È

Баян Алагөзова мен Мөлдір Әуелбекованың арасында дау туындап келеді

Баян Алагөзова мен Мөлдір Әуелбекованың арасында дау туындап келеді

KeshYou-дың бұрынғы солисті, Nazar тобының қазіргі продюсері Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзовамен жұмыс істегені жайлы баяндап берді. Әншінің сөзінше, продюсер KeshYou тобының қыздарын ашық-шашық киінуге мәжбүрлеген. Бұл туралы Мөлдір Stan.kz порталына берген сұхбатында айтып берді.

Баян Алагөзова да қарап қалмай, бұл мәлімдемеге өз жауабын берді. Продюсер БАҚ-тың Мөлдір Әуелбекованың сөзін тым әсірелеп жібергеніне сенімді болып отыр.

«Молечка, қызым менің, сен мұны шынымен айтып тұрсың ба??? Дарындым менің, сен қияли екенсің, ақылдым, әсіресе шарттарың мен қайта оралуыңа қатысты не дейсің. Осылайша «әдемі ән» салғаның қалай, мүмкін бірге отырып, сұхбат береміз, шындығында қалай болғанын көзіме қарап тұрып, айтып берерсің? Молечка, мен барлығын ұйымдастырып берейін, қай БАҚ-пен келісейін? Барлығы жақсы болады, уәде беремін. Дегенмен, БАҚ-тың тым әсірелеп жібергеніне және жарияланған мәліметтің шындыққа жанаспайтынына сенімдімін», - деп жазған Алагөзова өзінің Instagram-дағы парақшасына.

Мөлдір Әуелбекова дауды шешуге әлі асықпайтын көрінеді.

Еске сала кетсек, әнші 2006 жылдан 2012 жылға дейін KeshYou тобында болған. 2014 жылы ол қайта оралды, бірақ кейін Shine production-мен арадағы келісім-шартқа түбегейлі нүкте қойылды. Мөлдір Баян Мақсатқызымен бірге жұмыс істеген жылдары «Жұлдызға арналған коктейль» және «Жұлдызға арналған коктейль 2» атты екі фильмге түскен болатын.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер