È

Сатыбалды Нарымбетов

Фильмография рейтингі :

6.35 (13 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Нарымбетов Сатыбалды (Сәкен) Жәлелұлы - кинодраматург, кинорежиссер, жазушы.

    1946жылы 8 наурызда Шымкент облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылында дүниеге келген.

    БМКИ-дің (ВГИК) сценарийлік факультетін бітірген (1969); СРЖК ((ВКСР) КСРО Госкино жанынан құрылған сценаристер мен режиссерлар жоғары курсы, Г. Данелия шеберлігі, 1984).

    КСРО кинематографистер Одағының мүшесі (1973); Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі.

    ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996); Жорж Садуль атындағы Тәуелсіз сыйлығының лауреаты; «Платиналы Тарлан» Тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2000).

    «Құрмет» орденімен марапатталған (1996).

    Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi (2005).

    Өзінің алғашқы «Жас аккордеоншының өмірбаяны» атты «жұлдызды» фильмі оны әлемдік деңгейдегі киношеберлер қатарына қосты. Оның алдында Нарымбетов бірнеше толықметражды көркем фильмдер мен деректі картиналар түсірген, оннан астам фильмдерге сценарий жазды, бірнеше повестер жинағын шығарған: «Тентек» («Бунтарь», 1969, қазақ тілінде), «Атлантида менің жан жарам» (1984, орыс тілінде), «Фантомды аурулар» (1991,қазақ тілінде) және т.б.

    «Жас аккордеоншының өмірбаяны» фильмі өз елімізде 1996 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болған. Сонымен қатар, ең беделді әрі әйгілі халықаралық кинофорумдарында жүлделер алып, санынан рекордқа жеткен. 

     

    Кинодағы рөлдері:

    • 1996-2000 Тоғысқан тағдырлар / Перекресток (хикая, Қазақстан) – сатып алушы

     

    Режиссер:

    • 2015 Аманат / Аманат (Қазақстан)
    • 2008 Мұстафа Шоқай / Мустафа Шокай (Ресей, Қазақстан)
    • 2005 Дала экспрессі / Степной экспресс (Қазақстан)
    • 2002 Ләйләнің зары / Молитва Лейлы (Қазақстан)
    • 1998 Омпа / Омпа (Қазақстан)
    • 1994 Жас аккордеоншының өмірбаяны / Жизнеописание юного аккордеониста (Қазақстан)
    • 1990 Созақтан шыққан Гамлет немесе Мамайя Кэро / Гамлет из Сузака, или Мамайя Кэро
    • 1987 Ауылдық күйеу бала / Зять из провинции
    • 1983 Күзгі бұралаң жолдар / Осенние извилистые дороги (қ/м, Жоғарғы режиссерлік курсының дипломы)
    • 1978 Балалық шағымның Дон Кихоты / Дон Кихот моего детства

     

    Сценарист:

    • 2015 Аманат / Аманат
    • 2002 Ләйләнің зары / Молитва Лейлы (Қазақстан)
    • 1998 Омпа / Омпа (Қазақстан)
    • 1994 Жас аккордеоншының өмірбаяны / Жизнеописание юного аккордеониста (Қазақстан)
    • 1993 Соңғы суық / Последние холода (Қазақстан)
    • 1990 Созақтан шыққан Гамлет немесе Мамайя Кэро / Гамлет из Сузака, или Мамайя Керо (кітап)
    • 1987 Ауылдық күйеу бала / Зять из провинции
    • 1983 Күзгі бұралаң жолдар / Осенние извилистые дороги (қ/м)
    • 1982 Қызыл қазақ үй / Красная юрта
    • 1979 Долана / Боярышник
    • 1978 Балалық шағымның Дон Кихоты / Дон Кихот моего детства
    • 1972 Шок пен Шер / Шок и Шер

     

    Жүлделері мен марапаттары:

    • 1996 Француз кино өнері академиясының Жоржа мен Рита Садуль атындағы жүлдесі (Париж, Франция)
    • 1996 «Арсенал» ХКФ Гран-при (Рига, Латвия)
    • 1995 Арнайы жүлде – ХКФ қазылар алқасының дипломы (Токио, Жапония)
    • 1995 8 ХКФ Үздік режиссура үшін қазылар алқасының арнайы жүлдесі (Инсбург, Австрия)
    • 1995 45-ші Берлин ХКФ қазылар алқасының арнайы жүлдесі
    • 1995 «Авторлық кино үшін» Еуропа киноқайраткерлері Халықаралық конфедерациясының арнайы жүлдесі - «Премьерс План» ХКФ (Алғашқы Еуропалық фильм-фестиваль, Анже, Франция)
    • 1994 III «Кино-шок» Ресей фестивалінің «Адамгершілік пен ақкөңілділік үшін» жүлде алған (Анапа)  
  • Жыл Фильмнің атауы
    1981 Қаскүнем Режиссер
    1982 Қызыл отау Сценарист
    1984 Күзгі бұралаң жолдар Режиссер
    1994 Жас аккордеоншының өмірбаяны Режиссер
    1994 Жас аккордеоншының өмірбаяны Сценарист
    1998 Омпа Сценарист
    1998 Омпа Режиссер
    2002 Ләйләнің зары Режиссер
    2002 Ләйләнің зары Сценарист
    2004 Дала экспрессі Режиссер
    2008 Мұстафа Шоқай Режиссер
    2015 Аманат Режиссер
    2015 Аманат Сценарист

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06