ШҚО-да орналасқан Белоусовка ауылында жазғы кинотеатр құрылды
Белоусовка ауылында (Шығыс Қазақстан облысы) балалардың қуанышына қарай жазғы кинотеатр құрылды. Ашық аспан аясында кино көрсету идеясы ауладағы ата-аналардың біріне тиесілі. Олардың ойынша, балалар осылайша жазғы кештерін қызықты қылып өткізбек.
Кинотеатрды проектор арқылы экранды бірінші қабаттағы қылтималардың біріне созып тура аулаға қойған. Ал отыратын орындар газонда орналасқан. Бұл жақта жайлы орындықтардың орнына ыңғайлы төсеніштер мен жамылғылар қойылған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, репертуар аудиторияның жас шамасына қарай таңдалып отырады. Өйткені, басты көрермендер балалар ғой. Алғашқы көрсетілімдерінде «Босс-молокосос» пен «Ниндзя-тасбақалар» мультфильмдері қойылды.
Сурет: altaynews.kz
Айта кету керек, киносеансты балалармен қатар ересектер де көреді. Кіру тегін, сондықтан киноны кез-келген адам тамашалай алады.
Еске сала кетсек, дәл осылай Алматы қаласының Ботаникалық бағында да «КиноСад» жазғы кинотеатры жұмыс істеген еді. Қалалықтарға «Қазақша кәсіп», «Жігіт пен қыз» және «Келінка Сабинаның» екі бөлімі көрсетілген болатын.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін