Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлікті рейдерлікпен басып алу туралы толықметражды «ГОК» фильмі толыққанды прокатқа шықты
24 мамыр күні Алматыда «ГОК» атты қазазстандық фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Шараға түсірілім тобы, журналистер, қоғамдық пікір көшбасшылары мен режиссерлер қатысты. 25 мамырдан бастап көрермендер фильмді отандық кинотеатрлардан көре алады.
Іс-шарада басты кейіпкердің прототипіне айналған тұлға – Титан-цирконий рудаларының Обухов кен орнында жұмыс істейтін «Тиолайн» ЖШС құрылтайшысы Виктор Долгалев осынау сан қырлы оқиғаны жан-жақты әңгімелеп берген болатын.
Кәсіпорын қызметіндегі барлық қиындықтарды біле тұра, идея авторы Виктор Долгаев фильмнің сюжетіне аса шытырман оқиғаларды қосып, оны соңғы минутына дейін қызықты ету үшін сценарист ретінде де жұмыс істеді.
«ГОК» – «крышасы» жоқ және ықпалды меценаттарсыз жұмыс істейтін елдегі бизнестің шындығын дәл жеткізетін Қазақстандағы жалғыз бейнежазба. Біз алдымызға шындықты еш қоспасыз, ең бастысы, шектен шықпай көрсетуді мақсат етіп қойдық. «ГОК» елдегі табысты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда болған және кейде болып жатқан оқиғалардың барлығының айнасына айналды. Елімізде мұндай лас бизнестің қанат жаюына неліктен жол беретінімізді түсінсек, бүкіл қоғамның ең маңызды мәселелері айқындала түседі», - деді Виктор Долгаев фильм туралы.
Сондай-ақ сценарист Линара Айтпаева іс-шара қонақтарымен ашық сұхбаттасады, олар шынайы оқиғаларды максималды түрде өнер түріне көшіруге тырысты.
«Картинаның көрермендері залдан керемет әсерсіз кетпейтіні сөзсіз. Мәселе заң бойынша емес, «концепциямен» шешілетін қоғамның белгілі бір салаларында әрекет ететін бейресми «ойын ережелерін» жақсы білетін әрбір қазақстандыққа фильм жақын әрі түсінікті болады. Экшн әуесқойлары үшін біз төбелестің, қудалаудың және арпалыстың әсерлі көріністерін түсірдік, оларсыз нағыз қылмыстық драманы елестету мүмкін емес. «ГОК» кино өнерінің үздік дәстүрлерін ұстанады – ол көрерменді оқиғалар атмосферасына батырады», - деп атап өтті Линара Айтпаева.
Еске салайық, криминалдық драма Солтүстік Қазақстан облысындағы бай пайдалы қазбаларды тартып алып, шетелге сату әрекеті туралы баяндайды. Оқиға кәсіпорын құрылтайшысынан бастап, салық басқармасының жемқор басшысына дейін қақтығыстың әртүрлі қатысушыларының көзімен баяндалады. Сюжетке сәйкес, Қытайдан келген бизнесмендер ресейлік олигархтармен және қазақстандық жемқор шенеуніктермен бірлесіп, тау-кен байыту комбинатын сатуды заңсыз ұсынады: олардың әрқайсысы елді тонап, өз жемтігін алуды жоспарлап отыр. Бұл ретте кәсіпорынның жүздеген қызметкері көшеде қалып, тау-кен байыту комбинатының құрылтайшысы әрі директоры әділдік үшін күресте өз өмірін қию қаупі бар. Фильм үлкен қылмыстық жүйенің тістеріне айналған әртүрлі кейіпкерлердің өткенін қарастырады.
Картина көрерменіне қиын сұрақ туғызады – шетелдіктер біздің еліміздің аумағында қалайша осындай заңсыздық жасай алады? Олардың елдерінде дәл осылай істеуге болар ма екен? Сюжет отандық ірі өнім мен ар-ожданды оп-оңай сатуға дайын жергілікті шенеуніктердің жемқорлығын әшкерелейді.
Алдын ала көрсетілім барысында мәртебелі меймандардың бірі, театр және кино актері Тұңғышбай Әл-Тарази сөз сөйледі:
«Бұл фильм кешегі, бүгінгі уақыттың айнасы дер едім әрі қазақ кино өнерінің кезекті бір белеске көтерілуінің айғағы. Расында, қазақ кино өнерінің тарихында экшн, криминал, детектив жанрындағы фильмдерді жоқ дей алмаймыз. Алайда, толық метражды «ГОК» фильмінен заманауи шындықты, уақыттың деңгейін, бүгіннің көрінісін аңғарамыз. Бұл фильм сонысымен әрі сапасымен құнды. Актерлердің рөлдерін сомдауынан, картинаның мазмұнынан, материалдық-техникалық көркемдігінен мін табылмайды», - деп атап өтті ол сөзінде.
«ГОК» жобасын американдық тәуелсіз Libertus Film кинокомпаниясы қазақстандық Olzahzavre Film Factory киностудиясымен бірлесіп түсірген. Режиссері – бірқатар қазақстандық және ресейлік жобаларды жасауға қатысқан Олжас Боялбаев.
«ГОК» фильмінің продюсері 30-дан астам халықаралық кино мен музыкалық жобаларды ұйымдастырған Михар Сажле.
Фильмдегі рөлдерді белгілі қазақстандық актерлар Әзиз Бейшеналиев («Ликвидатор», «Всемогущий», «28 панфиловшылар»), Жан Байжанбаев («Бизнес по-казахский», «Той любой ценой», «Рэкетир»), Анатолий Креженчуков («Фара», «Анаға апарар жол», «Аманат»), Еркен Ғұбашев («Бизнесмены», «Замуж в 30», «Ласковое безразличие мира»), Елжас Рақым («Свободный»,«Когда ангелы спят»), Сергей Уфимцев («Анаға апарар жол», «Мұстафа Шоқай», «Ликвидатор»), қытайлық актерлер Чу Цзы Чан, Ван Сянь және т.б. сомдады.
Еске салайық, 2021 жылы Қазнет детективтік триллер элементтері бар криминалдық драма жанрында түсірілген «ГОК» жалпы атауымен қысқаметражды фильмдердің вирустық сериясын кеңінен талқылап, 2,5 миллионнан астам қаралым жинады. Шығарылған фильм бұрын түсірілген материалды да, сценаристтердің жаңа идеяларын да біріктіреді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін