшы Актриса
    2012 Қара Шаңырақ Актриса
    2012 Жүрегім менің - Астана Актриса
    2016 Аудандар Актриса

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Gulzhan Kaya

10 маусым 2014, 20:45

Красавица!!!Моя сестрёнка на вас очень похожа)))

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06