È

Қазақстандық кинодағы 10 «ақымақ қыз»

Қазақстандық кинодағы 10 «ақымақ қыз»

1желтоқсанда экранға Асқар Ұзабаевтың «Гламур для дур» комедиясы шығады. Осы фильмнің шығуын күтіп жүргенде редакция отандық кинодағы бас кейіпкерлері ақымақ қыздар болып келетін он фильмді іріктеп көрді. Көп жағдайда ақылды қыз деп айтуға келмейтіндерді жұрт ақымақ қыз деп жатажы. Міне, бүгін біз осы ақымақ кейіпкердердің ондығын ұсынып отырмыз.

«Ғашық жүрек»

Басты кейіпкер - Моля. Ол - «ауылдан келген ақымақ қыз». балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірім қыз ересектердің өмірінен хабары жоқ. Оның екі арманы бар: танымал әнші болу және ханзада мейрамбек Беспевты өзіне ғашық ету. Оған айналасындағылардың бәрі келеке етіп күле қарағанымен Моля басқалар секілді нәзік емес, өзін өзі қорғай алады. Керек кезде қарсыласына қарымта қайтара алады, ол өзінің бақытқа бастар жолынан таймақ емес. Сонымен? Әрине, ол танымал әнші де болады, Мейрамбекке тұрмысқа да шығады.

«16 қыз»

Күләш тәте. Ол - «мазаны алғыш туысқан». Бас кейіпкер бауыржанның тәтесі - сапасы күмәнді бренд заттарды жақсы көреді. Енді оған міндетті түрде ішік керек, онсыз тәтенің өмірі өмір емес. Айтпақшы ішікті тікке костбю бойынша суретші Нұрлан Батыров, ол Ессіз Әйел жайлы өзінің вайндарымен танымал.Күліш тәтеге арман болған ішікті әкеп беру үшін бас кейіпкерлер әбден әбігерге түседі, жолда түрлі жағдайларға тап болады, бірақ соңында әйтеуір барлығы жақсы аяқталады.

«Инопланетяне ни при чем»

Бизнесменнің көңілдесі. Ол - «ерке қыз». Ішімдік ішеді, бір көрген еркекпен көңіл жарастыра кетеді, бұл жақсы қасиеттер емес. Жылы жақтарға барудың орнына ол басына бәле тауып алады, бұл келеңсіздіңтердің ең кішісі – орманда аюмен кезігуі.

«Келинка Сабина»

Алтыншаш. Тип - «бас кейіпкердің жан құрбысы». мейірімді, аңқау ауылдың қызы үнемі Сабинаға қолдау білдіреді, Сабинаның кейбір сөздерін тіпті түсінбесе де ылғи да құрбысын жақтайды. Ақылы таяздау болғанымен, мейірімді, шаруаға пысық. Алтыншаш келіннің көңілсіз күндерін көңілдендіруге тырысады, оған нағыз достықтың не екенін түсіндіреді, өмірге басқа көзқараспен қарауға көмектседі.

«Мальчик-с-пальчик, или Грибы мстители с Марса»

Адамжегіштің әйелі. Ол - «шизофреничка». Түсініксіз әрекеттерге бейім. Ол Түркияға кетердің алдында үлкен қазанға саңырауқұлақтан сорпа пісіреді. «Ал мүмкін ұшақ апатқа ұшырап, рейс кейінге қалдырылар…» Осы дәмсіз саңырауқұлақ сорпасы Адамжегіш ееуінің пәтеріне суға түскенде киетін алқызыл баскиім киген бір топ жас жігіттің орналасуына себеп болады. Адамжегіштің әйелі өзінің он бір қызын зханхадаларға тұрмысқа беруден үмітін үзбейтін. Сондықтан ол жаңғы жігіттерді күйеуібалалыққа үміткерлер деп түсінді. Алайда оқиға қайғылы аяқталды.

«Побег из аула. Операция Маххабат»

Айка, Айсұлудың құрбысы. Ол - «өзінше гламур қыз». Оның ата-анасы кедей адамдар емес, дегенмен ол бай жігітті өзіне қаратқысы келеді. Сондықтан оның барлық әрекеті осыған бағытталған. Ол өзінің құрбысы Айсты жігіті Санжардың қадірін білмейсің деп айыптайды. Үнемі әдемілікке қызығады, еркектерді ақшасына қарай бағалайды.

«Лотерея»

Сафура. Ол - «пайдакүнем әйел». Өзінің пайдасы үшін бәріне әзір. Оның кішкентай туысқан інісі лотореядан көп ақша ұтып алған кезде ол да басқа да тақыс туытарына қосылып, қалай да қомақты ақшаны алып қалғысы келеді. Ол өзін, күйеуін ренжіткендерді аямайды. Сафура ауылда тұрғанымен ол ЖенПИ-ді аяқтаған, ол мұны мақтан тұтады, үнемі өзінң филологиялық білімін алға татып отырады. Төбелеске бірінші араласады, төбелес алаңынан бірінші жарақаттанып кететін де өзі.

«Замуж в 30»

Әнелдің бұрынғы жігітінің қалыңдығы. Ол - «классикалвқ ақымақ қыз». Аяғы ұзын, әдемі қыз. Ол үнемі көйлек және биік өкшелі аяқ киім киеді. Контактідегі статусты оқығажетерлік ақылы бар, бірақ дұрыс есте сақтауға ақылы жете бермейді.

«Joker»

Ника. Ол - «қарапайым сүйкімді қыз». Аңқау бақырайған көздері, аздап сақаулығы бар, күрделі жағдайларға тап болғыш. Ника бас кейіпкер Чинаның батылдығына көлеңке түсіріп, түрлі жағдайларға тап болу арқылы оған көмектседі. Оның көріпкелдік қасиеті бар, бірақ бұл қандай да бір шешім қабылдарда өзіне кедергі келтіреді. Егер Ника болмаса, Чина өзінің ата жауын жеңе алмас еді.

«Молоко. Сметана. Творог»

Сүт сатушы Жібек. Тип - «саудагер». Жібектің өмірі қарапайым жеті заттың айналасында өрбиді. Ол үшін бастысы - сүт бизнесін дамыту үшін несие алу. Басқасы оны қызықтырмайды. Ол сиқырдың күшімен банкте істейтін қызметкер қызбен екеуінің орны ауысып кеткен кезде өмірдегі басқа да салмақты мәселелерге тап болады. Жібектің жауапкершілігі артып, шешім қабылдауға үйренеді, көп нәрсені түсіне бастайды. Фильмнің соңында оның жеке өмірі де ретке келіп, өзінің әріптесіне тұрмысқа шығады.

Қорыта келе айтарым, жоғары аталған кейіпкерлер әртүрлі: мейірімді, әсерлі, мінезді, тікбақай, бірақ өте жарөқын персонаждар, әрқайсысының өз оқиғасы бар. Біздің «ақымақ» деп отырған атауымыз - жай ғана образды ашу үшін жай ғана қолданылған шарттылық. Мұндай образдар режиссерлердің фильмдерін жандандыра түседі. Ал біз қазір «Гламур для дур» комедиясын күтудеміз, бас кейіпкер Ұлжан ғажап болады деп үміттенеміз.

Варвара Литвинова

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер