È

VIII BAIQONYR кинофестивалінің Ұлттық байқауының қазылар алқасы

VIII BAIQONYR кинофестивалінің Ұлттық байқауының қазылар алқасы

VIII «Байқоңыр» кинофестивалінің Ұлттық байқауының қазылар алқасы құрамына бес елден жеті адам кірді.

Қазылар алқасының төрағасы:

Тристан Примяги (Эстония) – кинотанушы және публицист, Эстонияның жетекші басылымдарының авторы, Sirp - мәдениет туралы апта сайынғы газеттің редакторы. «Жылдың киносыншысы» номинациясы бойынша Эстония киносыншылар бірлестігінің жыл сайынғы сыйлығының лауреаты. 2010 жылдан – Таллиндегі Docpoint халықаралық деректі фильмдер фестивалінің ұйымдастырушысы.

Қазылар алқасының мүшелері:

Сардана Саввина (Саха Республикасы (Якутия), Ресей) – Якут киноклубының продюсері, ұйымдастырушысы және жүргізушісі, 2021-2023 жылдары – «Сахафильм» кинокомпаниясының директоры. «Костер на ветру» (2016), «Ага» (2018), «Надо мною солнце не садится» (2019), «Нет бога кроме меня» (2019), «Река» (2019), «Холодное золото» (2021), «Не хороните меня без Ивана» (2022) фильмдерінің продюсері.

Әділет Қаржоев (Қырғызстан) - режиссер, сценарист, продюсер, Орталық Азиядағы Америка университетінің «телевизия, кино және бейнелеу өнері» департаментінің басшысы (АУЦА), Орталық Азиядағы деректі кино мектебінің директоры. Оның «Сары Ой» (2011, деректі) фильмі Golden Saffron Film Festival (Түркия), «Әл-Жазира» (Катар), «Бастау» (Қазақстан), «Алтын Витязь» (Ресей) Халықаралық кинофестивальдерінің жүлделерімен марапатталды. Сондай-ақ «Рахмет, дәрігер» (2016, деректі фильм), «Соңғы би» (2018, деректі фильм), «Карусель» (2019, қысқа метражды фильм), «Қара вагон» (2021, деректі фильм) картиналарын түсірді.

Марина Белоокая (Беларусь) – кинотанушы, өнертану кандидаты, Беларусь Ұлттық Ғылым академиясының Беларусь мәдениетін, тілін және әдебиетін зерттеу орталығының экрандық өнер бөлімінің аға ғылыми қызметкері. Беларусь Кинематографистер одағының мүшесі.

Сергей Лаврентьев (Ресей) – кинотанушы, киносыншы және педагог, «Ника» Ресей киноөнері академиясының академигі, Чебоксар Халықаралық кинофестивалінің бағдарламалық директоры және көркемдік жетекшісі.

Данияр Алшинов (Қазақстан) – актер. «Қап-қара адам» фильміндегі басты рөлді сомдағаны үшін Сан-Себастьян халықаралық кинофестивалінде (2019) European Cinematography Awards сыйлығымен марапатталды. 2022 жылы Канн кинофестивалінде тұсауы кесілген француз режиссері Тьерри Пуароның «Инфинити» мини-сериалындағы екі басты рөлдің бірін сомдады. Сондай-ақ, «Ничего личного» (2015), «Районы» (2016), «Жених на пять дней» (2018), «Жаным, ты не поверишь!» (2019), «Бой Атбая» (2019), «Коллективный иммунитет» (2021), Happy End (2021), «Штурм» (2022), «Время патриотов» (2022), «Адемока» (2022) фильмдерінде ойнаған.

Ақтолқын Баджанова (Қазақстан) – дыбыс режиссері. «Дипломмен ауылға» фильміне (2019, режиссер Самғар Рахим) қатысып, IV Халықаралық Baiqonyr кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы сыйлығын алды, сондай-ақ «Бастау» кинофестивалінің лауреаты атанды.

Естеріңізге сала кетсек, VIII BAIQONYR кинофестивалі 2023 жылдың 6-10 қыркүйек аралығында Алматыда "Арман" киноорталығында өтеді. Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді.

Фестиваль жаңалықтарын baiqonyr.kz сайтынан және біздің Instagram және Facebook парақшаларымыздан baiqonyrfilmfestival қараңыз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса