È

КОРЕЙ АНИМАЦИЯСЫ BAIQONYR-ДА ҚОНАҚТА

КОРЕЙ АНИМАЦИЯСЫ BAIQONYR-ДА ҚОНАҚТА

Оңтүстік Кореяның анимациялық киносы соңғы онжылдықта бүкіл әлемде миллиондаған жанкүйерлерге ие болды. Елдегі анимация индустриясы өркендеп келеді, ал Үкімет анимацияны ХХІ ғасырдың ең перспективалы салаларының бірі деп санайды.

Сондықтан Корей анимациялық киносының күні VIII Baiqonyr Халықаралық кинофестивалінің конкурстан тыс бағдарламасындағы ең қызықты оқиғалардың бірі болады деп күтілуде.

Ол Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы мәдени алмасу жылына арналған корей-қазақ анимациясының үлкен арнайы жобасы аясында өткізіледі. Корей тарапынан серіктес Пучхондағы Халықаралық анимация фестивалі (BIAF).

Жобаның өзі Корея Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі құрған халықаралық мәдени алмасу қорының (KOFICE) бастамасымен ұйымдастырылып отыр.

8 қыркүйекте өтетін іс-шараға корей елінен анимациялық режиссерлер Ли Сон Ган мен Им Черин келеді. Олар өздерінің «Ханшайым Айя» (толық метражды) және «Мен жылқымын» (қысқа метр) мультфильмдерін ұсынады және шығармашылық кездесулер барысында көрермендердің сұрақтарына жауап береді.

Жалпы, бұл күні төрт киносеанс өтеді. Алдымен әр түрлі жанрдағы қысқаметрлі корей мультфильмдерінің екі блогы көрсетіледі - барлығы 10 фильм.

Ал кешкі уақытта толықметражды туындылар көрсетіледі. Аталған «Ханшайым Айядан» басқа көрермендер режиссер Ен Сан Хоның «Шошқа патшасын» да көреді.

Алайда, бұл шара тек кинокөрсетілімдермен шектелмейді - білім беру компоненті де маңызды орын алады. Им Черин дәріс оқиды, ал Ли Сон Ган қазақстандық жас авторларға шеберлік сабағын өткізеді.

Кинематографистермен бірге Оңтүстік Кореяның K-Pop мәдениетінің өсіп келе жатқан жұлдызы Пэк А Ен де келеді, ол «Ханшайым Айя» мультфильмінде басты кейіпкерді дауыстаған. K-pop жанрының қазақстандық жанкүйерлерін үлкен тосынсый күтіп тұр –олар кешкі көрсетілімдер арасындағы үзілісте Пэк А Еннің жанды орындауындағы екі әнді тыңдай алады.

Естеріңізге сала кетсек, VIII Baiqonyr кинофестивалі 2023 жылдың 6-10 қыркүйек аралығында Алматыда өтеді. Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өткізіледі.

Фестиваль жаңалықтарын baiqonyr.kz сайтынан және біздің Instagram және Facebook парақшаларымыздан - baiqonyrfilmfestival қарай аласыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер