Баян Алагөзованың қызы қалыңдық атанды
Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбекке тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасалды. Бойжеткеннің болашақ жарының есімі – Әлішер, екеуі бірнеше жыл бойы кездесіп жүрген. Айсәуле қуанышты жаңалығымен Instagram арқылы бөлісіп, болашақ жарының суретін жариялады.
«Бүгін мен әлемдегі ең керемет жігіттің қалыңдығы атандым», - деп жазды бойжеткен.
Ұсыныс жанды оркестрдің сүйемелдеуімен «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында жасалды.
Баян Алагөзова өз кезегінде оқиғаның бейнежазбасын жариялап, былай деп жазған:
«Менің қызым, ҚАЛЫҢДЫҚ! Мен өте бақыттымын» (Орфография мен пунктуация сақталған. – Ред.).
Айта кету керек, жас жұп бірнеше уақыт бойы Америкада тұрған. Айсәуле мен Әлішер Hola Show бағдарламасына алғаш рет бірге шыққан болатын.
Превью: Баян Алагөзованың Instagram-дағы жеке парақшасынан
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
24 мамыр 2018, 02:09Ждем только СМИ и прессы. А так это не интересно.