È

Азиз Жамбакиев: «Менің фильмімде қарапайым махаббат оқиғасы баяндалатын болады»

Азиз Жамбакиев: «Менің фильмімде қарапайым махаббат оқиғасы баяндалатын болады». Қазақстан киносы

Отандық кинооператор әрі композитор Азиз Жамбакиев өзінің алғашқы толық метрін түсіруді жоспарлап жүр. Бұл туралы ол «Хабар» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасында айтқан болатын. Қоюшы-оператор режиссер ретінде «Көбелек» атты қысқаметражды киносын таспалаған еді. Оның тұсаукесері биыл наурыз айында болып кетті.

«Режиссурамен толық айналысу үшін тек қана мамандығыңды ғана өзгертіп қоймай, ойыңды да, көзқарасыңды да өзгерту қажет. Дәл осы қасиеттер көптеген операторларға нағыз режиссер болуға көмектеседі деп ойлаймын. Мен бұл мәселеге өте сақ қараймын, сондықтан, алдағы уақытта түсіретін картинам арқылы өзімнің де, көрерменнің де тарапынан әрі қарай режиссерлікпен айналысы-айналыспауым белгілі болмақ. Қазігі таңда толықметражды картинаның сценарийі дайындалып жатыр. Сонымен қатар, фильмді қаржыландыру жағын да қарастырып жатырмыз. Бірақ, бұл өте қызықты жоба болатынына сенімдімін. Фильмнің негізгі тақырыбы – қайғылы жағдайға толы қарапайым махаббат хикаясы. Дегенмен де, оның да өзіндік жарқын соңы бар»,-деп бөлісті Азиз Жамбакиев.

Сондай-ақ, кинооператор сценарий толығымен 100% дайын болғанда ғана фильм түсірілімі басталатынын атап өтті.

Қазіргі таңда отандасымыз «Қан» атты ресейлік картинаның екінші түсірілім кезеңіне дайындалу үстінде. Оның режиссері - Артем Темников, ал бас продюсері - Евгений Миронов.

 

Суреттер Азиз Жамбакиевтің жеке Facebook парақшасынан алынған

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса