È

Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті – ТМД елдерінің кинотанушылары мен сыншыларының форумы туралы

Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті – ТМД елдерінің кинотанушылары мен сыншыларының форумы туралы

6-10 қыркүйек аралығында Алматыда VIII BAIQONYR кинофестивалі өтеді. Фестивальдің маңызды оқиғаларының бірі - ТМД елдерінің кинотанушылары мен сыншыларының II форумы болмақ. Бұл іс-шара туралы жетекші отандық кинотанушы, өнертану докторы, Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнара Әбікеева өз ойларымен бөлісті.

- Біз кинотанушылар үшін форумның маңыздылығы туралы айтатын болсақ, мен алыстан – Францияның мысалынан бастағым келіп тұр.

Көптеген елдерде ұлттық кино күндерін өткізу және оларға танымал журналистерді, киносыншыларды, дистрибьюторларды, фестиваль таңдаушыларды шақыру тәжірибесі бар – әр елде форматы әртүрлі. Мысалы, Францияға 300-ге жуық маман келеді. Бұл ауқымды шара. Ал Венгрияда қарапайым - 30 адам ғана. Бірақ мағынасы барлық жерде бірдей. Кез-келген киноны жарнамалайтын кәсіпқойлар осындай күндерге шақырылады, сондықтан олар фильмдерді көруге ғана емес, сонымен қатар жергілікті актерлермен, режиссерлермен кездесуге, түрлі жобалардың презентацияларына қатысуға мүмкіндік алады.

Францияға жасаған сапарым есімде. Көптеген кинокөрсетілімдерден басқа, Жан Брунно, Жюльет Бинош және басқа да танымал француз киноматографистерімен сұхбат алу мүмкіндігі болды. Яғни, осындай іс-шарада бірнеше күн өткізгеннен кейін, сіз үйге кеудеге толы әсерлермен, нешетүрлі сұхбаттармен, кино туралы жазбалармен және тағы басқалармен ораласыз.

Форум, менің түсінуімше, әлі қалыптасу сатысында, тек өзінің орнын іздеуде. Мұнда басты назар – Baiqonyr фестиваліне, онда көрсетілетін жас киномен танысу. Бірақ бұл форум уақыт өте келе мен айтқан форматқа жететініне сенемін.

Егер өткен жылы форумға бес адам келсе, бұл жолы Алматыға түрлі елдерден 20 кинотанушы мен киносыншылар ағылады. Бұл белгілі, күшті, кино жазатын кәсіпқойлардың жиыны! Фестивальдің бес күні олар қарым-қатынасқа ашық, қазақстандық кинематографта қандай да бір маңызды оқиғалар болып жатқанын түсінеді, олар бұл туралы сөйлесуге, басқа елдердегі әріптестерімен бірге ой жүгіртуге, өз әсерлерімен бөлісуге мүдделі. Сондықтан мен форумды, ең алдымен, қазақ киносын кең мағынада ілгерілету мүмкіндігі ретінде көремін.

Сонымен қатар, бағдарлама – ол өзінше бір әңгіме, бірақ working progress деген ұғым бар. Бұл қазірдің өзінде түсірілген, бірақ кинофестивальдерде әлі көрсетілмеген жұмыстар. Менің ойымша, Baiqonyr дәл осы форумда осындай фильмдермен таныстыра алады. Мысалы, Елзат Ескендірдің «Әбіл», Дархан Төлегеновтің «Қонақтар», Данияр Саламаттың «Талақ», Кенжебек Шайкаковтың «Айқай», Максим Кодаровтың «Ароматное сердце», Шарипа Оразбаеваның «Тұл» және бес режиссердің қаңтар оқиғалары туралы Qaitalanbasyn фильмі сияқты тамаша картиналары бар.

Сонымен бірге бұрын шығарылған, бірақ басқа елдерден келген әріптестерімізге таныс емес фильмдер бар: Айдын Сахамановтың «Дос-Мұқасаны», Алдияр Байрақымовтың «Паралимпиадашы», Айсұлтан Сейітовтың «Қаш» картиналары. Немесе Сан-Себастьянға шақырту алған Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі.

Яғни, менің ойымша кинофорумның міндетін де осы.

Фестиваль ұйымдастырушыларының мұндай іс–шараны ойлап тапқаны керемет! Себебі бүгін - бұл ТМД болса, келесі жылы формат кеңірек болуы мүмкін: Еуропа, Азия, Америка. Baiqonyr фестивалінің маған ұнайтыны - ол кішкентайдан үлкенге қарай жылжиды және оның даму көкжиегі шектеу жоқ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер