È

«Аманат» Asian World Film Festival байқауында көрсетілді

«Аманат»  Asian World Film Festival байқауында көрсетілді

«Аманат» атты қазақстандық драма Asian World Film Festival кинофестивалінде шетелдік көрерменнің назарына ұсынылды. Лос-Анджелесте өткен көрсетілімге зал толы көрермен жиналды. Фильм түпнұсқа тілде, ағылшын тіліндегі субтитрлармен жүрді.

«Аманат» - Қазақстанның тұңғыш тарихшысы Ермұхан Бекмахановқа арналған тарихи фильм. Ол өзінің еңбектері үшін 25 жылға жер аударылған. Картинаны «Қазақфильм» киностудиясының базасынд режиссер Сатыбалды Нарымбетов түрірді.

Лентаның продюсері Арман Асеновтың айтуынша, фильм осыдан алты жыл бұрын және Кенесары хан туралы түсірілмек болған. Бірақ бұл тақырып әлі де күрделілеу болғандықтан басқа фильммен қатар «Аманат» картинасы жарыққа шықты.

Драма отандық прокатта табысты болды. Бюджеті 300 мың долларлық кинолента отандық прокатта 500 мың доллар табыс әкелді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Аманат» фильмі Қазақстаннан «Оскар» жүлдесіне «Шет тіліндегі үздік фильм» категориясы бойынша ұсынылған болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер