È

VII BAIQONYR ISFF қазылар алқасымен танысу

VII BAIQONYR ISFF қазылар алқасымен танысу

Ұлттық байқауға өткен фильмдерді беделді халықаралық қазылар алқасы бағалайтын болады. Қазылар алқасын Саха республикасынан келген ресейлік режиссер және оператор Эдуард Новиков басқарады, ол Ресей кинематографистер одағының және кинорежиссерлер гильдиясының мүшесі, Саха фильм кинокомпаниясының жетекші режиссерлерінің бірі. 2018 жылы оның «Патша құсы» атты туындысы Мәскеу Халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған.

Қазылар алқасының құрамына бес елдің сарапшылары кіреді. Эдуард Новиковтан басқа Ресейден Адиля Хайбуллина мен Евгений Майзель бар.

Адиля Хайбуллина - Татарстан киносыншысы, кинотанушы, Қазан театр училищесінің оқытушысы, «Бизнес Online» шолушысы.

Евгений Майзель - кино сыншы, кинотанушы, Еуропадағы ең көне «Кино өнері» журналының тұрақты авторы және редакторы. «Мәскеу премьерасы» Халықаралық кинофестивалінің бағдарламалық директоры. «Содружество» халықаралық киномектебінің кураторы.

Сондай – ақ, қазылар алқасының құрамында Әзірбайжан кинорежиссері, Баку халықаралық қысқаметражды фильмдер фестивалінің директоры Фехруз Шамиев бар.

Көрші Қырғызстаннан кинорежиссер және сценарист Нұржамал Қарамолдоева келеді. Оның қызметтік тізімінде - халықаралық кинофестивальдерде бірнеше жеңістер бар.

Сонымен бірге алыс шетелден BAIQONYR фестивалінің қазылар алқасының жұмысына кинотанушы, Кенгсанг Ұлттық Университетінің (Оңтүстік Корея) профессоры, Бусан кинофестивалінің эдвайзері және Корей кинокомитетінің кеңесшісі Хонг Санг Ву келеді.

Қазақстаннан қазылар алқасының құрамына продюсер және сценарист Анар Жүнісова кірді, ол көрермендерге, атап айтқанда, «Финансист. Игра на вылет» және «Игрок» жобаларымен таныс.

Естеріңізге сала кетсек, VII BAIQONYR International Short Film Festival 7-11 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Арман» киноорталығында өтеді. Дәстүрлі түрде Baiqonyr фестивалінің ұйымдастырушысы еліміздің жетекші кинопорталы – «Бродвей» (brod.kz).

Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді. Ақпараттық қолдауды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ көрсетеді.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері «Хабар» және El Arna телеарналары, «Жұлдыз FM» және «Эльдорадио Алматы» радиостанциялары, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Baribar.kz, 365 Info.kz, «Экспресс К» интернет порталдары, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», Almaty Aqshamy, «Вечерний Алматы» және «Комсомольская правда Казахстан» басылымдары.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер