Ольга Орлова
-
Кәсібі
Актриса
-
Туған күні
13.11.1977
-
Туған жері
Мәскеу, Ресей
-
Ольга Юрьевна Орлова (шын тегі - Носова) - ресей эстрада әншісі, актриса, әндердің авторы. Қыздардан құралған «Блестящие» (1995—2000 ж.ж.) поп-группасының солисті.
1977 жылы 13 қарашада Мәскеу қаласында дүниеге келген. Мәскеу экономика-статистикалық институтының экономика факультетін бітірген. «Блестящие» тобынан кеткенннен кейін бір жылдан кейін, 2001 жылы Ольга жеке мансабын бастады. 2002 жылдың қарашасында Ольга Доминикан Республикасына Бірінші арна ұйымдастырған «Соңғы кейіпкер - 3» реалити-шоуының үшінші маусымына қатысуға барады. 2009 жылдың наурыз айында Ольга Бірінші арнаның «Екі жұлдыз» музыкалық шоуына қатысқан. Ольганың серіктесі - актер Дмитрий Харатян болды. «Миллениум» театрында жұмыс істейді. Ажырасқан, Артем есімді ұлы бар (2001 ж.т.)
Кинодағы рөлдері:
1991 — Анна Карамазофф — Мари
2002-2009 — Соңғы батыр / Последний герой (хикая) — камео, өзін ойнайды
2003 — Алтын ғасыр / Золотой век — Графиня Ольга Жеребцова-Зубова
2004 — Ұрылар мен жезөкшелер / Воры и проститутки. Ғарыштағы сыйақы.
2004 —Ән мен әуен / Слова и музыка — әділ-қазы
2006 —Махаббат-сәбіз / Любовь-морковь — Лена, Маринаның құрбысы
2008 —Махаббат-сәбіз 2 / Любовь-морковь 2 — Лена, Маринаның құрбысы
2010 — Махаббат тәлкегі / Ирония любви — Женя, Әселдің құрбысы
2010 — Зайцев, жақ! / Зайцев, жги!— камео, өзін ойнайды
2010 — Қысқы ұйқы / Зимний сон — Юля
2011 —Менің ессіз отбасым! / Моя безумная семья! — Клавдиева
2011 — Махаббат- сәбіз 3 / Любовь-морковь 3 — Лена, Маринаның құрбысы
2012 — Екі газетші / Два газетчика (қысқаметражды) — Соловьёва
-
Жыл Фильмнің атауы -
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін