È

Илья Коробейников

Фильмография рейтингі :

6.39 (9 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Илья Коробейников – Кино мен ТВ дыбыс режиссері.

    SKARABEI STUDIO-да «SKARABEI STUDIO-ның» басшысы.

     

    Өмірбаяны:

     

    Илья Коробейниковтың жанұясы шығармашыл жандардан құралған. Оның атасы жас кезінде 1934 жылы режиссер Григорий Александровтың КСРО-дағы ең алғашқы «Көңілді балалар» атты музыкалық комедиясының түсіріліміне қатысқан. Сандалбай баланың рөлін сомдаған. Сол фильмдегі басты актерлар Леонид Утесов пен Любовь Орлова болды. Осы хикая Ильяны шабыттандырып, өмірлік жолын айқындағандай. Ол мектеп жасында КТА ойындарына қатысты, музыкалық ансамбльде соқпалы қондырғыда, гитарада ойнады, мәтіндер мен әуендер жазды. 1998 жылы көркемдік мектебін аяқтады, Ильяның үйінде алғашқы Panasonic бейнекамерасы және Polaroid фотоаппараты пайда болды, осылайша кинематографты меңгеруге кірісті.

    Мектеп бітірген соң, ол Санкт-Петербургке оқуға түседі. Сол жақта Наталья Крачковскаяның актерлік шеберлік курсын бітіреді. MTV телеарнасында виджей болған.

    Досының шақыруымен «Рэкетир» фильмін көріп болған соң, Алматыға түбегейлі көшіп келеді де, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ продюсері» мамандығына тапсырады. Бірақ, ақыры оқуды бастай алмады, өйткені ақкөңіл жандар бұл идеядан арылтып, бірден «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмінің түсірілім алаңына Бум оператор, кейін дыбыс операторы қызметіне шақырады.

     

     

    Кинодағы жұмыстары:

     

    2009 ж. «Серпіліс» көркем фильмі – Дыбыс операторы. 

    2010 ж.  «Уранды дауыл» көркем хикаясы -  Дыбыс операторы. Дыбыс режиссері.

    2011 ж. «Бақыт құсы» көркем фильмі – Дыбыс режиссері.

    2012 ж. НТК телеарнасы - «Вузерлер» хикаясы, 2 маусым - Дыбыс режиссері.

    2013 ж.  Музыкалық бейнебаяндарды көркем түрде дыбыстық дизайнмен әрлеу: Royal Band — Joker, Exclusive Band — Махаббатым менің, Exclusive Band / Парвиз Назаров — Сен және Мен. 

    2013 ж. Kazakh TV телеарнасы – 500-ден астам « NOTE of DAY» музыкалық бағдарламасы

    2013 ж. «Хабар» агенттігі, «Айтұмар» телевизиялық бағдарламасы.

    2014 ж. «Шытырман оқиға» көркем фильмі – Алаңдағы дыбыс режиссері.

    2014 ж. «Дәмелi» көркем фильмі (Арал), «Қазақфильм» - Дыбыс режиссері.

    2015 ж. КТК телеарнасы - «Жоғары жаққа құлдилау» көркем хикаясы – Дыбыс режиссері.

    2015 ж. 7 телеарна - «ARAI MEDIAмен» бірге «Өмір сынағы» хикаясы - Дыбыс режиссері. 

    2015 ж. 7 телеарна - «ARAI MEDIAмен» бірге «Шалғайдағы оқиға» хикаясы  - Дыбыс режиссері.

    2015 ж. 7 телеарна - «ARAI MEDIAмен» бірге «Кейін шегіну тарихы» - Дыбыс режиссері.

    2016 ж. «CHARM OF LIFE» көркем фильмі, «TF Productions» - Дыбыс режиссері.

    2017 ж. 7 телеарна, «Бір суреттің сыры» - шынайы өмірдегі түрлі хикаялардың көпбөлімді альманахы - Дыбыс режиссері.

    2018 ж. Qazaqstan телеарнасы - «AMGмен» бірге «Арманға 20 қадам» хикаясы - Дыбыс режиссері.

    2018 ж. НТК телеарнасы - «AMGмен» бірге «Телепорт - 2» хикаясы - Дыбыс режиссері.

     

    Отыздан аса қысқаметражды фильмдері бар, солардың кейбіреуі:

     

    «Келісім»                                             Қоюшы-режиссері: Артем Ганцев

    «Алматы – Шымкент»                       Қоюшы-режиссері: Жасұлан Пошанов

    «Ақ мол болсын»                               Қоюшы-режиссері: Нұргелді Садығұлов

    «Ата»                                                   Қоюшы-режиссері: Анар Жүнісова

    «Мизам»                                              Қоюшы-режиссері: Елена Лисасина

  • Жыл Фильмнің атауы
    Астанаға жиырма қадам (Хикая) Дыбыс режиссёрі
    2011 Уранды дауыл Дыбыс операторы
    2013 Joker Дыбыс режиссёрі
    2013 Ана жұмағы Дыбыс операторы
    2016 16 қыз Звукорежиссер речевого озвучение и саунд дизайнер
    2018 Қалай да той жасау Звукорежиссер речевого озвучение и саунд дизайнер
    2018 Самая красивая Звукорежиссер речевого озвучение и саунд дизайнер
    2018 Жолсеріктер Дыбыс режиссёрі
    2018 Саташ Дыбыс режиссёрі

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06