È

Халықаралық байқаудың қазылар алқасымен танысу

Халықаралық байқаудың қазылар алқасымен танысу

Халықаралық байқауға ұсынылған қатысушылардың киножобаларын фестивальдік дәстүр бойынша қазақстандық қазылар алқасы бағалайтын болады. Оның құрамына Гүлнар Әбікеева, Рустам Юсупов, Айдын Сахаман және Дина Тасбулатова кірді.

Қазылар алқасының төрайымы - ең танымал қазақстандық кинотанушы, Қазақстан киносыншылары қауымдастығының президенті, өнертану докторы Гүлнар Әбікеева.

Ал продюсер Рустам Юсуповтың есебінде бірнеше сериалдар мен ондаған фильмдер бар, олардың арасында отандық прокаттың аңызына айналған «Қазақша бизнес» бар. Ал бүгінде ол Salem Social Media компаниясының бас директоры қызметін атқарады.

Дина Тасбулатованы тек Қазақстан ғана емес, «Алтын Орда» сериалының арқасында актрисаны бүкіл орыс тілді киносүйер қауым таниды.

Ал табысты режиссер Айдын Сахаман фестивальге екі формада - халықаралық байқаудың қазылар алқасының мүшесі және фестивальді ашатын фильмді жасаушы ретінде қатысады. 7 қыркүйекте ашылуында көрсетілетін оның «Дос Мұқасан» картинасы 2022 жылдың ең көп күткен премьераларының бірі болып табылады.

Естеріңізге сала кетсек, VII BAIQONYR International Short Film Festival 7-11 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Арман» киноорталығында өтеді.

Дәстүрлі түрде Baiqonyr фестивалінің ұйымдастырушысы еліміздің жетекші кинопорталы – «Бродвей» (brod.kz).

Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді. Ақпараттық қолдауды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ көрсетеді.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері «Хабар» және El Arna телеарналары, «Жұлдыз FM» және «Эльдорадио Алматы» радиостанциялары, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Baribar.kz, 365 Info.kz, «Экспресс К» интернет порталдары, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», Almaty Aqshamy, «Вечерний Алматы» және «Комсомольская правда Казахстан» басылымдары.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса

Берік Арықбаев

Актер