È

Венера Нығматулина

  • Венера Әбдірахманқызы Нығматулина — киноактриса, продюсер, сценарист,  «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалінің директоры. 

    1962 жылы 10 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

    Алғашында Венера Ибрагимова болып шығып жүрді.  

    КСРО және Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі (1987 жылдан бастап).

    Ташкент мемлекеттік көркем-театр институтының режиссерлік факультетінің «Театр және кино режиссері» мамандығын бітірген (1990). «24 бағдарлама», «Қазақстан кинематографистерінің шығармашылық портреттері», «Мен Сізге жазамын...» телебағдарламаларының продюсері, сценарийінің авторы, жүргізушісі. Толықметражды «Сіз кімсіз, Ка мырза?» ойнамалы фильмінің («Қазақфильм», 2009) продюсері. «Үмітті сезіну» («Қазақфильм») деректі фильмі сценарийінің авторы және режиссері.

    Қазақстан Кинематографистер одағының вице-президенті (2000–2002).

    ҚР Кино өнімін іріктеу және шығару жөніндегі сараптамалық-өндірістік комиссияның мүшесі (2003).  

    ҚР Спорт және туризм агенттіктері мен Халықаралық спорт ойындары шектерінде ұйымдастырылған спорт жайлы фильмдер байқауының қазылар алқасының төрайымы (2003).

    «Құрмет» (2008) орденімен және «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен марапатталған.

    2002 жылдан бастап «Шәкен Жұлдыздары» продюсерлік орталығы ЖШС бас директоры әрі Алматы Халықаралық кино байқауының бас директоры.  

    «Кино өнері» мамандығы бойынша Философия ғылымдарының докторы (2007).

     

    Кинодағы рөлдері:

    • 2016 Зәуре / Зауре (хикая, Қазақстан) – Венера, басты рөл
    • 2009 Арман қала | Город мечты (Қазақстан) - Әлия Сәбитова – басты рөл
    • 1996-2000 Тоғысқан тағдырлар | Перекресток (хикая, Қазақстан) - Мәдина Омарова / Зарема Смаилова – басты рөл
    • 1992-1997 Тарас Шевченко. Өсиет / Тарас Шевченко. Заповiт | Тарас Шевченко. Завещание  (хикая, Украина) – қазақ қызы Катя
    • 1991 Жебенің ұшуы | Полёт стрелы – басты рөл
    • 1991 Әйелдер түрмесі | Женская тюряга - Мәдина Ғалиева – басты рөл
    • 1990 Шығыс дәлізі немесе Рэкет | Восточный коридор, или Рэкет по...
    • 1989 Нокдаун / Нокдаун
    • 1988 Дүниеге келу үшін опат болу | Гибель во имя рождения
    • 1988 Бәріміз де аздап ат сияқтымыз  | Все мы немножко лошади
    • 1987 Ауылдан келген күйеу бала | Зять из провинции - Алма, Есеннің әйелі
    • 1986 Құрбандардың шағымы жоқ | Потерпевшие претензий не имеют - эпизод
    • 1983 Қасқыр шоқысы | Волчья яма - Мәриям,  Саматтың әпкесі
    • 1982 Бөтен бестік | Чужая пятерка - Нәсиба Кәрімқызы, мұғалім
    • 1981 Ауылдық  роман | Провинциальный роман - Гуля – басты рөл
    • 1980 Қиын балалар |  Невозможные дети - Айгүл - титрда В. Ибрагимова
    • 1979 Ағама қалыңдық |  Невеста для брата - Раушан

     

    Фильмге қатысуы:

    • 2006 ХХ ғасырдың қарақшылары. Ерёменко | Пираты ХХ века. Ерёменко – Нығматулин (деректі)

     

    Продюсер:

    • 2009 Сіз кімсіз, Ка мырза? | Кто вы, Господин Ка? (Қазақстан, Ресей)
  • Жыл Фильмнің атауы
    2009 Арман қала Актриса

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

2 февраля 2018, 23:47

Вечно молодая, красивая!

Қазір талқыланып жатқандар
Еркек

alert(1)

aaa

12 Февраля 14:48

Старик (Казахстан)

Cупер!

Egor

20 желтоқсан 21:05

Динара Егеубаева

Динара Егеубаева только и занимается пиаром и защитой геев, давно бы уже в голливуд подалась, а не сидела...

Georgy

11 Тамыз 18:53

Динара Егеубаева

https://fishki.net/anti/4383029-dariga-nazarbaeva-i-dinara-egeubaeva-snova-v-dele.html#comments

Denis

05 Мамыр 16:06