Досхан Жолжақсынов
-
Кәсібі
Актер, Режиссер, Продюсер, Сценарист
-
Туған күні
07.10.1951
-
Туған жері
Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан
-
Жанрлар
Әскери кино, Драма, Тарихи фильм, История, Комедия, Криминал, Шытырман оқиғы фильм, Ретро, Советский, Спорт, Көркем фильм, экшн
-
Фильмдердің саны
6
-
Бірінші фильм
-
Соңғы фильм
-
Досхан Қалиұлы Жолжақсынов - актер, режиссер, сценарист, продюсер.
1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Ақсуат ауылында туған.
1969 жылы Құрманғазы атындағы өнер институтының театр факультетіне (КСРО Халық әртісі Хадиша Бөкееваның шеберханасына) оқуға түседі.
1972 жылы ол Балалар мен жасөспірімдер театрының қосалқы тобына қабылданды, 1993 жылы осы театрдың директоры болып тағайындалды. 2000 жылы өз еркімен қызметінен босатылды. Қазақстанның Халық әртісі (1995), Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1996).
Кинодағы рөлдері:
- 2009 Бөрілердің әділ соты / Правосудие волков | Mika i Alfred - Виктор Иванович, (титрда жоқ)
- 2003 Голгофқа әрқайсысы шығады / Каждый взойдет на Голгофу (хикая, Қазахстан, Ресей) - Қаратас – басты рөл
- 2000 Чек/ Чек - Сәкен
- 1996 Мерген Хомучи / Стрелок Хомучи (Қазақстан, Моңғолия)
- 1994 Үндемеу кодексі-2 / Кодекс молчания-2 (Ресей, Өзбекстан) - Садық Баларгимов
- 1990 Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет / Пегий пес, бегущий краем моря (КСРО, Германия) - әкесі – басты рөл
- 1990 Тағыланған иттерді қаумалау / Облава на одичавших собак
- 1987 Махаббат, достық пен тағдыр туралы / Про любовь, дружбу и судьбу - Керім – басты рөл
- 1986 Жәбірленушілердің наразылықтары жоқ / Потерпевшие претензий не имеют - Ілияс Сахметұлы Садықов, тергеуші – басты рөл
- 1986 Махаббат қиялдары / Миражи любви (КСРО, Сирия)
- 1984 Ақ ібілістің тұқымы / Потомок Белого Барса - Мұңсызбай
- 1984 Жарқыраған әлем / Блистающий мир - Акунахара
- 1983 Ай астындағы үй / Дом под луной - Дәуіт
- 1981 Бұлақ - эпизод (титрда жоқ)
- 1980 Алтын күз / Золотая осень
- 1979 Жеңімпаз / Чемпион – Ілияс Шәріпұлы
- 1974 Бұлақ
Продюсер ретінде:
- 2006 Жоғалған жұмақ / Потерянный рай (Қазақстан)
- 2003 Голгофқа әрқайсысы шығады / Каждый взойдет на Голгофу (хикая, Қазақстан, Ресей)
Жүлделері мен марапаттары:
- 1996 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
- 1982 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.
-
Жыл Фильмнің атауы 1998 Омпа Актер 2003 Әркім Голгофқа шыға алады Актер 2005 Көшпенді Актер 2009 Біржан сал Режиссер 2009 Лавэ Актер 2009 Біржан сал Актер -
2 пікір
Пікір қалдыру үшін
Gulzhan Kaya
10 маусым 2014, 21:04Талантлив и красив!
Даник
22 января 2018, 01:14Аса дарынды киноактер! Құрметтеймін! Тек соңғы уақытта фильмдерге түспей жүргені қынжылтады...