È

Санжар Мәди

Фильмография рейтингі :

5.17 (22 фильмдер )

Амплуа
Кезең
с по
  • Санжар Нұрланұлы Мәдиев - актер.

    1986 жылы 4 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.

    Халықаралық Лингвистика гимназиясын бітірді, кейін Қазақ Ұлттық университетінде «экономика» факультетінде оқыды. Оқуын университет магистратурасында жалғастырып, сонымен қатар Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқыды. 2008 жылы магистрлікті қорғап, театр режиссері мамандығы бойынша академиядағы оқуын жалғастырды. New York Film Academy-да (Лос-Анджелес, Калифорния) Film Making  мамандығы бойынша білім алды.

    Кинода «Кері жағы» фильмі арқылы дебют жасады (2009).

    2014 жылы үйленді. Әйелі - Мөлдір Мәдиева. Бір қызы бар. 

     

    «Жоғарға оқу орнына экономика факультетіне түсуге емтихан тапсырып, оқуға түскенді растайтын қағазды алғаннан кейін де, еркін тыныстай алмадым. Кенет үйде тамақтанып отырған кезде, менде «Неге мен актерлікке тапсырмадым?» деген сұрақ туындады.

    2-курста болса керек, радиодан кездейсоқ жарнамаға адамдар керек дегенді естіп қалдым. Бірақ, ол кезде оның не мекен-жайын, не телефонын есте сақтамадым, бірақ осылай өзімді актер ретінде байқап көруге болатынын ойладым. Үйге келіп, жарнамалық агенттіктерді іздей бастадым. Өзімнің түйіндемемді 4-5 агенттікке жіберіп, кездесуге келістім. Бірақ ұзақ уақыт бойы қорытындысы шықпады, тек 2-курстың соңында маған хабарласып, алғашқы жарнамаға түсуге ұсыныс білдірді. Бұл 7Я дүкенінің жарнамасы болатын. Осыдан кейін NURSAT Cards жарнамасы,  MEGACOM қырғызстандық телефон байланысы, «Соз», «Тянь - Шань», ACTIV, «Бумеранг» тарифіне жарнамаға түстім.

    Содан кейін тағы да кездейсоқ «Лавэ»,  «Өмір-уылдырық» фильмдерінің кастингіне бардым. Өзіммен бірге суретім болмағандықтан, аулаға шығып, ұялы телефонымызға  суретке түсе бастадық. Бір айдан кейін маған хабарласып, «Іздестіру» («Кері жағы») фильміне сынаққа шақырды. Мені жағымды және жағымсыз рөлдерге байқап көріп, соңында жақсы полицейдің рөлін ұсынды.

    «Кері жағы» фильмі шыққаннан кейін, мені «Арман қала» фильміндегі болашақ бағдарламасымен оқитын студенттің рөліне шақырды, сонымен қатар «Елім-ай» хикаясына ұсыныс түсті, ол жақта Астана қаласында құрылыс академиясында жұмыс істейтін сәулетшіні сомдадым. Осы фильмдерді аяқтауға жақын қалғанда, Алматы жастары жайында баяндайтын «Қызғылт қоян туралы ертегі» фильмінде жағымсыз кейіпкердің рөлін сомдауды бастап кеттім». 

  • Жыл Фильмнің атауы
    2009 Кері жағы Актер
    2009 Арман қала Актер
    2010 Қызғылт қоян туралы хикая Актер
    2011 Оралу - Елім-ай Актер
    2011 Айша Актер
    2011 Елім-ай Актер
    2012 Жүрегім менің - Астана Актер
    2012 Құрбылар Актер
    2013 Атты жүріс Актер
    2014 Елес аңшылары Актер
    2014 Өлім періштесі Актер
    2014 Fake: Өзіңді сақта Актер
    2014 Марко Поло Актер
    2015 Сағы сынбаған Актер
    2015 Құстар әні Актер
    2015 Аманат Актер
    2016 Әміре Актер
    2016 30-да күйеуге шығу Актер
    2017 Алтын орда Актер
    2017 Желіде Актер
    2018 Мен - күйеу жігітпін Актер
    2018 Кәсіпкерлер Актер
  • «Аманат» Asian World Film Festival байқауында көрсетілді

    Сатыбалды Нарымбетовтың фильмі «Оскар» жүлдесінен үмітті 

    Санжар Мәдиев масайратқан махаббат жайлы клип түсірді

    Актер әрі режиссер Санжар Мәдиев жақында Сон Паскальдың «Amore ubriaco» аудармасы «Масайған махаббат» атты әніне бейнеклип түсірілімін аяқтады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Gulzhan Kaya

10 маусым 2014, 20:43

Красивый парень,талантлив.Вживается в образ.Марк Д. отдыхает)))

Қазір талқыланып жатқандар
Пролетая над ласточкиным гнездом

Nestled in the heart of the city, Adessobistro is a charming coffee shop that offers a warm and inviting...

adessobistro Coffee

30 Маусым 12:40

Едоки картофеля

Cупер!

ivan.dalmatov.88

09 Февраля 12:10

КарЛАГ в Бильбао: начало съемок казахстано-испанского фильма для Netflix

Liga788 serves as a specializing in comprehensive coverage of sports events.

songakare

26 Января 21:03