«КиноСад» жазғы кинотеатрының алғашқы көрсетілімі өтті. Фоторепортаж
Алматы қаласы ботаникалық бағында «КиноСад» атты жазғы кинотеатрдың ашылуы болып өтті. Ендігі кезекте қаланың тұрғындары мен қонақтары әр сенбі сайын таза ауада сүйікті фильмдерін тамашалай алады.
Игі іс-шара «Бизнес по-казахски» отандық фильмінің көрсетілімімен басталды. Ашық аспан астында отырып, фильм көруге келген қалалықтардың саны аз болмады. Көрсетілім басталмай тұрып-ақ, отыратын орын қалмады. Бірақ бұл фильм тамашалауға кедергі келтірген жоқ, көпшілігі өздерімен бірге әкелген жамылғыны астарына төсеп, көк шөпке отыра кетті.
Алғашқы көрермендердің арасында картинаның түсірілім тобы да төбе көрсетті. Яғни, режиссер Жеңісхан Момышев, актер Жан Байжанбаев, актриса Гүлназ Жоланова және фильм директоры Рустам Юсупов келді.
Мәдени шараның бас демеушісі - Қазақстан Халық банкі аясындағы «Халық» қайырымдылық қоры. Ал ұйымдастырушылар – «Басты ботаникалық бақтың даму қоры» және «Бродвей» кинопорталы.
Көрсетілімге кіру тегін.
«КиноСад» жазғы кинотеатры жұмысының бірінші күнінің қалай өткенін арнайы фоторепортаждан көруді ұсынамыз.
Фото: Әлішер Сүлейменов
Суреттер үшін «Тұран» университетінің «Кино және телевидение академиясы» факультетіне алғыс білдіреміз.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін